Күш әсерінен пайда болатын серіппедегі деформацияларды зерттеу
Материал
"TESS-Mechanics ME1" материалынан алынған (Артикул 13271.88)
№ | Атауы | Артикул | Мөлшер |
Штатив, универсалды | 02001.00 | ||
Штативты өзек, тот баспайтын болат, 18/8, l = 600 мм, d = 10 мм | 02037.00 | ||
Дөңгелек және тікбұрышты өзектерге арналған қысқыш қаптама | 02043.00 | ||
Ойықтары бар кірлерге арналған ұстауыш , 10 г | 02204.00 | ||
Гір, 10 г, қара | 02205.01 | ||
Гір, 50 г, қара | 02206.01 | ||
Спиральды серіппе, 3 Н/м | 02220.00 | ||
Спиральды серіппе, 20 Н/м | 02222.00 | ||
Бекіткіш болт | 03949.00 | ||
Шыны түтікке арналған ұстауыш | 05961.00 | ||
Рулетка, l = 2 м | 09936.00 |
Тәжірибелік материал
Орнатуды сипаттау
Штативты және штативтік өзекті сур. 1 және сур. 2 сәйкес жинаңыз.
![]() | ![]() | ![]() |
Сур. 1 | Сур. 2 | Сур. 3 |
Рулетканы шыны түтікке арналған (сур. 3) ұстағышқа бекітіңіз және екі бөлікті штативқа бекітіңіз. Бекіткіш болтты қысқыш қаптамаға орнатыңыз (сур. 5) және спиральды серіппені 1 іліңіз (сур. 6).
![]() | ![]() | ![]() |
Сур. 4 | Сур. 5 | Сур. 6 |
Рулетканы 0 көрсеткіші серіппенің аяғында етіп орнатып іліңіз ( сур. 7 және 8 қараңыз)
![]() | ![]() | ![]() |
Сур. 7 | Сур. 8 | Сур. 9 |
Орындалу тәртібі
— Гірлерге (m = 10 г) арналған ұстағышты серіппеге іліңіз және ұзаруды Δl (сур. 9) 1 кестеге жазыңыз.
- Массаны 10 г нан жалпы масса 50 г дейін көбейтіп, сәйкес ұзартуларды Δl 1кестеге енгізіңіз.
— Салмақты есептеңіз (күшті) Fg = m × 0.00981 Н∕г.
— Салынған күштен серіппе ұзартуының тәуелділік графигін құрыңыз. Бұл тәуелділіктің сипаттамасы туралы қорытынды жасаңыз
— Серіппенің қаттылығын табыңыз k=mg/Δl
![]() | ![]() |
Сур. 10 | Сур. 11 |
Кірді ұстағышқа ілу үшін кірді ұстағыштың аяғына ілу қажет (сур. 10 қара).
— Серіппе 1 серіппе 2 ауыстырыңыз. Рулеткадағы 0 бөлгішін серіппе аяғының бір деңгейде қайта болу керек. .
— Массасы 10 г (жалпы массасы 20 г) гірлерге арналған ұстағышты спиралды серіппеге іліп, ұзартудыΔl 1 кестеге жазыңыз.
— Жалпы масса 200 г дейін жеткізбегенше массаны әрдайым 20 г, көбейтіңіз.
— Барлық мәндерді 1 кестеге жазыңыз және әр жағдайда серіппеге әсер ететін күшті есептеңіз.
— Салынған күштен серіппе ұзартуының тәуелділік графигін құрыңыз. Бұл тәуелділіктің сипаты туралы қорытынды жасаңыз.
— Екінші серіппенің қаттылығын табыңыз k=mg/Δl
Штативты бөлшектеп, сары кнопкаларға басыңыз (сур. 11).
Лшемдер нәтижесі
Кесте 1.
m (г) | F (Н) | Серіппе 1 Δl (см) | Серіппе 2 Δl (см) | m (г) | F (Н) | Серіппе 1 Δl (см) | Серіппе 2 Δl (см) |
- | |||||||
- | |||||||
- | |||||||
- | |||||||
- |
Нәтижелер сараптамасы
— Күш және ұзартудың қандай өзарабайланысы графиктен көрінеді?
— Екі серіппенің бір бірінен қандай айырмашылығы бар?_______________________________
— Екі серіппеге арналған нүктелер бір түзуде жата ма?
— Серіппе ұзартуы Δl жүктер салмағына Fg және массасына m пропорционалды бола ма?
— Үлкен қаттылық коэффициенті бар серіппеге арналған графикте қандай айырмашылық бар?