Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды.Меншік — ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық.Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады. Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді. Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады.Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді. Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау.Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі. Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді. Сонымен, меншіктік қатынастар — бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар. Меншіктің заңдық қатынастары — бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді.Иелену меншіктің бірінші және басты себебі.Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды.Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады.Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша.Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды. Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді.Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады. Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл: - өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру; - өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы; - қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.
17. меншік субъектілері мен объектілері.Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады. Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы. Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы: а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер; б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б. в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б. Бір субъектінің өндіріс жағдайларын монополизациялауы, басқалардың олардан бас тартуы (жоғалтуы) немесе жұмысшылардың өндіріс жағдайларына деген бірдей құқықтары меншіктің әлеуметтік-экономикалық мазмұнын сипаттап, өндірістің негізгі факторларының бірігу сипаты мен нәтижелерді иемдену тұрғысын анықтайды. Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады. Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
18. ҚР-ғы меншік түрлері.Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз.Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады.Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады.Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін.Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар.Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады.Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең.Бұл — бірлескен ортақ меншік. Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне бірі қарсы : жалпы және жеке меншік деп аталатын 2 формасы бар. Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз.Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік, Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі. Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады. Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының бірлестіктерінің /, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады. Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы.Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар. Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар.Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді.Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады. Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді.Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға /қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады. 19 Өтпелі экономика Өтпелі экономика - бұл бір экономикалық жүйеден екінші жүйеге көшкен кездегі өтпелі жай-күй. Бұл жағдайда осы жүйенің негіздері өзгеріп, осының нәтижесінде бүкіл жүйе де өзгереді. Жалпы айтқанда өтпелі экономиканың негізгі белгілері мен оның қалыптасқан экономикалық жүйеден айырмашылықтары байқалады.
20 Өтпелі экономика оның белгілері мен заңдылықтары. Өтпелі кезең экономикасы -экономикалық өзгеру үдерісінде тұрған, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасы. Өтпелі кезең экономикасының біршама тұрақты күйдегі және өзіне тән индикаттары, өзіндік негізде дамушы экономикадан өзгешелейтін бірқатар арнаулы сипаттамалары бар.Өтпелі кезең экономикасының толғағы жеткен кезеңде ескі индикаттарды және байланыстар мен қатынастарды ығыстыратын жаңа индикаттар, байланыстар мен қатынастар пайда болады. Нәтижесінде жаңа макроэкономикалық және микроэкономиялық заңдылықтар мен үрдістер, әлеуметтік және саяси өзгерістер қалыптасып, экономикалық саясаттың жаңа міндеттері туындайды. Экономикалық ғылылыми пән (транзитология). Ол экономикалық транформация мәселелерін, әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен екіншісіне өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасын зерттейді. 20 ғасырдың аяғы – 21 ғасырдың басында тарихи себептерге байланысты социологиялық жүйедегі елдердің нарықтық экономикаға өту мәселелерін транзитолог-ғалымдар саяси, әлеуметтік-мәдени, т.б. аспектілермен тығыз байланыста қарастырды. Шындығында, Өтпелі кезең экономикасы ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында пайда болды, алайда ол әуелі маркстік әдебиетте көрініс тауып, онда экономикалық құрылыстан екінші құрылысқа ауысу мүмкіндігі және оның болмай қоймайтындығы туралы мәселе алғаш рет қозғалды. Кеңестік кезеңде шыққан еңбектердің көбінде тоталитарлық қоғамға тән тұрпайылықтың, қасаң қағидалықтың табы табиғи түрде байқалды. 20 ғасырдың аяғында экономикалық және саяси өмірдің тоталдық мемлекеттенген жүйеден нарықтық демократия негіздеріне өту мәселелері пайда болды. Социологиялық жүйе 1989 – 91 жылдары күйреді. Алайда алдағы уақытта кеңестік жүйенің күйрейтін мәселесі талқылана қойған жоқ. Қазіргі түрдегі транзитологияның қалыптасуында елдің өз ішіндегі бірқатар әдебиетте 60 – 70-жылдар бойына нарықтық қатынастардың қолданылуы аясын кеңейту жолымен шаруашылық жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерінің (“Нарықтық социализм”, “Шаруашылық тетікті жетілдіру теориясы”) қозғала бастауы белгілі дәрежеде дайындық рөлін атқарды. Коммунизмнің күйреуіне байланысты көкейтесті мәселелерге айналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ырықтандыру және макроэкономикалық тұрақтандыру мәселелері. Жүйенің дағдарысы көп елдерде қаржы-бюджет дағдарысымен тұспа-тұс келді және нарықтық баға белгіленіміне көшу міндеттері шын мәнінде инфляцияны тоқтату мәселесінің екінші жағы болып шықты. Екіншіден, индикаттық мәселелер, яғни “жалпы халықтық” монополизмнің қираған күресінде жеке меншік қатынастардың дамыған жүйесін қалыптастыру керек болады. Үшіншіден, экономикалық өрлеу мүмкіндігі мен келешегі дербес мәселе күйінде қалды. Транзитология мәселелерінің осы аталмыш топтары бойынша кейінгі жылдары теориялық талдау және экономикалық-математика үлгі жасау аясында да, тәжірибелік байқаулар жүргізу және практикалық тәжірибені қорытындылау аясында да елеулі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жетістіктер Өтпелі кезең экономикасы жөніндегі ұсыныстарды үкіметтер мен халық баламалы түрде қабылдаған елдерде көбінесе экономикалық саясаттың және бұрынғы коммунистік трансформацияның қалыптасуына септігін тигізді.
21.Мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру.Мемлекетсіздендіру - мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру. Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.
22. ҚР-ң экономикасын қайта түрлендіру: мәні және кезеңдері. Қайта құру идеяларын өмірге енгізу жеңіл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесінен бас тартпай, әкімшіл-әміршіл пиғылдан арылмай, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасамай тұрып, реформаны одан әрі дамыту мүмкін болмады. Қоғамды демократияландыру ісі орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негіздерін қайта қарауды қажет етті. Қазақстанда Президенттік басқарудың енгізілуі мемл. билік әлсіреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегі экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс еді. Қазақстанның мемл. егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесінде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер туды. Орт. органдарды жанай өтіп, бұрынғы кеңістіктегі республикалармен тікелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемл. кәсіпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-інің алтын және күміс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жарлықтар шығарды. Енді бұрынғы одақтас республикалар өзара тікелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 – 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесінде осы уақытқа дейін шикізат аймағы және арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарды енгізе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету. Бірінші кезең (1991– 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейінгі экон. жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы және ішкі әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген экон. саясат өрістеп кете алмады. Екінші кезең (1993 – 94) экон. дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу дағдарысы: кәсіпорындардың өзара борыштары 1993 – 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті: 1993 ж. тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының жаңа рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген ұлттық табыс 1991 – 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді: 1990 жылдан 1994 жылға дейін тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы ішкі өнім 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көші-қоны басталды, ол 1994 ж. теріс сальдоға жетті (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта – теңгені енгізу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Үшінші кезеңде (1995 – 97) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықар. стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткізу; атаулы жалақыны шектеу; берілетін несиелерді шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 1996 жылдың қарсаңында теңгенің валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. – 1 долл. үшін 35,76 теңге, 1995 ж. – 60,93 теңге, 1996 ж. – 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсіптің сыртқа шығаруға бағдарланған бірқатар салаларында өндіріс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгін респ. бюджеттен жергілікті бюджетке беру, көрсетілетін әлеум. қызметтердің сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерінің қызметіне жаңа экон. бәсекелестік қатынастарды енгізіп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері мен көлемдерін ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Төртінші кезеңде (1998 – 99) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан – 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентінің “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы – ҚР-ның ұзақ мерзімдік стратег. дамуының тұжырымдамалық негізі – даму бағыттары және елдің дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның міндеттеріне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған 20 елінің қатарына қосылуға тиіс (қ. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзімді стратегияның алдын-ала белгіленген кезеңін іске асыру мақсатында Президенттің 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекітілді, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік аяны реформалауға, белсенді әлеум. саясат жүргізу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенің өзгермелі бағамы енгізілді (1 АҚШ долл. 1998 ж. – 78,29 теңгеге, 1999 ж. – 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзі 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнім экспортын ынталандыруға мүмкіндік берді. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жетті; Бұл кезеңде тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жалпы ішкі өнім 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейді. Жалпы ішкі өнімнің нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу) жүргізілді, ол ішкі қорлануды одан әрі ұлғайтып, ішкі инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жетті, бір жылдан кейін ол 2,7 есе көбейді (64504 млн. теңге). Бесінші кезеңде (2000 жылдан қазірге дейін) Қазақстан экон. өрлеу жолына түсті. ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын іске асырудың оң тәжірибесі бюджеттік-қаржылық өзара іс-қимыл мен реттеудің жаңа қағидаларына негіз қалады, оның серпіні мына мақсаттармен айқындалды: 2000 – 02 ж. орт. және жергілікті атқарушы органдар арасында қаржы-экон. міндеттерді бөлісу; 2001 жылдан бастап елдің экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнім жыл сайын өсіп отырды: тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 2000 ж. – 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. – 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы ішкі өнім көлемі бұрынғыдан 9,5%-ға көбейді. 1999 – 2000 ж. бейқаржылық активтер негізінен шетелдік инвестициялардан құралса (тиісінше 57% және 51%), 2001 ж. ішкі инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жетті. 2000 – 02 ж. елдің экон. дамуы үшін инвестициялық мүмкіндіктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келісімшарт жасалды, негізгі капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық міндеттеме қабылданды. 2001 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгені құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратег. жоспары” бекітілді. Қазіргі кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкіметтің 2002 – 04 ж. арналған іс-қимылдар жоспары (2002) және соның негізінде әзірленген 2003 – 05 жылдарға арналған респ. бюджеттің болжамдық көрсеткіштері (2002) экономика үшін негіз ретінде басшылыққа алынып отыр. Негізгі мақсат – бәсекелестік қабілеті күшті экономика құру, жалпы ішкі өнімді 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай ілгерілеуге стратегиялық салаларды – мұнай-газ секторын, энергетика мен агр.-өнеркәсіптік секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткізіледі. ҚР-ның 2003 – 2005 жылдарға арналған мемл. агр. азық-түлік бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негізгі басым бағыттар көрсетілді, олар: елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; агр. бизнестің белсенді жүйесін қалыптастыру; ішкі және сыртқы рыноктарда а. ш. өнімін және оның ұқсатылған өнімдерін сату көлемін ұлғайту; а. ш. өндірісін мемл. қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екі жылдағы экон. өрлеу Қазақстандағы әлеум. ахуалға дұрыс ықпалын тигізді: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесі азая түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 12 жылдың ішінде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргізілді, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендірілді, жер реформасын жүргізу үшін жағдай жасалды.