Кезең шығындарының есебі

 

«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында кезеңдік шығындар 7110, 7210, 7310, 7320, 7330 шоттарда жүргізіледі. Жалпы кезең шығындыры өнімдерді сату үрдісімен тікелей қатысты болады. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шоты арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығындар: кәсіпорын қоймаларындағы өнім ыдыстарына және өнімді буып-түюге жұмсалған шығындар енгізіледі. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін есептеп шығарған кезде ғана жедел түрде назарға алады.

Өнімді сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебін өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде немесе машинажазбада кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасы 7 бөлім бойынша жүргізеді.

Кесте 5. Кесте 3.«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой РДК кезең шығындары бойынша шоттар коррсепонденциясы

 

Операция мазмұны Дебет Кредит
Өнімді өткізуге қатысқандардың жалакысы
Әлеуметтік аударымдар
Сатылған өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару
Дайын өнімді ақысыз беру
Өнімді бууға материалдар жұмсалды 1313,1315

 

Дайын өнім және оны сату есебі және құжатпен рәсімделуі

Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен куәләндірылған қоймаға қабылдап алғаны және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделеді

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу жолымен шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Дайын өнімді жөнелту мен сату

Дайын өнімді босату үшін бұйрық – жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін,жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.

Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық – жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап алатын стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.

 

Кесте 6. Кесте 3.«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой РДК дайын өнім бойынша шоттар коррсепонденциясы

 

Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
1.Дайын өнімді кіріске алу 8110,8210, 8310
2.Дайын өнімді ақысыз беру
3.Материалдар мен шикізаттар негізгі өндіріс цехына босатылды
4.Өндірістен шыққан дайын өнім қоймаға кірістелді
5.Жабдықтаушылардан материалдар мен шикізат алынды

Блок 2.7. Қаржылық нәтиже,меншікті капитал есебі және қаржылық есеп беру