Ақша жүйесі және оның элементтері

Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

Ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;

Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

Нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;

Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмгебөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады, монометализм тұсында – тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жұйе монометализмге алмастырылады.

 

50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.

Кәсіпкерлік дегеніміз-адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада,ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық процеске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген концультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

ҚР кәсіпкерлік қызметтің субъектісі мыналар:

1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметкері заң талабына сай болса ғана);

2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар;

3. Азаматтық бірлестіктер.

 

51.Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.Экономикалық цикл дегеніміз-бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс,жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы.Циклды 2 кезеңге бөлуге болады:төмен бағытталушы,яғни өндірістің құлдырауы және керісінше,жоғары бағытталушы-өндірістің артуы.Экономикалық өрлеу және құлдырау экономикалық циклдың негізгі құраушысы болғандықтан,олар іскерлік белсенділік ауытқуларында да маңызды рөл атқарады,оны экономистер іскерлік циклы деп атайды.

Қазіргі жағдайда экономикалық циклдың мән-мазмұны өзгерді.ОЛ, біріншіден, экономикалық белсенділіктің ауытқуының азаюы,яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі;екіншіден,жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы;үшіншіден,экономикалық циклға нарықтың монополиялық құрылымының,өндірістің ғаламдануының,экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.

К.Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген.Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі 4 кезеңін бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тың эконом.зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминология бойынша цикл келесідей кезеңдерді қамтиды: жарылыс, рецессия, даңдарыс және жандану.1.Құлдырау сатысына тән еоекшеліктер:тауар артықшылығы, бағалардың төмендеуі,жұмыссыздықтың артуы,өндіріс көлемінің қысқаруы,пайыз қойылымының өсуі. 2.Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер:өндіріс құлдырауының қысқаруы,тауар қорының көбеюі,жаппай жұмыссыздық,тқмен жалақы,саудалық пайыз көлемінің төмен деңгейі. 3.Жандану сатысына тән ерекшеліктер:құлдырауңа дейінгі өндірістің өсуі,өндіріске инвестицияның келуі,тауарлар бағасының өсуі,жұмыссыздық мөлшерінің аздап болса да қысқаруы,халықтың табысының біртіндеп өсуі. 4.Өрлеу сатысының ерекшеліктері:өндірістің құлдырауға дейінгі мқлшерінің артуы,тауарлар бағасының жоғарылауы,жұмыссыздықтің қысқаруы,жалақының көбеюі,несиеге деген сұраныстың артуы.

 

52. шекті пайдалылқ теориясы. Тауардың пайдалылығын екі жақты қарастырамыз: жалпы пайдалылық. Шекті пайдалылық.

Шекті пайдалылық тұтыну тауарлары санының өсуіне байланысты келесі тұтынулардың өнімге тиімділіктің алдыңғы тауарға қарағанда аз болуы. Шекті пайд.теориясын жақтаушылардың пікірінше,тек тауардың пайдалылығы ған еңбек шығынына қоғамдық қажетті сипат береді. Шекті пайд.теориясы субъективті бағалайды игіліктің сиректігімен,яғни оның көлемімен байланыстырады. Шекті пайд.теориясының өкілдері бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі б/ша әрбір адамның игілікті субъективті бағалауы оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал тауарлардың объективті бағасы субъективті бағалауға байланысты ж/е түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн ж/е баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл б/п таб/ды. Ш.п.теориясы бір жақты,сондықтан бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру жеткіліксіз екендігін көрсетті. А.Маршалл ш.п.теориясын өндіріс шығындары теориясымен байл/п, ұсыныс пен сұраныс теориясына біріктірді.

 

53.дағдарыстар:түрлері ж/е олардың эк/қ салдары. Экономикалық дағдарыс бұл экономикалық конъюнктурада күйзеліс процесін туындататын,тауарлар мен қызметтер арасында сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдіктің бұзылуы.Қазіргі кезде дағдарыс әлемде терең экономикалық,саяси өзгерістерге байланысты бір бірімен өзара тәуелді құбылыстар тізбегін көрсетеді.Ол құбылыстарға төмендегілерді жатқызуға болады:демографиялық дүмпу;капитал еңбек байланысының теңдігін бұзатын,үшінші технологиялық дамудың жалғасуы.Экономикалық дағдарыстарды олардың негіздеріне байланысты жіктеуге болады.1.Шаруашылық жүйесіндегі бұзылған тепе теңдіктің көлемі б/ша. Жалпы дағдарыс бүкіл ұлттық эк/ны қамтиды,ал жекелеген дағдарыс эк/ң кейбір саласын ғана қамтиды. Мысалы,қаржы дағдарысы мемл/к қаржы жүйесінің түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырауынан ж/е бюджет тапшылығының үнемі өсуінің нәтижесінде туындайды.ақша несие дағдарысы ақша жүйесінің бұзылуы.коммерциялық ж/е банктік несиенің күрт қысқаруы,банктік салымдардың айналыстан бірден алынуы,ол банктердің қызметіне кері әсер беріп,банкрот болуына әкеледі.валюталық дағ.әлемдік рыноктық айналыстан алтын стандарт жүйесін жою мен басқа мемл/ң ақша бірліктерінің құнсыздануымен сипатталады.биржалық дағ.бағалы қағаздарының бағамының бірден төмендеуі ж/е олардың эмиссиясының қысқаруы,қор биржасының қызметіндегі күйзеліс.аграрлық дағ.ауыл шар/қ өнімдерінің сатылу мөлшерінің бірден қысқаруы,оның бағасының төмендеуі.2.тепе теңдіктің бұзылуын реттеу дәрежесі б/ша кезеңдік,аралық,реттелмейтін.3.ұдайы өндіріс көлемінің өзгерісінен туындайтын дағ.сипаты б/ша: артық өндіру дағ.,жетіспеушіліктен болатын дағ.4.ұзақтылығы б/ша:қысқа мерзімді,орта мерзімді,ұзақ мерзімді. эк/қ салдары: пайданың азаюы,өндірістің төмендеуі,банктік берешектердің өсуі,банктік құлдырау,эк/ң басқа сфераларындағы кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы.

 

54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.

Өндіріс факторларын маржиналистік теорияға сәйкес төртке бөліп қарастырылады:еңбек, жер, капитал,кәсіпкерлік қабілет. Әрбір өндіріс факторы табыс әкелуге қабілетті. Аталған өндірістік факторларға сәйкес табыстардың қалыптасу ерекшелігі:

1.еңбекақы. Бұл еңбектің бағасы н/е еңбек қызметін көрсеткен жалдамалы жұмысшының тапқан табысы.

2. Рента. Жер иесінің жерін пайдаланғаны үшін алынатын табыс.

3. Процент. Капитал иесінің алатын капитал бағасы н/е өз иелігіндегі ресурсты иемдену құқығы үшін алынатын төлем.

4. Пайда. Кәсіпкердің іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін алатын табысы.

Табысты иемдену субъектісіне тәуелді қарастыратын болсақ табыстың бірнеше түрі бар:тұрғындар табысы, кәсіпорын табысы, мемлекет табысы. Кәсіпорын табысын бірнеше жағдайда қарастыруға б/ды:

жалпы табыс- ақшалай формада барлық өнімді сатуда түсетін түсім.

Орташа табыс- сатылған өнім бірлігіне есептелген. Шекті табыс қосымша өнім санын сатудан түскен жалпы табыстық өсім.

 



php"; ?>