Азақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Материалдық нормалар - Азаматтардың әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн, атқарушы билiк органы мен ұйымдарды бiрiктiретiн ережелер. Мысалы, атқарушы билiк органдары субъектiлерiнiң қоғамға, тұлғаларға көрсететiн заңды түрдегi құзiретi (компетенциясы)

Жергілікті мемлекеттік басқару – бұл заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болатын қызмет.

Құқықтық режим- Бұл қоғамдық қатынас іс-әрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі және құқықтық-ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді.

Құқықтық мәжбүрлеу- Занды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеундегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.

Уақытша қызметтен босату - Денсаулығы басқа адамдарға жұқпалы ауру қаупін туғызатын тұлғаларға қатысты әкімшілік бұлтартпаудың бірден-бір құралы ретінде қолданылады.

Мемлекеттік билік –бұл мемлекеттік құқықтық құралдар әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Жергілікті мемлекеттік басқару -заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы тиісті аумақта мемлекеттік саясатта жүргізу.

Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін -алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал.

Азаматтық және неке-отбасы құқығының негіздері:

Азаматтық құқық ғылымы – азаматтық құқық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласы.

Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы.

Азаматтық құқық қағидалары – нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

Азматтық заңның күші – заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысаны.

Азаматтық құқықтық қатынастар – қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысты болатын азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

Азаматтық құқықтарды қорғау – заңда көзделген, құқықтың қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіруге және құқықты бұзатын әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар жүйесі.

Ақша – кез келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекше қасиеті бар заттық құқық ретіндегі, сондай-ақ міндеттемелік құқық ретіндегі азаматтық құқық объектісі.

Ар-намыс - бұл адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік

қасиеттерінің өлшемі.

Акционерлік қоғам - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға.

Азаматтың тұрғылықты жері – азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі – осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі.

Акцепт– осы ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы.

Акцептант– ұсынысты қабыл алған тарап.

Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі.

Әрекет қабілеттілік – азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті.

Бағалы қағаз – азаматтық құқықта белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.

Банкроттық – борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі.

Билік ету құқығы - мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Біржақты міндеттеме – міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында – тек міндеттер.

Балама міндеттеме – борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы.

Біржақты шарт – бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шарт.

Отбасы –некеден, туыстықтан, бала аырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Неке –ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Неке шарты –некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.

Жалған неке –отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.

Неке жасы -адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы.

Балалық шақ –кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі.

Суррогат ана шарты –балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісім берген әйелдің арасындағы келісім.