Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Тәжірибе өткен Племзавод «Куликовка»ЖШС Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы есепке қою жөніндегі куәлігі негізінде ашылған. Кәсіпорынның толық атауы: Племзавод «Куликовка»Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. Племзавод «Куликовка»ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.

Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Коммерциялық кәсіпорын ЖШС Племзавод «Куликовка»-атқаратын мақсаты заңды тұлғалық, қарапайым тұрғындарды ет өнімдерімен қамтамасыз ету және тері илеу.

Племзавод «Куликовка»ЖШС-гі - тұрақты түрде дамып келе жатқан шағын кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын иесі Супяхунов Е.И Аталған кәсіпорын өз жұмысын шағын мал басын өсіруден бастап, жылдан жылға кеңейіп өсуде. Кәсіпорын басшысы қоғамдық жұмысқа атсалысып, аудан, ауыл аумағында өткізілетін шараларға белсенді көмек көрсетеді.

Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы және өзге де мүліктер бола алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы 109200 (бір жүз тоғыз мың екі жүз) теңгені құрайды.

Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:

· Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

· Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру;

· Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептерін және қорытындыларын бекіту.

· Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту,таза кірістерді бөлу;

· Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер, құжаттарды бекіту;

· Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;

· Серіктестікті тоқтату және қайта құру;

· Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің директоры:

· Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;

· Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;

· Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.

Таза табысты бөлу.

Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді.

Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.

Серіктестіктің жұмыс тәртібі.

Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.

Осы Жарғыға өзгертулер енгізу тәртібі

Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Серіктестік бір айдың ішінде Жарғының өзгергені туралы Әділет органдары хабардар етуге міндетті. Осы мерзім өткеннен кейін кез келген мүдделі адам сот тәртібімен Жарғының өзгерулеріне заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізуді талап етуге құқықты.

Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар: Жоғарғы орган- Қатысушы, Атқару органы-Директор, Бақылаушы орган-Тексеруші.

Серіктестіктің мүлкі.

Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады.

Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.

Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері:

-қатысушының жарғылық капиталға салған салымы;

-серіктестік қызметінен түскен табыс;

-ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.