ПӘНДІ ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ
Силлабус
Пән Биологиялық статистика - BS2220
Мамандық 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс»
Курс | - | Үшінші | Семестр V |
Барлығы | - | 2 кредит (90 сағат) | |
Дәрістер | - | 6 сағат | |
Практикалық сабақтар | - | 24 сағат | |
СОБЖӨЖ | - | 14 сағат | |
Барлық аудиториялық | - | 44 сағат | |
СӨЖ | - | 46 сағат | |
Бақылау түрі | - | Емтихан |
Алматы, 2013
Силлабус 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ҚР 2009 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы №734 бұйрығымен бекітілгентиптік оқу бағдарламасынегізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш. және аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.
Силлабус модуль отырысында талқыланған
№____хаттама «___»_________2013 ж.
Медициналық биофизика және
биостатистика модулінің жетекшісі, профессор ______________________ Нұрмағанбетова М.О.
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
ЖОО аты | - | С.Ж. Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті |
Модуль | - | Медициналық биофизика және биостатистика |
Пән | - | «Биологиялық статистика» BS2220 |
Мамандығы | - | 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» |
Оқу сағатының көлемі | - | 2 кредит (90 сағат) |
Курс және оқу семестрі | - | 3 курс, 5 семестр |
Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:
Аймаханова Айзат Шалхаровна | - | доцент |
Раманқұлова Алима Абдрамбековна | - | аға оқытушы |
Исмаилова Мадина Маликовна | - | аға оқытушы |
Байланыс ақпараты:
Медициналық биофизика және биостатистика модулінің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат) тел. 292-69-86 ішкі 219,190
Пәннің саясаты
Студент міндетті:
- дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;
- себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;
- жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс;
- практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;
- жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;
- тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;
- аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер диф.сынаққа жіберілмейді.
БАҒДАРЛАМА
КІРІСПЕ
Жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін анықтау және жою мақсатында әртүрлі аймақтардағы эпидемиялық жағдайларды зерттеу және талдаудың ғылыми және практикалық маңызы зор. Эпидемиялық үрдістің заңдылығын және оны тудыратын факторларды біле отырып, бұл үрдістің әрі қарай даму барысы жөнінде тұжырым жасауға болады. Болжау нәтижелерін практикада қолдану тұрғындардың жұқпалы аурулармен ауыруының алдын-алу шараларын аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау және оларды басқаруға ғылыми тұрғыдан қараумен байланысты.
Эпидемиологияда талдаудың статистикалық әдістерін қолдану қажеттілігі тіпті бір аймақтағы эпидемиялық үрдістердің пайда болу көрсеткіштері жылішілік және жыларалық жағдайда айтарлықтай өзгеріп отыруымен байланысты. Статистикалық талдау эпидемиялық үрдістердің пайда болуларының өзгерулері жөніндегі ақпараттың шынайылығын, кейбір шарттардың, оның ішінде антропогендік ластанудың оған ықпалын бағалауға, және сол аймақ үшін нақты факторлардың ролінің маңыздылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, эпидемиологияның дамуының қазіргі замандағы кезеңі әртүрлі статистикалық әдістерді, олардың эпидемиологиялық диагностикада қолданылу шекараларын білуді талап етеді.
Статистика принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдарды бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау, сонымен бірге медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін, заманауи медициналық басылымдардағы хабарламаларды түсіну және сыни көзбен бағалау үшін аса қажет.
Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістердің қолданылуымен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.
Биостатистика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаға биологиялық статистика теориясының негіздері, таңдама тәсіл, статистикалық жорамалдарды тексеру, стандарттау әдісі, дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері, зерттеулерді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибені жоспарлау негіздері енгізілді.
Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты гигиена және эпидемиология маманының практикалық қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.
ПӘН МАҚСАТЫ
Биологиялық статистиканыңтеориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін гигиеналық және эпидемиологиялық талдауда қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Ø Биостатистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру.
Ø Статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Ø Студенттерде қолданбалы есептерде математикалық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыру.
Ø Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.
Ø Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.
ПӘНДІ ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ
· биологиялық және медициналық деректерді өңдеудің қазіргі заманғы статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;
· биологиялық және медициналық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.