Р Экология заңдарын бұзу және бұзу үшін жауапкершілік

Экология заңдарын бұзу - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Табиғи ортаға зиян келтіру - табиғи объектілеріне, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды.

Экологиялық тәртіпті бұзудың 4 белгісі бар: тәртіпті бұзушының кінәсі, заңға қарсы бағыт, заңды бұзудан келген зиянның себепті байланысы, табиғи ортаға, адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян немесе ондай залалдың сөзсіз болу қаупі. Тәртіп бұзушының кінәсі қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады. Мұндай заңды бұзушылықты 3 топқа бөлуге болады:

1 топқа - табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде алуға - сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетімен айырбастауға және осы сияқты жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекет меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттер жатады.

2 топқа - жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек кездесетін ладшафтар, табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғи ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер, өзге де табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзгеде ұтымсыз пайдалану әрекеті мен әрекетсіздіктер жатады.

3 топқа- адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне табиғи жағдайлар мен шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал ететін заң бұзушылықтарының түрлері жатады.

Экологиялық қылмыс - Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне қол сұғатын және адамдардың денсаулығына немесе айналадағы табиғи ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ экологиялық залал келтіретін қылмыстық заңда көзделген өзге де қоғамдық қауіпті іс-әрекет.

Экологиялық әкімшілік жауаптылық-экология құқығына қарсы қасақана немесе абайсыз жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әректсіздік.

Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін экологиялық әкімшілік жауаптылықтың негізгі 2 шарты бар:

1) ондай заңдарды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген болуы керек;

2) ондай әкімшілік құқық бұзушылық экологиялық қылмыс белгілеріне жатпауы керек.

Экологиялық тәртіптік жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзуына кінәлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және айналадағы табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан болады.

Экологиялық материалдық жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен әрекетсіздіктің салдарынан меншік иесіне, иемденушілері мен пайдаланушыларына келтірілген зиянды өтеу. Экологиялық заңдарды бұзып, табиғат ресурстарына, адамдардың өмірі мен мүлкіне келтірілген материалдық зиянды өтеу кінәлі адамдардың қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылуы немесе тартылмауына байланысты болмайды.

Жер заңдарын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, материалдық тәртіптік жауаптылықтардан басқа)- жер заңдарының талаптарын, ережелерін қасақана немесе абайсыздықтан бұзу арқылы жасалатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Кен пайдаланушылар, кен өндіру бөлігі актісінің немесе шартының ережелері бұзылған, жер қойнауын пайдаланудың және оны қорғаудың ережелері бұзылған реттерде, жер қойнауы пайдалануға берілген күннен бастап 2 жыл бойы пайдаланылмаса, кен пайдалу құқығы тоқтатылады.

Суды пайдалану және қорғау шарттары бұзылған, суда көзделген мақсатқа пайдаланбаған реттерде су пайдаланушылардың суды пайдалану құқығы толық немесе ішінара жойылады.