Штангалы сорап қондырғыларымен жабдықталған ұңғыманы зерттеу
Сораптық скважиналарды зерттеу.
Сораптық скважиналарды зерттеу кезінде:
1) штангіге түскен күштерді анықтайды.
2) гидродинамикалық зерттеулерді жүргізеді.
1. Штангіге түскен күштерді анықтау. (динамометрирование)
Штангілерге түскен күштерді анықтау үшін арнайы аспап қолданады. Оларды динамограф деп атайды.
Динамограф арқылы динамограммаларды алады, ол штангілердің жүрісіне байланысты, оларға түскен күштерді график арқылы көрсетеді.
Сальникті штокқа түскен күштер сорап қондырғысының параметрі және жұмыс режимі, сорап жабдығының жағдайы және жеке түйіндерінің жұмыс сипатымен анықталады.
Динамограф қарапайым және ыңғайлы болғандықтан сорап қондырғысының жұмысын бақылауда кеңінен таралған құрал болып табылады.
Динамографтар гидравликалық, механикалық және электрикалық болады.
Гидравликалық динамограф ГДМ-3М, негізгі екі бөліктен тұрады. Салмақ өлшейтін, және салмақты жазатын.
ГДМ-3 динамограф сызбасы
1-жіп, 2-шкив, 3-жүру винті, 4-бағыттауыш, 5-стол, 6-перо, 7-геликсті серіппе, 8-капиляр тұтік, 9-поршень, 10- қуыс, 11-месдоза, 12- рычаг.
Билет № 25
1. Газдыдайындау.Газөзініңшыққанжерінентұтынушығажеткенше, кейдемындағаншақырымқашықтықтатасымалданғанданешетүрліклиматтықзоналардыкесіпөтеді. Бұлжағдайдадайындаудыңмаңызыартады, магистралдыққұбырларменөтетіңгаздыңқұрамынансудыңшығыпкетпесіүшін, оны шықнүктесінедейінкептірудіңмаңызызор. Газконденсаттықкенорындарынпайдаланғандабасқа да қосымшаталаптаркерекетіледі. Ұңғыөніміненкөмірсутекконденсатынбөліпалусияқты. Газ жәнегазконденсаткенорындарындағыгаздыөңдегендемынасияқтытехнологиялыққондырғыларқолданылады:
- Төменгіқызуайырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін);
- Арнаулы мұздатқыш машиналардан шығатын суықпен істейтін төменгі қызулы айырғыштар;
- Газды сусыздандыру және бензинсіздендіру үшін абсорбциялайтын қондырғы;
- газды адсорбция (гликолдық) жолмен кептіру үшін арналған қондырғы;
- Қиыр Солтүстіктегі кенорындарында қолданылатын мұзеріткіштері бар қондырғы.
Газды кептіру және тазалау кенорындарында немесе магистралдық газ құбырларының бастапқы ғимараттарында жасалады. Газдың кептірілуі газ құбырында су буы және кристалло гидраттар түзілмейтін дәрежеде өту керек.
2.
Бұрғылау мұнаралары қауіпсіздікке тәуекелмен байланысты болады:
ауыр механизмдердің қолданылуы, үлкен қондырғыларды қолмен басқару,
қиын өндіріс жағадайлары. Жоғары аталған сұрақтарға көңілдің ерекше бөлінуі, жұмыс кезінде мейлінше көп бақылауға алынды. Қауіпсіздікті қадағалау жүйесі бұрғылаудың ажырамас бөлігі бола бастады, ал қоршаған ортаны қорғау шараларының деңгейі тұрақты түрде жоғарылуда.
Бұрғылау жұмыстарының негізгі қалдықтары бұрғылау ерітіндісі мен ұсақталған тау жынысы (шлам) болып табылады. Шламды, әдетте, борттың сыртына, немесе құрлықтағы бұрғылау кезінде, үлкен шұңқырға тастайды.
Операторлар қалдықтардың азаюына немесе химреагенттердің
улылығын төмендуіне назарларын аудартады. Оған шламды сол жерде
өндеуге, түп маңынан шламды жоюға арналған жабдықтар, бұрғыланған
жыныстарды уатуға орталық қондырғылар, экологиялық зиянсыз ерітінділер
өз үлесін қосады. Қоршаған ортаға зиян келтіретін пайдаланған ерітінділер,
әдетте қондырғыға жіберіліп, қайта өндіріледі.
Экологиялық міндеттер құрылыс мекеніне байланысты өзгереді.
Мысалы, тұз ерітінділері шельфтерді бұрғылауда ешбір проблема туғызбаса,
бірақ егер бұрғылау күріш далаларының маңында жүргізілсе, экологиялық мәселені көтереді. Сондықтан бұрғылау ерітіндісінің дұрыс түрін таңдау үшін құрылысқа дейін экологиялық жағдайды зерттеу қажет.
Көп жағдайда бұрғылау тиімділігі сәйкесінше бұрғылау ерітінділерінің
зиянды түрлерінен артады. Басқа жағынан, бұрғылаудың жоғары тиімділігі қалдықтарды азайтады. Орталық қондырғыда бұрғыланған жыныстарды уату қанағатты болу мүмкін, бірақ оларды жағаға тасымалдау қызметшілердің қауіпсіздік тәуекелін арттырады.
Бұл сұрақтар әрдайым күрделі болғанымен, әрқашан қосымша
шығындармен байланыспайды. Операторлардың экологиялық проблемаларға
назарының артуы үлкен прогреске жетті, ал мұнай өнеркәсібінің қоршаған ортаға қауіпті деген мәселесі қазіргі кезде көп жағдайда актуальді емес.
Бұрғылау ұңғыларының түрлері мен саны кеніштің түрі мен оның құрылысына, қабаттағы көмірсутектердің көлеміне, кеніштердің орналасуына, қоршаған ортаны қорғау мақсатында кен орындарын игеру процесіндегі жағдайларға байланысты таңдалады. Бұрғылаудың негізгі мақсаты өнімді қабатқа дейінгі барлық қабаттардан дұрыс өту болып табылады. Көп жағдайда бұрғылау кезінде жоғарыда жатқан қабаттарды бұрғылау көп қиындықтарға толы болады.
Бұрғылау және барлау жұмыстары кезінде, шельф кен орындарын игеру және пайдалану кезінде, мұнай мен газды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау. Жағалаулардың және су бетінің ластануларын жою. Апаттар зардаптарын жою және оларды жинау техникасы мен технологиясы.
Практика көрсететіндей, көптеген апаттар:
- бұрғылау технологиясының бұзылуы;
- жерүсті қондырғыларының ақаулары;
- бұрғылау жұмысын жүргізетін жұмысшылар квалификациясының төмендігі;
- өндірістік процесті ұйымдастырудың қанағатсыздығы;
- өндірістік тәртіптің бұзылуы салдарынан болады.
Мұнай айлақтарында танкерге мұнайды тиеу және түсіру кезінде өнімнің ағып кетуі; балластық судың теңізге тасталуы, теңіз және суасты ұңғымаларындағы және мұнай құбырларындағы апаттар; өндірістік қалдықтардың теңізге тасталуы теңіздің мұнаймен ластануына және теңіз организмдерінің қырылуына әкеліп соғады.
Күрделі апаттарғабұрғылау кезіндегі фонтанның атқылауы мен лақтырылуы, ұңғыманы игеру және бұрғылау; суасты өнім құбырларының, магистральды мұнай құбырларының жарылуы, сонымен қатар су асты және су үсті мұнай сақтағыштарындағы жарылыстар мен апаттар жатқызылады.
Апаттар сонымен қатар суасты грифондардың салдарынан болады. Бұл грифондар флора мен фаунаға үлкен қауіп төндіреді. Мұнай теңіз түбінен көтеріле отырып, жоғары концентрациялы ластаушылары бар ерекше қауіпті зоналарды құрайды.
Ашық фонтандаудың алдын алу үшін тізбек басының, фонтандық арматураның, арматураның фланцеті және бұрандалы қосылыстарының және құбырлардың, саңылаусыздығын жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Ал барлық ақауларды уақытылы түзету қажет.
Ұңғыма сағасы ағып жатқан сұйықты жинауға арналған табандықпен қамтылады. Бұл табандық өз кезегінде ақаба суларын жинауға арналған сыйымдылықпен байланыстырылады.
Ұңғымалардағы апаттар және оларды жою.
Ұңғымада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудегі көп еңбекті қажет ететін және қиын жұмыстар, ол ұңғыма түбіндегі апаттар мен қиыншылықтарды жою жұмыстары.
Пайдалану ұңғымаларындажиі кездесетін апаттардың түрінемыналар жатады:
- екі қатар СКҚ – ның металл сальникпен немесе ұңғыманы пайдалану процесінде қалыптасқан құмды тығынмен қысылып қалуы;
- СКҚ – ның бір және екі қатарының ұшып кетуі;
- тереңдік сораптарымен, штангамен (немесе штагасыз) жабдықталған сору құбырларының ұшуы;
- батырмалы электр сорабының ұңғымада қалып қоюы;
- ұңғымаға бөлшек заттардың құлауы немесе қалып қоюы.
Қысылып қалған құбырларды жоғары көтеру.Әдетте тығынмен құбырдың төменгі бөлігі қысылып қалады. Кей жағдайда пайдалану ұңғымасының жоғарғы бөлігінде бұзылу салдарынан қысылып қалу жағдайы кездеседі.
Құбырларды қысылып қалу жағдайынан босатудың бір әдісі - әрлі берлі жүру. Әрлі – берлі жүруді құбырлар тізбегін керу арқылы жүргізеді. Керу кезіндегі жүктеме осы құбыр диаметріне арналған ажырау шарттарынан 60-70% төмен болуы керек. Бұл құбырлардың үзіліп кетуінен сақтайды.
Бұл процесті бірқалыпты жүргізген дұрыс, жүктемені әрбір 0,3-0,5м сайын қосып отыру керек. Керудің ұзақтығы түсірілген құбырлардың лифтік сұлбасына, ұңғыма тереңдігіне және қысып қалу сипатына байланысты болады. Жоғары көтеру техникасы төмендегідей түрде жүргізіледі. Мөр көмегімен құбырлардың орналасуын және ұштарының жағдайын анықтайды. Мөр – тұрқы төменнен және жанынан 8-10 мм қалыңдықтағы қорғасын қабықшасымен қапталған металл құрылғы. Тұрықтың центрінде су жүретін ұзына бойы созылған саңылау бар. Мөрдің жоғарғы бөлігінде сарапты – компрессорлық құбырларға немесе бұрғылау құбырына қосылатын бұрандалар орналасқан. Мөрді осы құбырлар арқылы ұңғымаға түсіреді. Аулау қондырғысын түсіру алдында, құбырлардың шетін фрезерлермен тік түсу: фрезер төменге (1-3м-ге) оңай түссе, құбырды аулау құрылғысымен ұстайды.
Құбырдың бүлінген соңын дұрыстаған кезде фрезер құбырдың жыртылған ұштарын қиып тастайды. Бұдан қалған бөліктер магнитті фрезер - өрмекші көмегімен шығарылады. Содан соң фрезер көмегімен бұзылған ұшын түзетуге кіріседі және қалған құбырлар жоғары көтеріледі.
Басқа жағдайларда құбырды, штанганы жоғары көтеру техникасы осы тәртіппен орындалады.
Штангалы сорап құбырлары ұшқан кезде, штангалар оңай майысады, осының нәтижесінде кейде майысқан штангалардың шумағы пайда болады.
Мұндай апараттардан кейін штангаларды көтеру қиынға соғады. Тығыз металл сальнигімен жабдықталған кезде, оны тік төселген фрезер арқылы қиып тастап, артынша аулау құрылғылары арқылы жоғары көтереді.
Бақылау сұрақтары: