Араб көктемінің» геосаяси салдарларын талдаңыз

«Араб көктемі» деп араб әлемінде 2010 ж. 18 желтоқсанда басталған бүліктер мен ылаңдарды айтамыз. Оған Тунис, Египет, Йеменде төңкерістер, Ливияда (тәртіптің құлауына әкелген) және Сирияда (жалғасуда) азаматтық соғыстар, Бахрейнде азаматтық көтеріліс, Алжир, Ирак, Иордания, Марокко мен Омандағы жалпыхалықтық наразылықтар және Кувейт, Ливан, Мавритания, Сауд Арабиясы, Судан, Джибути мен Батыс Сахарада орын алған қарсылықтар жатқызылады. Наразылық көресту барысында ұзақ кампаниядағы азаматтық қарсыласудың әдіс-амалдары қолданылды: демонстрациялар, митингілер мен шерулер, ереуілдер, сонымен қатар мемлекеттік репрессия мен интернет-цензура талпыныс жағдайында ұйымдасу, тіл табысу және ақпараттандыру үшін әлеуметтік медианың пайдаланылуы. Көптеген бой көрсетулер биліктің, проүкіметтік жасақтар мен контр-шерушілердің зорлық реакциясына тап болды. Араб әлеміндегі көтерілісшілердің негізгі ұраны «Халық тәртіптің құлағанын қалайды» деген сөздер болды. Араб көктемінің атауы 1848-1849 ж. Еуропадағы революциялар кезеңінің Халық көктемі деп атаған түсінігімен үндеседі. «Араб көктемі мен қысы», «арабтық ояну», «панарабтық революция», «арабтық көтерілістер» деген атпен белгілі ереуілдер мен шерулердің барлық қатысушылары өздерін арабтарға жатқызбады. Хронологиялық түрде ол 2010 ж. қазандағы батыс Сахарадағы наразлықтан, ал шын мәнісінде 2010 ж. 18 желтоқсанда Тунистегі Мохамед Буазизидің полицейлер жемқорлығына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеуінен кейінгі наразылықтардан басталды.

Ереуілдердің геосаяси салдары жалпыхалықтық назарды өзіне аударды, сонымен қатар кейбір көтерілісшілерді Нобель сыйлығына ұсыну туралы болжамдар да пайда болды. Йеменнен шыққан Тавакуль Карман Араб көктемінің аса көрнекті көшбасшысы ретінде 2011 ж. Нобель сыйлығының 3 лауреаттарының бірі атанды. Араб елдерінің басшылары бірінен соң бірі өзіндік реформалар жүргізе бастады (Кувейт, Иордания, Оман, Алжир), бірқатар елдерде (Египет, Ливия, Тунис) үкімет алмастырылды я қызметтен шеттетілді, Сауд Арабиясы мен Бахрейнде қарсылықтар басып-жаншылды, Сирияда оппозицияның үкіметпен қақтығысуы жалғасуда, Йемен президенті билікті жеке қолсұқпаушылыққа айырбас ретінде беруге келісті. Египет, Сирия, Ливия, Йеменде радикалды исламистердің позициялары күшейді. Профессор Ши Цзяньсюньнің айтуынша, «2-дүниеж. соғыстан кейін әлемде осындай кең көлемді және ауқымды тәртіпсіздіктер болып көрген емес». Халықаралық Қаржы Фонды Араб көктемінің бағасын есептеді, негізгі елдердің шығыны 55 млрд. долларды құрады. 2013 ж. 10 қазанда HSBS британдық банкі 2014 ж. соңына қарай ең көп зардап шеккен 7 мемлекетте ЖІӨ 35 %-ға көтеріліс болмаған жағдайдағы көрсеткіштен кем болатынын жариялады. 2014 ж. соңына қарай Таяу Шығыс экономикасы 800 млрд. доллардан айырылады. Египеттегі оқиғалардан кейін Суэц каналы арқылы мұнай керуенінің өтуіне балта шабылды. Ливиядағы толқулар есебінен мұнайға деген баға өсті. 23 ақпанда баррель үшін 100 долларды құрады. 2011 ж. Араб көктемі уақытында оны шарпыған елдерден миграция шыңы байқалды, Ероодаққа 140 мыңдай адам қашқан еді. Еврейлік сарапшы Петер Аппелдің пікірінше, Араб көктемі стихиялы құбылыс емес, ол әлемдік қаржы дағдарысы мен батыс зиялыларының солшыл көңіл-күйлерін эксплуатациялайтын батысқа қарсы күштердің көмегімен дайындалды. Революция барысында зайырлы режимдер жапа шекті. Негізгі салдары:

1. Араб монархиялары революцияны бастан кешіре алды

2. АҚШ енді көшбасшы емес. Араб көктемі АҚШ-тың аймақтағы дип-қ позицияларын әлсіретті. АҚШ әлі де супердержава, алайда ол Таяу Шығыстағы оқиғаларға өзіндік өң бере алмайды.

3. Сунниттер шииттерге қарсы

4. Иран – жеңімпаз.

5. Ирактық Күрдістан халқы ғасырлық арманы, яғни өз мемлекетіне қол жеткізуге жақындап қалды. Ирак президенті Саддам Хусейн тәртібі күйрегеннен кейін солт-тегі күрдтер өз автономиясын құрды. Өз жалауы, әнұраны, қарулы күшіне ие болды, Түркиямен байланыстар орнатты.

6. Әйелдер араб көктемінің құрбанына айналды. Өз бостандықтары мен саяси құқықтарын талап еткен әйелдер зорлау мақсатындағы шабуылдарға ұшырады.

7. Әлеуметтік желілердің потенциалы асыра бағаланған болып шықты.

8. Дубайда жылжымайтын мүлік нарығы дами түсті.

Бірқатар арб мемлекеттернде секулярлы авторитарлы тәртіптің орнына исламдық «бейімдегі» квазидемократиялық тәртіп келді.

 

58. Француз геосаяси мектебін талдаңыз (Видаль де ля Блаш, Ж.Ансель)

Ж. Ансель (1879 - 1943) саяси география мен франциялық геосаясаттың синтезін өздерінің жұмыстарында іске асырған алғашқы француз геосаясаткері. Ол Ф. Ратцельдің тұжырымдамалық ыңғайының құндылығын мойындады. Ансельдің негізгі еңбектеріне "Геосаясат" (1936) және "Шекаралар географиясы" (1938) жатады.

Ансель "Геосаясат" кітабында "табиғи шекаралар" идеясы, шынайылыққа жақын емес, тек теориялық тұрғыдан, абстракты кескін ретінде болатындығын ескерді. Қарастырылған тарихи мысалдар, ол тіпті өзен, тау, теңіз, шөл болғанына қарамастан, қандай да бір физико - географиялық шарттардың жоқ деген ойларын дәлелдейді. Ансель жалғыз табиғи барьер ретінде - адамдардың жоқтығын айтады. "Шекара - екі халықтың өмірлік күштері арасындағы тепе - теңдігінің нәтижесі. Оның абсолютті құндылығы жоқ. Оның тек салыстырмалы құндылығы бар".

Ансель шекараны кедергілер немесе онымен байланысты ұстанымдармен емес, "оның ішінде болып жатқандармен" анықтайды. Неміс геосаясаткерлері сияқты Анхель де, динамикалық шекараға жақтасады. Шекара - мемлекеттің өмірімен өмір сүреді. Шекара "тұрақты емес, жылжымалы, өзгермейтін емес, икемді, қозғалмалы емес, құбылмалы".

Ансель ұлт дегенді "өмір сүрудің әртүрлі қалпының әуендестікте үйлесімділігі" деп түсіндірді.

Ансель көпдеген француздық географтардың пікірлерін қарастыра келе, неміс геосаясатының деңгейінің төмендігін жіне онда ғылыми қаталдық пен объективтіліктің жоқтығын, сонымен қатар неміс геосаясаткерлерінің нацизм идеологиясын бағынышты екендігін көрсетеді. Ж. Ансель, геосаясат - тек германдық экспанцияның идеологиясы ғана емес, объективті ғылым деп есептеген, өзінің дәуірінің соңғы географы болды. Т. А. Михайлов ескергендей, Ансель пацифистті кескінде болатын, халықтар арасындағы қатынасты зерттеуге көмектесетін "геосаясатты оқуды" ойлап табуға тырысқан.

‘’Адам географиясы’’ (П. Видаль де ла Блаш)

Поль Видаль де ла Блаш (1845—1918) — негізінен географиялық ортаның адамға әсерін, жергілікті табиғат жағдайларының осы аймақтың тарихына әсер етуін қарастыратын «адам географиясы» мектебінің негізін қалаушы. 1891 жылы Видаль де ла Блаш “Annales dc Geographic” журналының негізін қалады. Кәсіби географиямен қатар, Видаль де ла Блаш Ратцельдің «саяси геоографиясымен» қызықты және осы әдебиет көзіне негізделіп ө теориясын құрды, алайда ол неміс геосаяси мектебінің көптеген аспектлерін сынға алды. Видаль де ла Блаш көзқарасы географиялық және тарихи аса бай француз ойлары әсерінен, сондай-ақ неміс саяси географиясын критикалық түйіндеу әсерінен қалыптасты. Видаль де ла Блаш теориялық ережелері көбіне геосаясаттың негізін қалаушы Ратцель концепцияларына қарсы келді. Егер Ратцель концепциясының басты назарында кеңістік, мемлекеттің географиялық орналасуы және «территория қажеттілігімен» байланысты «кеңістік сезімі» түсінігі болса, Видаль де ла Блаш концепциясының центрінде адам тұрды, осы арқылы геосаяси мәселелерді түсінудің өзіндік француз альтернативті нұсқасы болып табылатын саяси географияда «антропологиялық мектептің» негізін қалады. XIX ғысырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы саяси географиясымен салыстырғанда Видаль де ла Блаш географиялық фатализмнен алыс болды. Ол адам еркі мен ынтасына көп маңыздылық берді. 1898 жылы Ратцельге арналған мақалада Видаль де ла Блаш алғаш рет «адам табиғат та сияқты географиялық фактор ретінде қарастырылуы мүмкін», жер шарындағы процестерге пассивтіден гөрі белсенді, бірақ оқшауланған түрде емес, табиғи кешен аясында әсер ететін және бағыттайтын географиялық фактор деген тезисті ұсынды.

«Францияның география көрінісі» (1903) кітабында Видаль де ла Блаш неміс геосаятшылары үшін аса маңызды жер теориясына сүйенеді: «Францияда жер мен адам арасындағы қатынастар ерекше ежелділік, үздіксіздік сипатымен анықталады. Біздің еліміде адамдар бұрынғы уақыттан бір жерлерде тұратынын байқауға болады. Су бастаулары, кальцилі жартастар адамдарды тұратын және қорғанышта болатын ыңғайлы орындар ретінде қызықтырды. Бізде адам – жердің оқушысы. Жерді зерттеу халықтың сипатын, әдептерін және талғамдарын анықтауға көмектеседі. Бірақ, географиялық факторға және оның мәдениетке әсер етуіне мұндай қатынасқа қарамастан, Видаль де ла Блаш Ратцель және оның ізбасарлары табиғи факторды негізгі деп қарастыра отырып, асыра бағалайтыны анық деп санайды. Видаль де ла Блаш пікірінше, адам сондай-ақ «ең маңызлы географиялық фактор» және сол уақытта оның «ынтасы бар». Ол декорацияның фрагменті ғана емес, ол қойылымның бас актері. Ратцеьдің кеңістіктік факторды асыра бағалау критикасы Видаль де ла Блашты ерекше геосаяси концепцияның - “поссибилизмнің” (лат. possibilis — мүмкін) пайда болуына әкелді. Бұл концепцияға сәйкес, саяси тарихтың екі аспекті бар –кеңістіктік (географиялық) және уақытша (тарихи). Географиялық фактор қоршаған ортада тарихи түрде – адамның (ынтаға иеленушінің) өзінде көрініс табады. Видаль де ла Блаш пікірінше, неміс «саяси географтарының» қателігі – рельефті мемлекеттердің саси тарихының детерминирлеуші факторы деп санауы. Осы арқылы тарихилық және адам еркіндігі факторы төмендетіледі. Видаль де ла Блаш географиялық кеңістіктік орналасуды «потенциалдылық», «мүмкіндік» деп қарастыруды ұсынады, бұл мүмкіндік өзектендіріліп, нақты саяси фактор болуы да, өзектендірілмеуі де мүмкін. Бұл негізінен берілген кеңістікті мекендейтін субъективті фактор – адамға байланысты.