Темір гидроксидінің золін алу

Ауыр металдардың гидрооксидін алу үшін гидролизді жиі қолданады. Мысалы, хлорлы темір сумен келесі теңдеу бойынша әрекеттеседі:

 

FeCl3 + 3H2O = Fe(OH)3 + 3HCl

 

Реакцияның нәтижесінде гидролиздің тепе-теңдігі концентрация мен температураға тәуелді. Температура көбейген сайын, концентрация сұйылған сайын гидролиздену дәрежесі өседі. Темір гидрооксидінің золін алу үшін келесі әдіс қолданылады:

85 мл конустық құтыда қайнап тұрған дистилденген суға 15 мл 2% хлорлы темірдің ерітіндісін тамшылатып құяды. Бірнеше минут қайнаған соң, гидролиздің нәтижесінде қызыл-қоңыр түсті гидрооксид зольі түзіледі. Суытқанда реакция кері жүреді, сондықтан алынған гидрозольге ыстық диализ жасаған дұрыс.

Түзілген зольдің мицелласы төмендегідей түрде жазылады:

{m((Fe(OH)3)nFeO+(n-x)Cl-}Z+ xCl-.

Марганец қостотығының золін тотықсыздандыру жолымен алу

1,5% калий перманганатының 5 мл ерітіндісін тамшуырмен конустық құтыға құйып, 50 мл-ге дейін дистилденген су қосады. Сосын құтыға 1,5-2 мл 1% -тік натрий тиосульфатының ерітіндісін тамшылатып қосады. Түсі шие-қызыл марганец қос тотығының зольі түзіледі.

Күкірт золін алу

50 мл суға 1 мл күкірттің ацетондағы қаныққан (қыздырусыз) ерітіндісін араластыра тұрып тамшылатып қосады. Ақшыл-көгілдір түсті опалесценцияланатын күкірттің теріс зарядты бөлшектерінен тұратын судағы золь түзіледі.

Канифоль золін алу

2% 5-10 мл канифольдің спирттегі ерітіндісін тамшылатып, араластыра отырып 100 мл суға қосады. Сүт тәрізді ақшыл, тұрақты золь түзіледі.

Берлин көгінің золін алу

А) берлин көгінің теріс зарядталған зольін алу

25 мл K4Fe(CN)6 0,1 % ерітндісіне 125 мл көлемге дейін қосады да, оған қыздыра тұрып, тамшылатып 0,85 мл FeCl3 1% ерітіндісін қосады.

Б) берлин көгінің оң зарядталған золін алу

3 мл FeCl3 1% ерітіндісіне 125 мл –ге дейін су қосады да, оған 8,5 мл K4Fe(CN)6 0,1% ерітіндісін қосады.

Cu2[Ғe (CN)6] золін алу

0,5 см3 20 %-дық Cu2[Fe (CN)6] ерітіндісін 100 см3-ке дейін дистилденген сумен сұйытылады. алынған ерітіндіге 10 %-дық CuSO4 ерітіндісінен 3-4 тамшы араластыра отырып тамызады. Нәтижесінде қышқыл қызы түсті Cu2[Ғe (CN)6] золі түзіледі.

Жұмыс барысы.

Электрокинетикалық потенциалды макроэлектрофорез арқылы анықтау үшін, кең U-тәрізді түтікшеден және оған балқытып жапсырылған құрамы бар, жіңішке құйғыш түтікшеден (құрылғыны зерттелетін зольмен толтыру үшін) тұратын аспапты қолданады (37-cурет).

Алдымен құйғыш арқылы кранның жабық күйінде аздаған золь құю керек. Сосын кранды абайлап, аздап ашып, кранның тесігінде ешбір ауа қалмайтындай етіп және де золь U-тәрізді трубканың төменгі бөлігіне өтпейтіндей қылып жіберу керек. Кранды жауып, жіңішке түтікшені зольмен, ал U-тәрізді түтікті дистельденген сумен не бір басқа бүйірлік сұйықтықпен толтырады.

Құрылғыны штативке бекітіп, кранды ашып, U-тәрізді түтікке коллоидтық ерітіндіні өте ептілікпен, абайлап, өте жәй жіберсе золь мен судың (сұйықтықтың) арасында анық шекара пайда болады. Түтіктің екі жағында суға (сұйықтыққа) тұрақты тоққа қосылған электродтар салып, боялған шекараның бір жағындағы көтерілу, ал екінші жағындағы төмендеу жылдамдығын байқайды.

37-cурет. Макроэлектрофорез өткізілетін аспаптың сызбасы

1-термостат; 2 –ұяшық; 3 – платиналы электродтар; 4 – бақылау өлшеу үшін платиналы клеммалар; 5 – арнайы пипетка; 6 – үшжүрісті кран; 7 – резеңке тығын; 8 – тұзды көпіршек; 9 – мыс сульфатының қаныққан ерітіндісі мен толтырылған пробиркалар; 10 – мыс электроды

 

Бояулы шекараның деңгейі алдын-ала белгіленген өлшемнің нолдік нүктесіне жеткенде секундомерді қосып (немесе сағатпен) золь қанша уақыт аралығында 5 мм жылжитындығын белгілеп отыру қажет.

1. Потенциал градиентін Н анықтау үшін екі электродтық ара-қашықтығын сыммен өлшеп алады (сұйыққа салынған екі тор сифондарының ұштарының арасы):

 

, (7.5)

 



/footer.php"; ?>