Физикалық тексерулер
Гипертензия
Гипертензия диагнозы диастоликалық қысым бір рет өлшегенде сынап бағанасынан 110
мм асса немесе тең болса немесе арасына 4 сағат салып екі рет өлшегенде сын. бағ. 90 мм
асқанда немесе тең болғанда қойылады.
Систоликалық АҚ бастапқыдағыдан сын. бағ. 30 мм. көбейсе, бірақ сын. бағ. 160 мм. көп
болмаса.
- Ауыр гипертензия
Диастоликалық АҚ бір рет өлшегенде сын. бағ. 120 мм. асса немесе тең болса немесе
арасына 4 сағат салып екі рет өлшегенде 110 асса немесе тең болса.
Систоликалық АҚ бастапқыдағыдан сын. бағ. 30 мм. көбейсе, бірақ сын. бағ. 160 мм. көп
болмаса.
Диастоликалық қысым сын.бағ. 90 мм. жəне систоликалық сын. бағ. 140 мм. болса,
шекаралық болып саналады, бұл кезде ол ауру болып саналмайды, тек қана анасы мен
іштегі нəрестенің хал-жағдайын мұқият бақылаудың қажеттігін көрсетеді.
АҚ көрсеткіштері өсуіне қарамастан, жүктіліктің көпшілігі жақсы өтеді, бұл –
гипертензия кей жағдайда жатыр-бала жолдасы қан айналымына қан тамырлық қарсыласу
жағдайында оң əсер ететінін көрсетеді жəне компенсаторлық механизм болып саналады.
Ісінулер
Бір қалыпты ісінулер физиологиялық ағымда өтіп жатқан жүктілігі бар əйелдердің 50-80%
байқалады. Анасы мен іштегі нəресте үшін ісіксіз өтіп жатқан преэклампсиядан гөрі
ісінулермен өтіп жатқан преэклампсия көбірек қуіпті болып табылады. Тез үдейтін
генерализделген ісіктер, əсіресе бел маңындағы, болжаудың жаман белгілері болып
табылады.
Протеинурия
Протеинурия 24 сағат ішінде немесе арасына 4 сағат салып алынған 2 сынақта 300 мг тең
болған немесе асқанға дейін патология болып саналмайды (2a). Бұдан басқа, зəр шығару
жолдарындағы инфекцияның барлығын жоққа шығару қажет. Жүкті əйелдердегі
патологиялық протеинурия ішкі ағзалардың зақымданғанының алғашқы белгісі.
Орташа дəрежедегі преэклампсияға тəн протеинурия 300 мг.-нан 5 г-ның арасыда; ауыр
дəрежедегі преэклампсия үшін – 5 г. асқанда болады
Ауыр преэклампсияға тəн:
•гипертензияның ауыр формасы қосылған протеинурия немесе
•гипертензияның кез келген формасы қосылған нашарлататын симптомдардың бірі:
-церебральдық симптомдар (бастың ауыруы,көрудің бұзылуы);
-олигурия(30 мл/сағаттаназ);
-эпигастральаймағындағыауырусезімдері;
-құсу;
-жайылғанісіктер(əсіресекенеттенпайдаболған);
-тромбоциттер саны 100 *1млрд/л аздау;
-бауыр қызметінің бұзылуы;
-өкпенің ісінуі;
-іштегі нəрестенің гипотрофиясы.
Ми симптоматикасының шеткі формалары – тырыспалар, ессіз күй (кома) эклампсияға
тəн.
Преэклампсияның ауырлық сатысы өте анық көрінетін клиникалық немесе зертханалық
белгілерінен анықталады.
Лабораторлық зерттеулер:
Қабылдау бөлімінде (CITO) -
•зəрдің жалпы анализі (белок);
•қанның клиникалық анализі (гемоглобин, тромбоциттер,қоюлану уақыты).
Стационар бөлімінде -
•зəрдің жалпы анализі (зəрдің жеке өлшеміндегі (порция) жəне тəуліктік мөлшердегі
белокты анықтау үшін, 4 сағаттан кейін белоктың барлығын тексеретін зəрдің анализі
қайта алынуы мүмкін);
•қанның биохимиялық анализі (жалпы билирубин, қалдық азот, креатинин, АЛТ, АСТ,
плазманың жалпы белогі);
•коагулограмма;
•қан тобына жəне резус-факторға;
7.4 инструменталдық зерттеулер:
АД, ЦВД өлшеу (преэклампсияның орташа жəне ауыр дəрежесіне күдік болса), КТГ (32
апта кейінгі гестация мерзімінде), УДЗ + допплерометрия,
АҚ-ды өлшеу тəртібі -
•Өте дəл көрсеткішті сынаптық сфигмоманометр береді (сол бойынша барлық
пайдаланылатын аппараттар калибрлары түзетілуі керек) (1b).
•Науқас денесін бос ұстауы керек, мүмкін болса демалғаннан кейін (10 минуттан кем
емес).
•Қалпы –жартылай отырып немесе отырып (манжета науқастың жүрек тұсына орналасуы
керек),қырынан жатып.
•Қысым өлшейтін аппараттың манжетасы науқастың иық шеңберіне сəйкес келуі керек
(аз болғанша,көп болғаны жақсы).
•Бір қолдағыны өлшегені де жеткілікті.
•Систолиялық __________қысымның деңгейі Коротковтың I тоны бойынша бағаланады (пайда
болуы), а диастолиялық –V бойынша (тоқтауы).
•Көрсеткіштер 2 мм сын.бағанасына дейінгі дəлдікпен белгіленуі керек.