ДӘРІХАНАЛЫҚ ҚОЙМАНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

МАҚСАТЫ: Студент тиісті

білуге:

· дәріханалық қойманың қызметін және оны ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін жетекші-нормативті құжаттарды;

· дәріханалық қойманың негізгі функцияларын, оның ұйымдастыру құрылымын және бөлмелерін, құрал-жабдықтары мен жабдықталуын;

· медициналық өнімдерді саны және сапасы, құны бойынша қабылдап алу тәртібін;

· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды;

· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босатуды;

· дәріханалық қойма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін;

орындай білуге:

· дәріханалық қойманы орналастыру нормативтерін анықтауды;

· жабдықтаушылармен контракт бекітуді;

· қабылдау актін құрастыруды;

· сөрелік карточканы толтыруды;

· сәйкестік сертификатын толтыруды;

· тауарлық-материалдық құнды заттарды босатуды құжатта ресімдеуді.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Жұптасып жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, сабақ тақырыбын оқытушымен бірге талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Дәріханалық қойманың категориясын және оның құрылымын анықтаңдар. Мына-ны ескеріңдер, қойма негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың толық тізімін, соның ішінде құрамында есірткі, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрі-лік заттарды сатып алу, сақтау, жеткізу, шет елдерге шығару, шет елдерден жеткізу және сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті жүзеге асырады (1 қосымша)

2 тапсырма. Фармацевтикалық тауарларды жеткізуге контракт (келісім) бекіту. Жабдықтаушы – «Армила» АҚ, Вильнюс қ-сы, Литва. Алушы – «Компания Фармация» АҚ, Алматы қ-сы, Казақстан (2 қосымша).

3 тапсырма. Гентамицинге (80мг-2,0 №10) және анальгинге (50% – 2,0 № 10) сәйкестік сертификатын және спецификацияны толтырыңдар (2 қосымша).

4 тапсырма. Тауарлар мен өнімдерді қоймада саны және сапасы бойынша қабылдап алу схемасын құрастырыңдар.

5 тапсырма. № АП-78 немесе АП-78 (мех.) формалары бойынша қабылдау актін құрастырыңдар (гентамицин және анальгинге) (3 қосымша).

6 тапсырма. Алынған тауарларға АП-73 формасы бойынша сөрелік карточканы толтырыңдар (4 қосымша).

7 тапсырма. Дәріханалық қоймадан дәріханаға тауарларды босатуға есеп-фактураны ресімдеңдер (5 атауға) (5 қосымша).

Қойманың экспедициялық бөлімінде толтырыңдар:

№ АП-98 формасы бойынша буып-түю қағазын (6 қосымша);

№ АП-95 формасы бойынша жолдама қағазын (7 қосымша);

№ АП-93 формасы бойынша рұқсат қағазын (қосымша 8).

 

1 қосымша

Дәріхана қоймаларының категориясын және құрылымын анықтау

Жүзеге асыратын фармацевтикалық қызметтің көлеміне және түріне байланысты дәріханалық қоймалар 2 категорияға бөлінеді. І категориядағы дәріханалық қоймаларға негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың толық тізімін, соның ішінде құрамында есірткі заттары, психотропты заттары жіне прекурсорлары бар дәрілік заттарды сатып алумен, сақтаумен, әкелу-сыртқа шығарумен және сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын дәріханалық қоймалар теңестіріледі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін І категориялы дәріханалық қоймаларда келесі құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылады:

1) дәрілік заттарды қабылдау және экспедиция бөлімі;

2) құрамында есірткі заттары, улы және психотропты заттары, прекурсорлары бар дәрілік заттар бөлімі;

3) дайын дәрілік заттар бөлімі;

4) медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық техникадан басқа), соның ішінде таңу және санитарлық-гигиеналық заттар бөлімі;

5) көмекші материалдар, тара, дезинфекциялайтын заттар, қышқылдар және сілтілер бөлімі.

ІІ категориядағы дәріханалық қоймаларға фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялауда қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін қалған дәріханалық қоймалардың барлығы теңестіріледі.

Бөлімдері және бөлме құрамы

1. Қызметтік және тұрмыстық бөлмелер: меңгеруші кабинеті; менеджердің кабинеті; персоналдар бөлмесі; персоналдардың шешінетін бөлмесі; жинау құралдарын сақтау бөлмесі; санитарлық тораптар; душ бөлмесі.

2. Дәрілік заттарды қабылдау және экспедиция бөлімі:

контейнерлерден жүкті түсіру және тиеу алаңы (платформасы);

дәрілік заттарды қабылдау және қойманың құрылымдық бөлімдеріне бөлуді ұйымдастыруға арналған алаң (жабық бөлмелерде);

дәрілік заттарды және басқа да тауарларды қаттауға, буып-түюге және қоймадан босатуға арналған бөлме.

3. Құрамында улы заттары, есірткі заттары, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттар бөлімі:

Құрамында есірткі заттары, улы заттары, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарды, сонымен бірге арнайы рецептуралық бланктерді қабылдау және сақтауға арналған бөлме:

І категориядағы дәріханалық қойма.

4. Дайын дәрілік заттар бөлімі:

сақтауға арналған бөлмелер: 1) дәрілік субстанцияларды, жартылай фабрикаттарды және дайын дәрілік заттарды; 2) дәрілік өсімдік шикізатын; 3) этил спиртін (егер бар болса);

келесілерге арналған бөлмелер: 1) субстанцияларды қаттауға; 2) жанғыш, оңай тұтанатын сұйықтарға.

5. Медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық техникадан басқа), соның ішінде таңу және санитарлық-гигиеналық заттар бөлімі:

сақтауға арналған бөлмелер: 1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды (медициналық техникадан басқа); 2) мақтаны, дәкені, басқа таңу және санитарлық-гигиеналық заттарды.

6. Көмекші материалдардың, тараның, дезинфекциялайтын заттардың, қышқылдардың, сілтілердің бөлімі:

Сақтауға арналған бөлмелер: 1) көмекші материалдарды, тараларды; 2) дезинфекциялайтын заттарды; 3) қышқылдарды, сілтілерді.

 

Қосымша 2

КОНТРАКТ № 301

Алматы қ-сы 25.11.200__

Біз, төменде қол қойғандар: «Армила» АҚ, Вильнюс қ-сы, Литва, осф жерде және әрі қарай «Жабдықтаушы» деп аталады, фирма өкілі фирма директорының орынбасары Р. Айдуконис, Сенімхаттың негізінде әрекет етуші, бір жағынан, және «Компания Фармация» АҚ, Алматы қ-сы, осы жерде және әрі қарай «Сатып алушы» деп аталады, президенті К.Ү. Үшбаев, екінші жақтан, төмендегілер туралы осы контрактыны бір жыл мерзімге бекітті:

 

1. Контракт мазмұны

1.1. Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген, Литва заводтарында өндірілген медициналық тауарларды, әрі қарай «Тауарлар» деп аталады, Жабдықтаушы жеткізуге, ал Сатып алушы қабылдауға міндеттенеді. Тауарлардың ассортиментң, саны және бағасы осы контрактының ажырамас бөлігі болып саналатын спецификацияда анықталады.

1.2. Сатып алушы Тауарларды саны бойынша – тауарлық-транспорттық құжаттарында көрсетілген санына сәйкес, сапасы бойынша – дайындаушы-заводтың сапа сертификатына сәйкес қабылдап алады.

2. Жеткізу

2.1. Әкелінетін тауарларға Сатып алушы лицензияны ресімдегенннен кейін Тауарлар 10 күн ішінде жеткізілуі тиіс.

2.2. Кедендік процедуралар орындалуы үшін Жабдықтаушы тауармен бірге келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

· Есептің (инвойс) түпнұсқасы және орыс тіліндегі 4 көшірмесі.

· Транспорттық наклоднойтың түпнұсқасы (тасымалдау құжаттары).

· Сапа сертификаты (паспорт немесе талдау хаттамасы).

· Жабдықтаушының елінде Сауда-Өнеркәсіп Палатасымен куәландырылған тауардың шығу Сертификаты СТ-1.

2.3. Жеткізу Алматы қаласының CIP шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2.4. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Жабдықтаушы өз уақытында жеткізбеген жағдайда, кедендік процедураларды жүргізуді кешігуімен байланысты Сатып алушының барлық шығындарын өтейді.

3. Контракт бағасы

3.1. Осы контрактының есеп айырысу валюталық бірлігі ретінде екі жақ АҚШ долларын пайдалануға келісті.

3.2. Бағасына транспорттық шығындар, тараның, буманың, таңбалануының құны кіреді. Контрактының құны 25500,00 USD (жиырма бес мың АШ доллаы).

 

4. Төлем

4.1. Осы контракт бойынша төлем АҚШ долларымен Жабдықтаушының есебіне 180 календарлық күн ішінде төленуі тиіс.

4.2. Тауарларға кедендік тазалаулар жүргізу және сертификациялау бойынша барлық шығындар Сатып алушының есебінен жүргізіледі.

5. Сапасы

5.1. Жеткізілетін Тауарлар МСТ-ға, техникалық шарттарға және белгіленген тәртіпте бекітілген нормативті-техникалық құжаттарға сай болуы керек, дайындаушы-заводтың сапа сертификатымен дәлелденуі керек.

5.2. Жарамдылық мерзімі шегіндегі Тауарлардың сапасына Жабдықтаушы жауапты болады. Сапасын куәландыратын құжаттар мәліметтеріне сай келмейтін Тауарларды жеткізген жағдайда, Сатып алушы Тауарды қабылдаудан және жаңа партиясын жеткізуді талап етуге құқы бар. Тауарларды ауыстырумен байланысты барлық шығындарды Жабдықтаушы өтейді.

5.3. Талдау нәтижелерімен Жабдықтаушы келіспеген жағдайда, Арбитрражды талдауды осы мәселеде компетентті ұйымдар жүргізеді. Арбитражды талдауды жүргізуге кеткен шығынның орнын кінәлі жақ өтейді.

5.4. Дәрі-дәрмектердің нақты жарамдылық мерзімі түскен кезеңінде жарамдылық мерзімінің 50%-нан кем болмауы керек. Жарамдылық мерзімі одан төмен болатын өнімдерді жеткізу Сатып алушының жазбаша келісімімен және Тауарлардың бағасын төмендету арқылы қайта бағалағанда ғана мүмкін болады.

 

6. Буып-түю және таңбалау

6.1. Тауардың сипатына сәйкес жүк бумасының сақтау шарттарына, жолдағы тасымалдау шарттарына сай келуі, кепіл болуы үшін Жабдықтаушы барлық шараларды қабылдауы керек. Бумасының дұрыс болмауы салдарынан Сатып алушыға келетін зиянды Жабдықтаушы өтейді. Әрбір тара орнына қаттау қағазы салынады.

6.2. Таңбалау тараға жуылып кетпейтін бояумен қораптың үш жағынан (жоғары, бетік жағы және әрбір қораптың сол бүйірі) орыс тілінде енгізілуі тиіс. Әрбір қорапта (жәшікте) келесілер көрсетілуі тиіс: Жоғары жағы, Лақтырмау керек, Қараңғы жерде сақтау керек, Тоңазытпау керек, Контракт №, Қорап №, Брутто салмағы, Жабдықтаушы, Сатп алушы, Жеткізілетін орны».

 

7. Зиянды өтеу

7.1. Екі жақ келісті, егер жеткізу және төлем мерзімдері бұзылған жағдайда Жабдықтаушы Сатып алушыға немесе Сатып алушы Жабдықтаушыға жеткізу мерпзімі мен төлемді кешіктіргені үшін төменде көрсетілген соманы төлейді:

 

Жеткізу, төлем мерзімін кешіктіру кешіктірілген Тауарлар және төлем құнынан әрбір күнге % бойынша:

алғашқы 30 күн 0,5%

30 күннен жоғары 1%, бірақ Тауар құнының 10% жоғары емес

8. Форс-мажор

8.1. Екі жақтың бақылауынан тыс жағдайлардың себебінен міндеттерінің толық немесе жартылай орындалмауына екі жақта ешқандай жауапты болмайды, ондай жағдайларға стихиялық апаттар, төтенше жағдайлар, алдын алу мүмкін болмайтын табғат апаттары және т.б. жатады. Өз міндеттерін орындай алмайтын жақ екінші жақты осындай жағдайлардың орын алғандығы жөнінде тез арада хабарлауы керек және ол Сауда Палатасымен немесе Жабдықтаушы немесе Сатып алушы елінің сәйкес билік органдарымен куәландырылуы. Егер мұндай жағдайлар 3 айдан артыққа созылса, кез келген жақ осы контракт бойынша өз міндеттерін орындаудан бас тарта алады және өз міндеттерін орындамағаны үшін ешқандай жауапкершілікте болмайды.

 

9. Келіспеушіліктерді шешу

9.1. Контрактыны жүзеге асыру барысында пайда болуы мүмкін кез келген келіспеушіліктер және даулар, мүмкіндігінше екі жақ арасында келіссөз жүргізу арқылы шешіледі.

9.2. Келіспеушіліктерді келіссөз арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, оны тек Халықаралық Коммерциялық арбитражды сотта қарайды және шешеді. Соттың шешімі соңғы шешім және екі жақ үшінде міндетті болады.

 

10. Басқа да жағдайлар

10. Осы контрактыға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың, егер олар жазбаша формада көрсетілген және екі жақтың уәкілетті өкілдері қол қайған жағдайда ғана күші болады.

Екі жақтың екеуі де контракт бойынша өздерінің құқықтарын, міндеттерін екінші жақтың жазбаша келісімінсіз үшінші жаққа беруге құқықтары жоқ.

Осы контракт бойынша өз міндеттерін бұзған жақ, екінші жаққа осының нәтижесінен болған зиянның орнын толық өтеуге міндетті. Шығын осы контрактыда көрсетілген айыппұлдан тыс толық сомасында өтеледі.

Осы контрактыны бекіткен кезден бастап, контракт бойынша алдыңғы жүргізілен хат алысулар және келіссөздер өздерінің күшін жояды.

Осы контракт 2 данада қол қойылған орыс тілінде және әр жаққа бі данадан тиесілі.

 

ЖАБДЫҚТАУШЫ   САТЫП АЛУШЫ
Литва   Казақстан
ЖАҚ «Армила»   ААҚ «Компания Фармация»
в/с 1006871210 в «Вильняус   480016, Алматы қ-сы, Пушкин к-сі, 13
Банкас», Каролинишкю бөлімі   е/ш 1609953 ААҚ «Темірбанк», код 793
код 260101375   Алматы қ-сы, кор. счет 700161193
Bank correspondent CITY BANK   РНН 600600004803
NA New-York   Банктің мекен-жайы және реквизиттері: Шевченко к-сі 80,
SWIFT CITY US 33,   тел. 33-61-47 и 33-12-33
Асс. № 36016952   Контейнерлер үшін – ст. Алматы-2
    Алматы темір жолы
    т.ж. 716, станция коды 710102
    Вагондар үшін – ст. Алматы-1
    Алматы т.ж. код 713175

 

 

СПЕЦИФИКАЦИЯ

№ 301 контрактқа, 25.11.200__

  №№ р/н   Аты   Өлш. бірл.   Саны Бағасы, долл. США Сомасы, долл. США
  1.   Гентамицин с/ф 80 мг – 2,0 № 10   бума     0,30   15000,00
  2.   Анальгин 50% – 2,0 № 10   бума     0,35   10500,00

 

25500,00

Барлығы: 25500,00 USD (жиырма бес мың АҚШ доллары)

ЖАБДЫҚТАУШЫ САТЫП АЛУШЫ