Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы

Мемлекет дегеніміз егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, заңдандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр пішіні.

Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының ьолуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік билік, мемлекеттің егемендігі, құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мелекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальді анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекше белгілері:
құқықтың нормативтілігі дегеніміз рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез құлықтың жалпы көлемін бекіту.

Құқық тек қана қарапайым нормалардың жиынтығы емес, керісінше, бір бірімен тұтас байланыстағы мінез құлық ережелерінің жиынтық жүйесі. Аталған жүйенің негізін баптарына басқа заңдар мен құқықтық нормалар баптары қарама қайшы келмейтін Конституция немесе басты заңдар құрайтын байланысты құқықтың жүйелілігі дейміз.

Құқықтың жалпы міндеттілік сипаты, оның нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орныдауға тиістілігінен көрінеді.

Құқықтың нормалары мемлекттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі, яғни формальді түрде айқындалады.

Құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы құқықтың бір әрекетті емес белгісіне жатады.

Құқықты мемлекет белгілеп, айқындайтындықтан, ол тек қана мемлекетпен тығыз байланыста болады.

Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті,жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.

Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.

Еңбек құқығы әдісі еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен жүзеге асырылдаы деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығ әдістері құқықтық нормалардан көрініс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен: а.еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтңк және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; б.еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; в.әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстра отырып, қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; г.жалдамалы еңбекті реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; д. Еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сиптталады.

Меншік құқығы.

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткен жөн болар еді.

Меншік иесінің өз иүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлкті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қаматамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Қ.Р.-ның Конст-сы (6-бап) мемлекеттік меншік және жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды.

Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.

Меншік құқығы мен өзге де заттақ құқықтарды қорғау төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады:

Меншік иесі меншік құқығын тануды және өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап ете алады;

Адал алушыдан мүлікті талап етіп алдыра алады;

Қ.Р. меншігін тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған жағдайда, осы құжаттарды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеу арқылы;

Меншік иесінің құқықтары және басқа заттық құқықтарды бұзатын өкімет, басқару органдары мен лауазымды құжаттарының жарамсыздығы тану арқылы және т.б.

Меншік құқығының тоқтатылу негіздеріне келсек, онда меншік иесі өз мүлкін өз еркімен басқаға берсе, одан бас тартса, мүлкі қираса, сол сияқты заңда көрсетілген жағдайлардағыдай мүлікке меншік құқығынан айырылса,онда оның меншік құқығы тоқтатылады.