Зертханалық жұмысты орындау реті
Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті
Олданбалы ғылымдар» мектебі
Олданбалы информатика» кафедрасы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«5В070300-ақпараттық жүйелер»
В070400-Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттеріне арналған
SPVS 4307 «Компьютерлік жүйелерді қорғау және қауіпсіздігі»
Пәні бойынша
Алматы, 2015
Студенттердің зерханалық жұмыстарына тапсырмалар мен оны орындауға арналған нұсқаулар
«lab1_zesar_каз» файлындағы тапсырмаларды орындап нәтижелерге талдау жасаңыз.
Зерханалық жұмыс
бағалау баллы - 6
тапсыру уақыты 3 - апта
Ақпаратты қорғау әдістері. Цезарь шифрі.
(тапсырма атауы)
Жұмыстың мақсаты:Excel ортасында Цезарь шифрінпайдалана мәтінді шифрлеу және кері шифрлеу технологиясын үйрену.
Териялық бөлім
Цезарь шифрі қарапайым ауыстыру әдісіне жатады. Рим императоры Гай Юлий Цезарь осы әдісті пайдаланғандықтан әдіс осылай аталады. Бастапқы мәтінді шифрлеу үшін мәтіннің әр әріпі алфавиттың басқа арпіне келесі ережемен аустырылады.
Мысалы: айталық, A - қолданылатын алфавит:
A={a1, a2,…,am,...,aN}, мұнда a1,a2 ,…,am,...,aN - алфавит символдары; N алфавит ұзындығы.
Айталық, k – шифрлеу кезіндегі алфавит символдарының ығыстыру позициясының саны, 0<k<N. Шифрлеу кезінде алфавиттың кодталатын мәтіннің әр нөмері m символы осы алфавиттың m+k символына ауыстырылады.Егер m+k >N, онда A алфавиттегі символ нөмері m+k-N өрнек арқылы анықталады.
Зертханалық жұмысты орындау реті
1. Excelді қосыңыз. Жаңа құжатты құрып, екінші бетіне өтіңіз. A1 бастап A40 дейін 1"а" суреттегідей алфавитті теріңіз. Алфавит диапазонын ерекшелеп оған «ЗЕРТ1» атты меншіктеңіз.
2. Құжаттың бірінші бетіне B1 ұяшығына шифрленетін мәтінді теріңіз, мысалы: Гай Юлий Цезарь:"Пришел, увидел, победил!"Мәтінді теру барысында тек қана алфатитте бар символдарды пайдалану қажет.
3. В3 ұяшығына В1 ұяшығындағы мәлеметтерді көшіріп, символдарды үлкен әріптерге аустырыңыз.
4. D3 ұяшығына =ДЛСТР(B3) формуласын енгізіңіз, ДЛСТР функциясы шифрленетін символдар санын есептейді.
5. D4 ұяшығына k мәнін енгізіңіз, мысалы, 5-ті.
6. А бағанасының, А6 ұяшығынан бастап 1 ден Nге дейін нөмірлеңіз, мұнда N – мәтіндегі символдар саны (пробелді қосқанда).
N мәні D3 ұяшығында есептелген.
7. B6 ұяшығына =ПСТР(B$3;A6;1) формуласын енгізіңіз, бұл формула шифрленетін мәтінді жеке символдарға бөледі. Бұл формуланы В7- В47 ұяшықтарға көшіріңіз.
8. C6 ұяшығына =ПОИСКПОЗ(B6; ЗЕРТ1;0)" формуласын енгізіңіз. ПОИСКПОЗ функциясы ЗЕРТ1 массивтегі символдың индексін 2 – беттен іздейді. C6 ұяшығының мәнін C7-C47 ұяшықтарға көшіріңіз.
9. ЗЕРТ1 алфавитінен символ нөмерін алып кодталатын мәтіннің символдарын ығыстырыңыз. Ол үшін D6 ұяшығына келесі формуланы енгізіңіз:
=ЕСЛИ(ПОИСКПОЗ(B6; ЗЕРТ1;0)+$D$4>38;ПОИСКПОЗ(B6; ЗЕРТ1;0)+$D$4- 40;ПОИСКПОЗ(В6; ЗЕРТ1;0)+$D$4) (1)
Бұл формулаға тұсініктеме беріңіз. D6 ұшығының мазмұнын D7-D47 ұяшықтар диапазонына көшіріңіз.
10. ЗЕРТ1 алфавитінен жаңа нөмерлеріне сәйкес символдарды таңдап алу. E6 ұяшығына =ИНДЕКС(ЗЕРТ1;D6) формуласын еңгізіңіз. E6 ұшығының мазмұнын E7-E47 ұяшықтар диапазонына көшіріңіз.
11. Кодталған мәтінді алу үшін F6 ұяшығына =E6 формуланы, ал F7 ұяшығына =F6&E7 формуланы енгізіңіз. F7 ұшығының мазмұнын F8-F47 ұяшықтар диапазонына көшіріңіз. F47 ұшығынан шифрленген мәтінді оқи аласыз.
12. Шифрлеуді тексеру үшін шифирленген мәтінді (F47 ұшығында) кері шифрлеу керек және оларды салыстыру қажет. 3 – бетте зертханалық жұмыстың 2-11пунктерін орындау керек. Мұнда келесіні ескеру қажет:
2 – пункті орындағанда шифрленген мәтінді теру қажет; ал 9 – пункті орындағанда D6 ұяшығына мына формуланы енгізіңіз:
=ЕСЛИ(ПОИСКПОЗ(B6; ЗЕРТ1;0)-$D$4<0;ПОИСКПОЗ(B6; ЗЕРТ1;0)-$D$4+40; ПОИСКПОЗ (B6; ЗЕРТ1;0)-$D$4). (2)
а) б)
в) г)
сурет.1. – № 1 зертханалық жұмыстың Excelдегі құжаттардың фрагменттері: а) Цезарь шифрінің символдар алфавиті; б) шифрлеу құжаттың бастапқы бөлігі; в) және г) кері шифрленген құжаттың бастапқы және соңғы бөлігі
Бақылау сұрақтары:
1. Цезарь шифрін пайдалану арқылы ақпаратты қорғау принципі неде?
2. (1) және (2) – формулаларды түсіндіріңіз.
Тапсырма:
1. Осы мысалды пайдалана отырып қазақ алфавитін құрастырып, өздеріңіз қазақ тіліндегі тақпақтардан, мақалдардан немесе мәтелдерден алынған мәтіндерді шифрлеу және кері шифрлеуді орындаңыз.
Максималды бал зертханалық жұмыстарды уақытысында орындаған және қорғау барысында қойылған сұрақтарға толық жауап берген студентке қойылады.