APZ басқару жүйесі жабдықтарының құрамы

 

CPS орталық процессорының ішкі жүйесі бағдарламаларды басқару мен мәліметтерді өңдеу функциясын атқарады, CPS-тің 100% резервілеуі бар, орталық процессорлардың 8 модуліне дейін тұра алады. Әр модуль синхронизациялық режимде жалпы жүктемеге істейтін 2 процессордан (СР-А және СР-В) тұрады және жүктеменің ең көп болған сағатында 144000 шақыруға дейін өңдейді. Модульдер әрекеттестігі процессораралық байланыс шиналары көмегімен іске асады.

Процессор жадысы келесіден тұрады:

- байланыс орнатуға арналған PS-технологиялық бағдарламалар жадысы; жабдықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін бақылау және диагностика; бағдарламалардың есте сақтау қондырғысы сыйымдылығы 1024 Ксөз, ұзындығы 16 бит;

 

RPS регионалдық процессорлар ішкі жүйесі орталық процессордың жүктелуін азайта отырып, жиі қайталанатын тапсырмаларды орындайды. RPS ішкі жүйесінің негізгі функциясы болып сканирлеудің бақылау нүктесінің күйінің өзгеруі туралы орталық процессорға келетін коплекттер мен хабарламаларды сканирлеуді айтады. СР бір процессорына бір уақытта 512 RP регионалдық процессорды қосуға болады. СР және RP әрекеттестігі қабылдау және жіберу шиналары арқылы іске асады. Коммутация жүйесінің комплектілеріне RP қосылуы ЕМ қосылған модульдер арқылы іске асырылады.

MAS техникалық қызмет көрсету ішкі жүйесі СР жұмысын бақылайды және ақаулар бойынша шаралар жүргізеді.

 



Байланыс бағыты бойынша жүктемені үлестіру диаграммасы

 

Бұл бөлімде байланыс бағыты бойынша АМТСЭ түсетін жүктемені есептеп үлестіру және әр бағыттағы шақырулар санын анықтаймыз.

Келесі түсініктерді енгізейік: жүктеме көздері, телефон жүктемесі, ең көп жүктеме сағаты, орта және есептелген жүктеме, шығындар, шоғыр.

 

Жүктеме көздері

АМТС-ке түсетін жүктеме көздері тапсырысты, тапсырысты-байланыстырушы желілер және берілген АМТС-ке қосылған кіріс қалааралық арналар болып табылады.

 

Телефон жүктемесі

АМТС-тің телефон жүктемесі жүктеме көздерінен келіп түметін шақырулардан құралған. Жүктемені N жүктеме көздері санынан, бір жүктеме көзіне келген С шақыруларды орта санынан және Т коммутациялық құралдардың бос болмауынаң орташа ұзақтығынан келе есептеледі:

(1)

Телефон жүктемесінің өлшемі – уақыт, жүктеме шамасы жекеленген бос ьолмауларға сәйкес келетін уақыт аралықтарынан кұралады және сағат-бос болмаумен есептеледі (ч-зан). Бір сағат-бос болмау – бұл бір сағат аралығында үзіліссіз бос болмаған жүктеменің бір көзімен пайда болатын жүктеме. Егер телефон жүктемесін ол есептелген приод ұзақтығына жатқызса, онда жүктеме қарқындылығы деп аталатын шаманы аламыз. Телефон жүктемесі қарқындылығының бірлігі Эрланг деп аталады. Бір Эрланг (Эрл) – бұл бір сағат аралығында бір сағат бос болмауға қызмет көсетілетін жүктеме қарқындылығы.

Келіп түсетін жүктеме қарқындылығының шамасын есептегенде, жүктеменің түрлі көздерін ескереді, себебі түрлі көздер үшін шақырулардың орташа саны және бос болмаудың орташа ұзақтылығы әр түрлі

(2)

мұндағы, У – келіп түсетін жүктеме қарқындылығы;

Nі , Сі , Ті - бір жүктеме көзіне келетін сәйкесінше көздер саны, шақырулар орта саны және бос болмаудың орташа ұзақтылығы.