Сурет-8 Менеджер көмекшісі жұмысын

 

түрлерінің бағасына талдауды бәсекелес фирмаларға берілмейді. Өйткені арадағы бәсекелестік күшейіп, нарықтағы орнынан айырылып қалуы мүмкін.

Сонымен қатар компания нарықта тұтынушылардың 10%-не белсенді қызмет көрсетеді. Алайда компания бір орында тұрып қалмай әрдайым турөнімді тұтынушы жаңа нарықты игерудегі жаңа мүмкіндіктерді іздестіреді.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай туристік фирмалардың қызметіне қызығушылық танытатын 26-40 жас аралығындағы демалушылар. Олар көрсетіліп отырған 12 демалыс түрінің 6-8 түріне қызығушылық танытады екен. Сонымен қатар туристер демалысты отбасылық жағдайларына байланысты таңдайды. Шет елде демалушылардың көбі әйел адамдар болып келеді./сурет-9/

Германия және Израиль елдеріне барудан ер адамдар белсенділік көрсетсе, Испания, Кипр елдерінде ер мен әйел адамдардың көрсеткіші тең.

Сурет-9 «Турист- Tick» интернет брондауды қолданады

 

Бүгінгі таңда топтық туризмнің орны ерекше. Себебі қазіргі кезде жаңадан отбасын құрған жастар шет елде демалуды жақсы көреді./кесте 4/

Мемлекеттер Бағалаушылық
Б.А.Ә,Дубай Отбасылық жұптар, жаңадан некелері қиылғандар, жалғыз бастылар үшін қызықты елдер / 3:2:1/
Туркия Аралас қызығушылық. Жалғыз басты әйелдер мен жалғыз басты ер адамдардың бірден бір қызығатын елі.
Малайзия Некеде тұрғандардың 46%, отбасылық жұптардың - 36%, жалғыз бастылардың - 18% қызығушылық танытатын ел.

Кесте-4 Туристердің отбасылық жағдайына қарай шет елде демалуы

Сонымен қатар «Турист- Tick» туристік компаниясы өз клиенттеріне стандартты қызмет көрсетуге белгілі орнаған стандарттарға сай өздерінің үсыныстарымен көрсетілетін қызметтерін айта кетсем оларға осы төменде бөлінген кесте көрсеніз болады. /сурет10/

· Клиентпен достық және тілектестік орната алу, жақсы қарым -қатынас орнату;  
· Клиентке 25 минут ішінде қызмет көрсетіледі;  
· Клиенттің тілегі бойынша қызметтер ұсынылады;  

 

 


 

 

· Турды сатып алғанға дейін клиентке ұсынылып отырған қызмет түрі жайлы пайдалы ақпараттар жеткізу;  
· Өзі ұсынып отырған қызмет түріне бақылау жасап, қажетті түзетулер енгізу;  
· Өтініш туралы шалынған қоңыраулар 10 минуттан кейін жүзеге асады.  
· Сапалы өнімнің көмегімен клиенттің тілегін қанағаттандыра отырып, жетістікке жету, арадағы тұрақты клиенттерді жоғалтпау, фирма үшін позитивті имидж құру;  

 


Сурет-10 «Турист- Tick» туристік компаниясы өз клиенттеріне стандартты қызмет көрсетулері

«Турист- Tick» туристік компаниясы шет елдің бірнеше туроператорлары мен турагенттерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан және сол елдердің агенттіктерімен әлі күнге дейін жақсы қызмет көрсетуде. Ол мемлекеттерге Туркия , БАӘ , Тайланд ,Индонезия ,Китай ,Малайзия .

Компанияың алдағы уақытта мынандай міндеттерді алдына қояды:

- Ең алдымен өз еліміздегі телеарналарда жарнамалық роликтерді көрсете отырып, ішкі туризмге үлес қосу;

- Тұрақты клиенттерін әр мейрам кезінде құттықтау, оларға жеңілдікпен турлар ұсыну;

- Интернет арқылы өтініш берушілер санын ұлғайту.

Ал болашаққа жоспар бойынша турагенттерге жарнамалық турларды төмендегі елдермен біріге отырып ұсыну. Олар:

-Украина

-Черногория

-Банско, Сандански, Пампорово – Болгария,

 

 

Орытынды

Қазіргі мамандардың біліктілігін, білімін арттыру мақсатында тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан өндірістік тәжірибеден өту барысында студент туризм менеджерлеріне қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады.

Мен бұл жылғы өндірістік тәжірибені Атырау қаласындағы «Турист- Tick» туристік кәсіпорында өттім, турөнімді өндіруді ұйымдастыру және қызмет көрсету процессімен танысып , адамдарға қызмет көрсетудің маңызды ерекшеліктерін көрдім. Негізгі қызметі адамдарға сапалы турөнімді ұсыну , олардың турларының жақсы дәрежеде өтуіне барынша жағдай жасау.

Қазіргі уақытта нарықтық механизмде туристік қызмет көрсету нарығы жайлы сенімді түрде айта аламыз. Себебі еліміздегі болсын, шет елдік турагенттіктер мен туроператорлар клиенттеріне сапалы қызмет түрін ұсына алады. Елімізде ондай турагенттер қатарына Gulnar tour, Жана нур, Travel system, International travel plus, Tamerlan tour, Adore travel , «Турист- Tick» сияқты туристік компаниялар мен турагенттерді жатқызуымызға болады.

ЖК «Турист- Tick» туристік компаниясы клиенттеріне барынша жақсы әрі тиімді қызмет түрлерін ұсынады. Олар:

- Әлем елдеріне жеке және топтық турлар;

- Брондау және әуе билеттерін сату;

- Қазақстан бойынша экскурсиялық бағдарламалар;

- Қонақ үйлерді алдын ала брондау;

- Туристерді сақтандыру;

- Әр түрлі жеңілдіктер;

- Виза рәсімдеу;

- Шет елде білім алу.

Сонымен қатар компания шет елдің бірнеше туроператорлары мен турагенттерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Ол мемлекеттер АҚШ, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Египет, Кипр, Түркия, Италия.

Бұл компаниядан өту барысында өзіме көптеген тәжірибе алдым.Осыған дейін тек қағаз жүзінде оқып білген қызмет түрлерін, құжаттардың толтыруын, менеджерге тән қасиет клиенттермен жақсы байланыс орнату білу, олардың қызығушылығын ояту сияқты қабілеттіліктерді практика жүзінде байқап көрдім. Мұндай туристік агенттіктегі менеджердің жұмысының бір қиындығы ол клиентті тарта білу екен. Адамдар әртүрлі болып келгендіктен менеджер әрдайым сабырлы, шыдамды, мейлі сіздің ұсынып отырған қызмет түріне қызығушылық танытпасада, клиентке деген позитивті көзқарасты орната білу керек.

Менеджер көмекшісі ретінде жұмыс істегенде виза жасау,брондау бойынша жұмыстар атқардым. Ішкі туризм бойынша Бурабайда орналасқан базалармен, балаларға арналған лагерьлермен таныстым. Бурабайда және Қазақстанда орналасқан санаторийлердің сипаттамасын және прейскуранттарын қарастырдым және әртүрлі дәрежелі қонақ үйлерге орындарды брондап үйрендім.Халықаралық туризм бойынша Түркияға чартерлік рейстермен, отельдерінің баға прейскуранттарымен таныс болдым.

Сонымен қатар, сақтандыру полисі мен туристік жолдаманы толтыруды үйрендім. Қосымша қызметтер бойынша, лагерьлер, базалар бойынша ай сайын жүргізілетін қаржылық көрсеткіштер есебін жасауда көмек көрсеттім. Консулдық қызметтер бойынша құжаттамаларды толтыруда көмек бердім. Курьерлік жұмыспен, факс жіберумен айналыстым

Болашақта бұл жинақтаған тәжірибем мен білімім қалаған мамандығымда еңбек етуіме көп көмегі тигізетініне сенімдімін.