ПРОВЕДЕНА КОРРЕКЦИЯ ТЕСТОВ ПОСЛЕ ПОВТОРНОЙ ПРОВЕРКИ – 24.05.16г., отмечены цветом всего 4 теста

ИНТЕРН-ПЕДИАТРЛАРҒА АРНАЛҒАН

БАЛА ФТИЗИАТРИЯСЫНАН ТЕСТТІК СҰРАҚТАР

Оқу жылы

ПРОВЕДЕНА КОРРЕКЦИЯ ТЕСТОВ ПОСЛЕ ПОВТОРНОЙ ПРОВЕРКИ – 24.05.16г., отмечены цветом всего 4 теста

!Балаларда қақырық жағындысының теріс нәтижесінде туберкулез диагностикасы негізделеді (стандарт бойынша):

* Бронх шайынды суының ТМБ-на тексерілуімен фибробронхоскопия нәтижесі

* +Кеуде қуысы рентгенограммасының және Манту сынамасының нәтижелері

* Иммунологиялық және иммундық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері

* Туберкулиндік Манту сынамасы және диаскинтест нәтижелері

* Кеуде қуысы компьютерлік томографиясының нәтижесі

 

! Аталғандардың ішінде туберкулез қоздырғыштарының адамға жұғу ең ықтимал жолдары

* Тік немесе көлденең

* Бронхогенді, лимфогенді

* Асқазан-ішекті, тыныс алу

* Қатынас-тұрмыстық, трансфузиялы

* +Қарым-қатынас, трансплацентарлы

 

! Біріншілік туберкулезді кешеннің клиникалық белгілерінде жиі байқалды:

* Жиі ылғалды жөтел, дене қызуының көтерілуі, жағдайының нашарлауы

* +Уланудың жалпы белгілері, микрополиадения, параспецификалық белгілер

* Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу, параспецификалық белгілер

* Ылғалды іріңді қақырықпен жөтел, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру

* Отит, коньюнктивит белгілері, микрополиадения

! БТК кезіндегі өкпе зақымдануының рентгенологиялық синдромы:

* Екі жақты түбір аймағындағы ошақты-қосылмалы инфильтрация

* +Өкпедегі күңгерттену, кеңейген өкпе түбірімен жол арқылы жалғасқан

* Ұлғайған бронхопульмональды лимфа түйіндері және бірлі-жарым ошақтар

* Өкпенің төменгі бөлігіндегі қосылған инфильтрация, түбірде әктенген лимфа түйіні

* Өкпенің латеральды аймақтарында фиброзды өзгерістердің тұсындағы инфильтрация

 

! Туберкулездің таралуына ең қолайлы әсер ететін әлеуметтік факторға жататыны:

* Интелектуалды деңгейдің төмендігі, бастауш және мектеп білімінің жоқ болуы

* +Үй-тұрмыстық жағдайының төмен болуы, ашығу, стрестік жағдай

* Материалдық қамтамасыз етілмеуі, пәтерді жалдап тұру

* Толық емес отбасында, мектеп-интернатта, бала үйінде тұру

* Салауатты өмір салты, дене шынықтырумен үнемі айналысу

 

! Қазіргі кезде туберкулез ауруы жиі кездесетін жандар:

* Балаларда (0-14 жастағылыр)

* +Жас адамдарда (40 жасқа дейінгі)

* Жасөспірімдерде (15-17 жастағылар)

* Қарт адамдарда (60 және одан жоғары)

* Орта жастағы адамдарда (40-59 жастағылыр)

 

! Туберкулезге тән қан өзгерістері қандай?

* Лимфоцитоз, эозинофилия, тромбоцитоз, ЭТЖ өзгеріссіз

* Гипохромды анемия, эозинопения, тромбоцитопения, жоғарғы ЭТЖ

*+ Орташа лейкоцитоз, моноцитоз, лимфопения, эозинофилия, жылдам ЭТЖ

* Жоғарғы немесе жылдамдатылған ЭТЖ, жоғарғы лейкоцитоз, эозинофилия

* Жоғарғы ЭТЖ мен лейкоцитоз, таяқша ядролы жасушалардың солға ығысуы

 

! Туберкулездің дамуына ықпал ететін факторлар қандай?

* +Туберкулезді қатынас, жиі ЖРВИ, қантты диабет

* Теріс Манту сынамасы, аллергиялық аурулар

* Ревматизм, коллагеноздар, гранулематоздар

* Туа пайда болған инфекциялар, зооноздар

* Гипо не гипертиреоз, гастрит, холецистит

 

! Пульмонология және фтизиатрия клиникасында кеуде қуысы ағзаларының ауруы кезіндегі негізгі рентген-диагностикалық әдіс қандай?

* Tұрақты орташа флюрография

* +2-жақты рентгенография

* Кеуде рентгеноскопиясы

* Компьютерлік томография

* Көлденең томография

 

! Біріншілік туберкулез кезіндегі параспецификалық реакцияларының клиникалық сипаты:

* Арықтау, бозару, бет қызаруы

* Ревматизм, жүйелі қызыл жегі, синусит

* Ерін, мұрын ұшы, аяқ-қолдарының көгеруі

* +Түйінді эритема, отит, кератоконьюнктивит

* Гемограмма өзгерістері, дене То жоғарлауы

 

! Инфильтрация сатысында біріншілік туберкулез кешеніне тән белгілер:

* Өкпеде сырылсыз везикулярлы тыныс, перкуторлы анық өкпелік дыбыс

* Анық дыбыс, астыңғы бөлімдерінде бірлі жарым бытырыңқы құрғақ сырылдар

* Перкуторлы қысқарған дыбыс, сол жерде бронхиалды тыныс, майда көпіршікті сырылдар

* +Өкпенің шектеулі аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бірлі жарым ылғалды сырылдар

* Астынғы бөлімдерінде қорапты дыбыс, жоғары бөлімдерінде қысқарған перкуторлы дыбыс, сырылдар жоқ

 

! Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезіне тән физикальды белгілер:

* Жауырын аралығындағы қорапты перкуторлы дыбыс

* Бұғана үсті аймағындағы перкуторлы қысқарған дыбыс

* Жауырын аралығындағы анық өкпелік перкуторлы дыбыс

* +Жауырын аралығындағы перкуторлы дыбыстың қысқаруы

* Бұғана асты аймағындағы тимпаникалық перкуторлы дыбыс

 

! Біріншілік туберкулезді кешен түзілгенде үрдіске жиі қосылады:
* Перифериялық шеткі лимфа түйіндері

* Бронхопульмоналды лимфа түйіндері

* Жоғарғы кеуде аралығындағы лимфа түйіндері

* +Біріншілік ошаққа жақын орналасқан лимфа түйіндері

* Трехеобронхиалды және бифуркациялық лимфа түйіндері

 

! Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің белсенді фазасында ең сенімді өзгеріс болатыны:

* Лимфоидты тіннің гиперплазиясы

* Лимфа түйінінің кальциленуі

* Перифокалды қабыну

* +Казеозды некроз

* Өкпедегі ошақтар

 

! Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезін анықтайтын негізгі әдіс болатыны

* Аурудың клиникасын талдау

* +Туберкулиндік диагностика

* Флюорографиялық тексеру

* Рентген-томографиялық тексеру

* Аңқа жаындысының микроскопиясы

 

! Емнен кейінгі біріншлік туберкулездің ең ықтимал және жиі болатын нәтижесі:

* Өкпенің және түбірдің толық сорылуы мен құрылымының қалпына келуі

* +Өкпедегі және түбірдегі кальцилануы мен фиброздануы өзгерістері

* Біріншілік туберкулездің созылмалы ағымына өтуі

* Фиброзды-цирротикалық қалдықты өзгерістердің қалуы

* Өкпедегі біріншілік кавернаның (қуыстың) түзілуі

 

! Ерте жастағы балалардағы туберкулез ағымының ерекшеліктері:

* Кеуде аралық лимфа түйіндерінің қабыну реакциясына бейімсіз болуы

* Шеткі лимфа түйіндерінің үрдіске қатыспауы

* Аурудың айқын клиникалық белгілері

* Бактериоскопия әдісімен көп мөлшерде бактерия бөлінуі

* +Үрдіс жайылуға бейімді, ТМБ-ры сирек анықталады

 

! Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінде ең жиі дамитын қандай асқынулар?

* «Тұт тәрізді жидек» сияқты кальцилену

* Қан кетулер немесе қан түкіру

* +Бронх туберкулезі, ателектаз

* Лимфа-гематогенді себінділер

* Өкпе тінінің фиброздануы

 

! Туберкулезді гранулемамың гисто-морфологиялық құрылыми болып табылатын:

* +Казеоз, Пирогова-Лангханс жасушалары, эпителиоидты жасушалары;

* Моноциттер, лимфоциттер, плазматикалық жасушалар;

* Эритроциттер, лимфоциттер, ПироговаЛангханс жасушалары;

* Березовский-Штернберг жасушалары, лимфоциттер, макрофагтар;

* Эпителиодтты жасушалар, лимфоциттер, макрофагтар;

! Біріншілік туберкулездік комплектің ем нәтижесінде рентгендік өзгерістер қандай болады?

* Кеудеішілік лимфа бездерінің улғаюы, өкпеде Гон ошағы

* +Өкпедегі қанықты ошақ, түбірде әктенген лимфа түйіндері

* Өкпедегі инфильтрат және аймақты лимфа бездерінің үлғаюы

* Өкпенің шамалы фиброздануы, кальциленген лимфа түйіндері

* Сақина тәріздес көлеңке, бронхогенді себінділер, түбірде кальцинаттар

 

! Бала 5 жаста. Дене қызуының 38,30С дейін жоғарылауына, кейде қалтырауға, әлсіздікке, түнгі тершеңдікке, шамалы шырышты қақырық пен жөтелге, қан түкіруі, дауысының қарлығуына, жұтынғанда ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: соңғы 1,5 айда жағдайының нашарлауы байқалады, туберкулезді науқаспен қатынаста болғанын растамайды. Объективті: тамақтануы төмен, перкуторлы – жауырын асты аймақтарында дыбыс түйықталған, аускультативті бұғанасты аймағы - әлсіреген тыныс үстінде құрғақ сырылдар. Лейкограммада - әлсіз лейкоцитоз, эозинофилия, шамалы моноцитоз, ЭТЖ – 43 мм/сағ дейін жоғарылаған. Бактериоскопияда ТМБры анықталған. Рентгенде: екі өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде кіші және орташа интенсивті ошақтар, шектелген, симметриялы орналасқан, кейбіреулері қосылуға бейім, мөр тәрізді каверналар.

Аталғанның ішінде ең ықтимал болатын диагноз қандай?

* Ошақты-қосылған бронхопневмония

* Өкпенің идиопатиялық гемосидерозы

* +Өкпенің диссеминирленген туберкулезі

* Бек саркоидозы, өкпелік формасы

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

 

! 6 жастағы балада 3 ай бойы интоксикация, мезгіл-мезгіл жөтелу. Перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады (7 тобында II өлшемдІ). Өкпедегі физикальді белгілері – қатаң дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек үндері ритмді, аздап тұйықталған. Рентген суретінде – оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде көлеңке жарықтану аймақтарымен, сол жақ өкпе түбірі кеңейген шеті анық емес. Жүрек нормада. Манту сынамасы 2ТЕ – 20 мм, ДИАСКИНТЕСТ 20 мм., . 1 жыл бұрын Манту сынамасы теріс болған.

Аталғанның ішінде ең ықтимал болатын диагноз қандай?

* Спецификалық казеозды пневмония

* Біріншілік туберкулезді кешен, себілу сатысы

* Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі, ыдырау сатысы

* Екі жақты деструкциялы абсцестік пневмония

* +Біріншілік туберкулезді кешен, ыдырау сатысы

 

! Екінші типті қант диабетімен ауратын науқаста Оң өкпенің S6 бөлігіндегі инфильтратты фазасындағы туберкулема анықталған. Қақырықтан МБТ табылмаған.

Қандай дәріні бұл науқасқа қолдануға дәрігер тыйым салады?

* Изониазид

* Рифампицин

* +Этамбутол

* Стрептомицин

* Пиразинамид

 

! Науқас И., 16 жаста. Туберкулезге қарсы ауруханасына Ыдырау және себілу фазасындағы екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, МБТ (оң) диагнозымен 2 – категория үлгісі бойынша ем қабылдап жатыр. 1 аптадан соң қышыну, терісінің ашуы, бөртпелер, құлағында шуыл пайда болып, есту қабілеті төмендеді.

Сіздің ойыңызша қай химиопрепараттың жанама әсері болды?

* Рифампицин

* Изониазид

* Пиразинамид

* +Стрептомицин

* Этамбутол

 

! Науқас бала В., 6 жаста. Туберкулезге қарсы ауруханасында Біріншілік туберкулезді кешен, МБТ (теріс) диагнозымен 1 – категория үлгісі бойынша ем қабылдап жатыр. 2 аптадан соң қатты бас ауруы, бас айналуы, үйқысының бұзылуы мазалайды.

Осы клиникалық белгілер ең жиі қандай химиопрепараттың жанама әсері болады?

* Рифампицин

* +Изониазид

* Пиразинамид

* Стрептомицин

* Этамбутол

 

! Баланы тексерген кезде өкпе түбірінің екі жағынан бронхопулмоналды лимфа түйіндері кальци тұздары шөгінділерімен анықталған.

Аталғандардың ішінен ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

* Саркоидоз

*+Туберкулез

* Мононуклеоз

* Лимфогранулематоз

* Кеуде аралығының ісігі

 

! Туберкулез инфекциясының ошағындағы 3 жастағы бала П. туберкулезге тексерілді. Манту сынамасы оң нәтиже берді - папула 12 мм. Өкпе туберкулезі деген диагнозы қойылды. Балада аурудың клиникасында тыныс жетіспеушілігі белгілері анықталды: мұрын-ерін үш бұрышының көгеруі, мұрын қанаттарының кернеуі, қабырғааралық кеңістігінің тартылуы. Тыныс жиілігі 48 рет минутына.

Аталған өкпе туберкулезі формаларының қайсысы ең жиі тыныс жетіспеушілігі симптомдарымен бірге жүреді?

* Жеделдеу диссеминирлік туберкулез

*+Казеозды пневмония

* Біріншілік туберкулезді кешен

* Өкпенің инфильтратты туберкулезі

*Өкпенің ошақты туберкулезі

 

! Бала Г., 4 жаста, бір жылдан бері фтизиатрдың есебінде тұрады. Қаралғанда: жағдайы ауыр, жоғары температура, ентігу, салмағы төмендеген, сопорозды, өкпесінің барлық аймақтарында бірлі- жарым құрғақ сырылдар, әлсіреген тыныс естіледі.

Осы жағдайдағы ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

* Ошақты пневмония

* Кандидозды пневмония

* Деструкциялы пневмония

* +Диссеминирлік туберкулез

* Жедел обструкциялы бронхит

 

! 4 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 11мм, 2 жаста – 9 мм, 3 жаста – 7 мм, 4 жаста – 3 мм.

Аталғандардың ішінде туберкулиндік сезімталдықтың сипатын ең дұрыс көрсететін қайсысы?

* Параллергиялық белгі

* Инфекциялық аллергия

* +Поствакциналық аллергия

* Токсикалық-аллергиялық белгі

* БЦЖ екпесінің жағымсыз әсері

 

! 7 жастағы бала Е. Фтизиатрға қаралуға келді. Улану белгілері айқын. Шеткі лимфа түйіндері 4 тобында ұлғайған. Активті туберкулезі бар анасымен қатынаста болғаны анықталды. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде – өзгеріс анықталған жоқ.

Ең ықтимал болжам дигнозыңыз қандай?

*+Tуберкулезді қатынас, туберкулин сынамасының виражы

* Tуберкулезді қатынас, күмәнді белгі

* Tуберкулезді қатынас, өкпе туберкулезі

* Tуберкулезді жұқтыру, анергиялық белгі

* Tуберкулезді қатынас, инфекция жұқтырылмаған

 

! 9 жастағы П. Баланың анасы фтизиатрға қаралуға келді. Шағымдары: қатты түнгі тершеңдік, ашуланшылық, үйқысының бұзылуы. Улану белгілері жоқ. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Туберкулезді қатынас жоққа шығарылды. Манту сынамасы – алғашқы рет оң, папула 13 мм. Рентгенде – өзгеріс анықталған жоқ.

Аталғанның ішінде ең ықтимал болжам дигнозы осы жағдайда қандай болады?

* Гиперергия түріндегі туберкулезбен инфицирлену

* Вираж түріндегі гиперергиялық белгі

* +Нормергия формасындағы вираж

* Алғашқы туберкулездік улану

* Созылмалы туберкулездік улану

 

! 1 жас 4 айлық балаға туберкулинді Манту сынамасы жүргізілген –7 мм папула. Аймақты фтизиатрға кеңеске жіберілді. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас анықталмады. Шағымсыз, интоксикация белгілері жоқ.

Аталғандардың ішінде қайсысы ең ықтимал болжам диагнозы болады?

* Инфекциялық аллергия

* +Вакциналық аллергия

* Парааллергиялық белгі

* Токcикалық аллергия

* Жұқпалы аллергия

! 1 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 10 мм.

Туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

* Инфекциялық аллергия

*+ Вакциналық аллергия

* Алғашқы инфицирлену

* Жасырын микробизм

* Өкпе туберкулезі

 

! 1 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – бірақ сол жақ йықта БЦЖ тыртығы анықталмады. Манту сынамасы – папула 10 мм.

Туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

* Параллергиялық белгі

* Вакциналық аллергия

* +Алғашқы инфицирлену

* Жасырын микробизм

* Өкпе туберкулезі

 

! 10 жасар сәбиге балалар емханасында Манту сынамасы қойылды, күрт оң нәтижені берді – папула өлшемі 16 мм болды. Шағымдары жоқ. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас жоққа шығарылды. БЦЖ тыртығы – 4мм. Мойын, бұғана үсті-асты, шынтақ және шап шеткі лимфа түйіндері бұршақ тәріздес көлемде ұлғайған. Рентгенде: өкпесі таза, өкпе суреті күшейген, сол жақ түбірі кеңейген, құрылымсыз, бағаналы бронх жолағы тарылған.

Аталған болжам диагноздарының ішінде ең ықтималы қандай?

* Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші форма

* Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ісікті форма

* Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, әктену формасы

* Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ыдырау формасы

* +Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтратты форма

 

! Науқас П., 11 жаста, ауырғанына бір ай болды. Қосымша тексерулерден кейін орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуы бойынша ауруханаға жатқызылды. Шағымдары: қатты бас ауруы, тамақ қабылдауымен байланыссыз фонтан тәрізді құсу. Тексеріп қарағанда: бала недәуір жүдеген, жалпы гиперестезия, денесінде Труссо дақтары. Есінде, берілген сұрақтарға жауабы дұрыс. Жарыққа қарашықтарының реакциясы сақталған. Желке бұлшық еттерінің қатаюы және Керниг менингеальды симптомдары оң. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Аталған туберкулездің клиникалық диагноздарының ішінде осы жағдайда болатын ең ықтимал формасы қандай?

* Менингиттің базилярлы формасы

* +Менингиттің серозды формасы

* Спинальды лептопахименингит

* ӨДТ менингеальды формасы

* Менингоэнцефалит формасы

 

! Бала тұмаумен ауырғаннан кейін интоксикация, кератоконьюнктивит белгілері жойылмады, 5 топ шеткі лимфа түйіндері 2-3 көлемге дейін ұлғайған. Физикальды белгілер: өкпеде перкуторлы дыбыс анық, өкпелік; аускультацияда – тыныс везикулярлы, сырылсыз. Гемограммада: эритроциттер 4,2 х 1012, гемоглобин 130 г/л, лейкоциттер 10,9 х 109, т/я – 3, с/я 64, лимфоциттер – 18; эозинофилдер - 5; моноциттер - 10; ЭТЖ 12 мм/сағ. Рентгенограммада – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде қанықтылығы әлсіз, гомогенсіз, жайылмалы контурымен аймақты көлеңке анықталады, ол кеңейген құрылымсыз өкпе түбірімен қосылған.

Аталған диагноздың ішінде қайсысы осы жағдайда Ең ықтимал болады?

* Ателектазбен асқынған туберкулезді бронхаденит

* +Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулезді кешені

* Ауруханадан тыс ошақты-қосылған пневмония

* Ауруханадан тыс оң жақ қосылған пневмония

* Ауруханадан тыс оң жақты плевропневмония

{

! 1 жастағы қыз бала П.. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 13 мм.

Туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

* Анергия

* +Нормергия

* Гипоергия

* Гиперергия

* Параллергия

 

! 7 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 10мм, 2 жаста – 8 мм, 3 жаста – 5 мм, 4 жаста – 3 мм, 5-7 жаста –нәтижелері теріс.

Баланың ерте жастарындағы туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

* Параллергиялық белгі

* Кеуде ішілік туберкулез

* Инфекциялық аллергия

* +Поствакциналы аллергия

* БЦЖ екпесінің жағымсыз әсері

 

! Балаға туберкулездің алғашқы жұқтырылуы - диагнозы қойылды. Химиялық алдын алуды қабылдауда.

Диспансерлік есеп тобы және бақылау мерзімі қандай болады?

*+ ІІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІ-Б есеп тобы – 1 жыл

* ІІІ-А есеп тобы – 2 жыл

* І-Б есеп тобы – 1 жыл

* 0 - есеп тобы – 4 ай

 

! Бала Р. перзентханада жапондық БЦЖ вакцинасымен егілген. 2 айдан кейін анасы сол жақ қолтық астында «грек жаңғағы» тәрізді ісікті байқаған. Аймақты дәрігер үйге шақырылды. Баланы қараған кезде жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Сол жақ қолтық астында ортасы жұмсарған, көлемді лимфа түйіні анықталды. Бұл жерде тері жабындылары айқын қызарған, ауру сезімінсіз.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

* Бейспецификалық іріңді лимфаденит

* +БЦЖ екпесінен кеінгі лимфаденит

* Спецификалық туберкулезді лимфаденит

* Лимфогранулематоз кезіндегі лимфаденит

* Туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы

 

! Бала Ф. перзентханада жапондық БЦЖ вакцинасымен егілген. 2 айдан кейін анасы сол жақ қолтық астында «грек жаңғағы» тәрізді ісікті байқаған. Аймақты дәрігер үйге шақырылды. Баланы қараған кезде жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38 0. Сол жақ қолтық астында ортасы жұмсарған үлкейген лимфа түйіні анықталды. Бұл жерде тері жабындылары айқын қызарған, қатты ауру сезімімен. Бала мазасыз, тәбеті нашар.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай болады?

*+Бейспецификалық іріңді лимфаденит

* БЦЖ екпесінен кеінгі лимфаденит

* Спецификалық туберкулезді лимфаденит

* Лимфогранулематоз кезіндегі лимфаденит

* Туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы

 

! Бала С., 9 жаста. Жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай болады?

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

*+Біріншілік туберкулезді комплекс

* Инфильтративті туберкулез

* Деструкциялы пневмония

* Ошақты-косылмалы пневмония

 

! Бала тұмаумен ауырғаннан кейін интоксикация, кератоконьюнктивит белгілері бар, шеткі лимфа түйіндері – 5 топқа дейін ұлғайған. Рентгенограммада - өкпеде инфильтрат, өкпе түбірімен жол арқылы байланысқан.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Біріншілік туберкулезді кешен тығыздалу фазасында

* +Біріншілік туберкулезді кешен инфильтрация фазасында

* Біріншілік туберкулездік кешен сорылу фазасында

* Біріншілік туберкулезді кешен себілу фазасында

* Біріншілік туберкулезді кешен кальцилену фазасында

 

! Бала Ф., 3 жаста, салмағы азайған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Тексеру кезіндегі Манту сынамасының ең ықтимал нәтижесі қандай болады?

* +Сынама нәтижесінің күрт оң болуы

* Сынама өлшемінің сөнуі

* Динамикадағы сынама өлшемінің бірте бірте өсуі

* Динамикадағы сынама өлшемінің бір қалыпта болуы

* Сынама өлшемінің теріс болуы

 

! Бала У., 3 жаста, салмақ тастаған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Тексеру кезіндегі туберкулин сезімталдығының ең лайықты сипаты қандай?

* Нормергиялық белгі

* Теріс анергиялық белгі

* +Гиперергиялық белгі

* Оң анергиялық белгі

* Гипоергиялық белгі

 

! Бала Ю., 3 жаста, салмағы азайған, қозғыш. Коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес.

Жалпы қан анализінде: эритроциттер – 4,2х10 12 г/л, НВ – 120 г/л, лейкоциттер – 8,9; нейтрофилдер – 39 (т/я -3, с/я – 36); лимфоциттер – 44; эозинофилдер – 5, моноциттер – 12; ЭТЖ 12 мм/сағ.

Қан көрсеткіштерінің ең сенімді сипаттамасы қандай?

* Лейкоцитоз, нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* +Лимфопения, моноцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* Лимфоцитоз, моноцитопения, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* Лимфоцитоз, моноцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* Лимфопения, эозинофилия, тромбоцитопения, ЭТЖ жылдамдатылған

 

! 10 жасар балаға емханада Манту сынамасы қойылды, нәтижесі папула11 мм. Фтизиатрға жіберіліп, тексерілді. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас анықталған жоқ. Интоксикация белгілері жоқ. Тері жабындылары қалыпты, таза. БЦЖ тыртығы 2 мм. Микрополиадения симптомы оң. Рентгендік тексеру кезінде сол жақ өкпе түбірінде бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің кальци тұзы жиналған конгломераттары табылды. Негізгі бронх саңылауы тарылған.

Аталғанның ішінде Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

* КІЛТТ, инфильтрация фазасында

* КІЛТТ, сорылу фазасында

* +КІЛТТ, әктену фазасында

* КІЛТТ, ыдырау фазасында

* КІЛТТ, себілу фазасында

 

! Оң нәтижелі Манту сынамасы бойынша 8 жасар ер балаға профилактикалық тексеруді жүргізгенде оң жақ түбірде ұлғайған лимфа түйіндері анықталды. Түбір кеңейген, анық контурымен, құрылымсыз. Микрополиадения симптомы бар, кератоконъюнктивит. Манту сынамасы 17 мм.

Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

* Инфильтратты бронхоаденит

* +Ісікті бронхоаденит

* Лимфогрануломатоз

* Кіші бронхоаденит

* Бек саркоидозы

 

! Бала туберкулез таяқшаларын жұқтыру - диагнозымен фтизиатрдың есебінде тұр. Соңғы айларында субфебрилді температура, салмақ жоғалту, коньюнктивит, перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жиі ЖРВИ – пайда болды. Рентгенограммада – өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, лимфа түйіндері анық көрінбейді.

Туберкулездің ең ықтимал клиникалық формасы қандай?

* +Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ісік тәріздес түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтратты түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, деструкциялы түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, казеозды-некрозды түрі

 

! Балаға инфильтрация фазасындағы кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі диагнозы қойылды.

Рентгендегі ең ықтимал өзгерістер қандай болады?

* Өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, контуры анық, шығыңқы

* Өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, өкпе суреті қоюланған

* +Өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес, жайылмалы

* Өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, түбір маңындағы аймақта ошақтар

* Өкпе түбірлері кеңейген, фиброды тығыздалған, кальциленген лимфа түйіндері

 

! 15 жасар жасөспірімге профилактикалық тексеру кезінде екі жақты бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің перифокалды инфильтратсыз ұлғаюы, айқын контурларымен анықталды. Жағдайы қанағаттанарлық, шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Манту сынамасы 3 мм.

Ең ықтимал алдын ала қойған диагнозыңыз қандай?

* Лимфогрануломатоз

* Кіші бронхоаденит

* +Бек саркоидозы

* Лимфосаркома

* Мононуклеоз

 

! Ер бала туберкулезді науқаспен қарым-қатынасына байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, тағайындалған химиопрепаратты қабылдамаған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде - өкпе дыбысы қысқарған, сол жерде таныстың әлсіреуі дем шығаруының қиындауымен естіледі.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай болады?

* Ателектазбен асқынған БТК

* +Ателектазбен асқынған КІЛТТ

* Бронх туберкулезімен асқынған КІЛТТ

* Экссудативті плевритпен асқынған БТК

* Экссудативті плевритпен асқынған КІЛТТ

 

! Қабылдау бөлімшесіне есі жоқ, мезгіл-мезгіл тырысуы, құсуы, сол жақты гимипарезі бар бала әкелінді. Анасының айтуы бойынша бала 1 айдан астам тұмаумен ауырып емделген. Осыдан 1 жыл бұрын әкесінде өкпе туберкулезі анықталып емделді, бірақ ауруханадан кейін фтизиатрда қаралмаған. Сол кезде баласын тексергенде Манту сынамасы – папула 10 мм болған, бірақ ата-анасы фтизиатр қаралуына барудан бас тартқан.

Сіздің ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?
* Полиомиелит
* Іріңді менингит
* Миға қан құйылу
* Серозды менингит
*+Туберкулезді менингит

 

! Қабылдау бөліміне туберкулезді менингитке күдікті бала түсті. Жұлын

сұйықтығындағы қандай өзгерістер диагнозды дәлелдейді?
* Цитоз 7, лимфоциттер – 100%, белок – 0,33, қант 2,8, хлоридтер 120 м/моль
*+Цитоз 200, лимфоциттер 80%, белок 0,9, қант 1,1; хлоридтер 100 м/моль
* Цитоз 1000, нейтрофильдер 100%, белок 1,0, қант 1,6; хлоридтер 130 м/моль
* Цитоз 1000, лимфоциттер 100%, белок 0,9, қант 1,9; хлоридтер 120 м/моль
* Цитоз 500, лимфоциттер 50%, белок 0,9, қант 2,6; хлоридтер 120 м/моль

 

! 1 жас 10 айлық бала Ц. Бірнеше апта ішінде құсу, алғашқы күндері нәжісі болған, одан кейін – іш қатуы, анда-санда тырысулар, дене қызуы жоғары, сопорозды жағдай. Анамнезінен: туберкулезбен ауратын апасымен тұрақты емес қатынас, фтизиатр бақылауында болмаған.

Сіздің ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай болады?
* +Туберкулезді менингит

* Тұмау (грипп)

* Серозды менингит

* Iріңді менигит

* Mи абсцесі

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 12 жасар А. науқаста жоғары дене қызуы үстінде тырысулар, орталық салданулар мен жартылай салданулар, белбеу тәрізді қатты ауру сезімі байқалады.

Аталғанның ішінде туберкулездің қандай клиникалық формасына тән белгілер?

* ӨДТ менингеальды формасы

* Милиарлы туберкулез

* Спинальды менингит

*+Менингоэнцефалит

* Базилярлы форма

 

! Науқас Д., 12 жаста, оң жақ кеудесінің ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Бозғылт, тәбеті төмен, оң жақ кеудесі тыныс алудан қалып отыр, дауыс дірілі оң жағында әлсіздеген. ІV-қабырғадан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған, бірден әлсіріген тыныс, жүрек шекаралары солға ығысқан. Туберкулезді бронхоаденитке байланысты: диспансерлік есепте турады.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай болады?

*Cпонтанды пневмоторакс

*Өкпе бөлігінің не сегментінің ателектазы

* Бейспецификалық экссудациялық плеврит

* Оң жақты коста-диафрагмалы құрғақ плеврит

* +Туберкулезге байланысты экссудативті плеврит

 

! Фтизиатрда есепте тұрған науқас суықтағаннан соң кеудесінің оң жақ бүйірінде ауру сезімі, жоғары температура 39о, қалтырау, ентігу, ауру сезімімен жөтел, жүрек қағуы, жабысқақ тер, пульсы 100 рет/мин. соғуы, АҚҚ 120/80 мм с.б., жүрек тондарының тұйықталуы пайда болды. Оң жақ өкпесінде 2 қабырғаға дейін тұйықталған дыбыс және сол жерде – тынысы әлсіреген.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Mиокард инфаркты

*+Экссудативті плеврит

* Cпонтанды пневмоторакс

* Қабырға аралық невралгия

* Kоронарлық қан айналымының жедел бұзылясы

 

! 5 жастағы балада мойын және жақ асты лимфа түйіндерінің «орман жаңғағы» тәрізді үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарған. Бала инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Бала фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.

Бірінші кезекте бұл қандай лимфадениттің клиникасы деп ойладыңыз?

* Лимфогранулематозді

* Бейспецификалық

* Мононуклеозді

* +Tуберкулезді

* Қатерлі ісікті

 

! 8 жастағы балада мойын лимфа түйіндерінің «тауық жұмыртқасы» тәрізді үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарып айқын қызарған, сол жерден «ірімшік тәрізді» бөлінділер көрінеді. Бала инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Бала фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.

Аталғанның ішінде ең ықтимал осы жағдайда болатын диагноз қандай?

* Туберкулезді лимфаденит, инфильтративті форма

* Туберкулезді лимфаденит, фиброзды-казеозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-некрозды форма

*+Туберкулезді лимфаденит, казеозды-жаралы форма

* Туберкулезді лимфаденит, индурациялық форма

 

! 11 жастағы балада оң жақ қолтық асты лимфа түйіндерінің 3 х 4,5 см көлемде үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, флюктуациясы жоқ. Бала инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Бала фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.

Аталғанның ішінде ең ықтимал осы жағдайда қойылатын диагноз қандай?

* +Туберкулезді лимфаденит, инфильтративті форма

* Туберкулезді лимфаденит, фиброзды-казеозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-некрозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-жаралы форма

* Туберкулезді лимфаденит, индурациялық форма

 

! 16 жасар жасөспірімде шап аймағындағы лимфа түйінінің «тауық жұмыртқасы» тәрізді үлкейгені анықталды. Ол ауру сезімімен, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарған. Сол жердегі тері жабындысы қып-қызыл. Бала 6 жасында кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезімен ауырған, фитизиатрдың бақылауынан 2 жылдан соң шығарылды, содан кейін туберкулезге тексерілмеді.

Аталғанның ішінде ең ықтимал осы жағдайда болатын диагноз қандай?

* Туберкулезді лимфаденит, инфильтративті форма

* Туберкулезді лимфаденит, фиброзды-казеозды форма

* +Туберкулезді лимфаденит, казеозды-некрозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-жаралы форма

* Туберкулезді лимфаденит, индурациялық форма

 

! 7 жастағы балада мойын және жақ асты лимфа түйіндерінің «орман жаңғағы» тәрізді үлкейгені анықталды. Олар қатты ауру сезімімен, қып-қызыл, сипалап қарағанда ыстық, ортасы жұмсарған.

Аталғанның ішінде бірінші кезекте лимфадениттің қай формасына ең лайықты болады?

* Лимфогранулематозді

* +Бейспецификалық

* Мононуклеозді

* Tуберкулезді

* Қатерлі ісікті

 

! Бала 10 жаста, жедел отитпен ауырғаннан кейін жақ асты лимфа түйіндерінің түрлі көлемді (1-3,5 см) үлкейгені анықталды. Олар қатты ауру сезімімен, түсі қып-қызыл, пальпацияда ыстық, қызбалы, ортасы жұмсарған.

Қандай лимфадениттің клиникалық сипаттамасы науқаста?

* Қатерлі ісікті

* Tуберкулезді

* Қатерсіз ісікті

*+Бейспецификалық

* Зоонозды инфекциясы

 

! 14 жастағы науқас, Сол жақты ауруханадан тыс пневмония диагнозымен ауруханада болды. Кең спектрлі антибиотиктерді 15 күн бойы қабылдаған, бірақ оңтайлы әсері болмады. Айқын интоксикация белгілері, дене қызуы түспеді. Кеудесінде ауырлық сезімі пайда болды, қалыпты жағдайдағы ентігу, сол жақ бүйірінде жатқанын жайлы көрді. Рентгенде: өкпенің сол жағында 2 қабырғадан диафрагмаға дейін гомогенді, қанық көлеңке ішкі қиғаш контурымен анықталды. Кеуде аралығы оң жаққа ығысқан. Манту сынамасы – папула 21 мм. Отбасында әкесі туберкулезбен ауырған.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

* +Экссудативті плеврит

* Инфильтративті туберкулез

* Ошақты-қосылған пневмония

* Плевритпен асқынған пневмония

* Aтелектазбен асқынған пневмония

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 5 жасар А. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Осындай үрдісте орталық жүйке жуйесінде дамитын ең ықтимал морфологиялық өзгерістер қандай болады?

* +Жұмсақ ми қабатының серозды-фибринозды қабынуы

* Эндо-периартериит келесі ми затының жұмсаруымен

* Бульбарлы нервтерінің қабынуы (9, 10, 12 жұп)

* Жұлынның және оның қабаттарының қабынуы

* Ми негізінің спецификалық зақымдалуы

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 11 жасар П. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Баладағы ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

* Менингиттің базилярлы формасы

* +Менингиттің серозды формасы

* Спинальды лептопахименингит

* ӨДТ менингеальды формасы

* Менингоэнцефалит формасы

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 11 жасар О. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Үрдістің өршу кезінде, шамамен 7-10 күннен кейін болатын ең ықтимал клиникалық белгілері қандай?

* Клоникалық-тоникалық тырысулар, бұлшық еттерінің қатаюы

* Шеткі парез бен паралич, еріксіз үлкен-кіші дәреттің кетуі

* Патологиялық үйқышылдық, мезгілмен құсуы, бас ауруы

* Кома жағдайы, орталық салданулар мен парездер

* +Ступор жағдайы, бас-ми нервтерінің қабынуы

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 6 жасар П. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. В ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Үрдістің өршу кезінде, шамамен 2 аптадан кейін болатын ең ықтимал клиникалық белгілері қандай?

* Клоникалық-тоникалық тырысулар, бұлшық еттерінің қатаюы

* Шеткі парез бен паралич, еріксіз үлкен-кіші дәреттің кетуі

* Патологиялық үйқышылдық, мезгілмен құсуы, бас ауруы

*+ Кома жағдайы, орталық салданулар мен парездер

* Ступор жағдайы, бас-ми нервтерінің қабынуы

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 4 жасар Т. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Үрдістің өршу кезінде, шамамен 3-4 аптадан кейін болатын ең ықтимал клиникалық белгілері қандай?

* Клоникалық-тоникалық тырысулар, бұлшық еттерінің қатаюы

*+Шеткі парез бен паралич, еріксіз үлкен-кіші дәреттің кетуі

* Патологиялық үйқышылдық, мезгілмен құсуы, бас ауруы

* Кома жағдайы, орталық салданулар мен парездер

* Ступор жағдайы, бас-ми нервтерінің қабынуы

 

! Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 5 жасар М. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Бұл балада осыдан 1-2 апта бұрын болған ең ықтимал клиникалық белгілері қандай?

* Клоникалық-тоникалық тырысулар, бұлшық еттерінің қатаюы

* Шеткі парез бен паралич, еріксіз үлкен-кіші дәреттің кетуі

* +Патологиялық үйқышылдық, мезгілмен құсуы, бас ауруы

* Кома жағдайы, орталық салданулар мен парездер

* Ступор жағдайы, бас-ми нервтерінің қабынуы


! 17 жасар Д. жасөспірімде жөтел, өз мөлшерде қақырық, дене қызуы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, қан түкіру мазалайды. Ауру 3 апта бұрын суық тиюден басталған, бронхиттен емделді, бірақ тиімді болған жоқ. Оң жақ жоғарғы бөлігінде әлсіз тыныс, бірлі жарым майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің оң жақ бөлігінде С1-3 жарықтану аймақтары мен инфильтратты көлеңке көрінеді, бөлікаралық плевра қалындаған.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Плевропневмония

* Қосылмалы пневмония

* Деструктивті пневмония

* Көпсегменттік пневмония

* +Инфильтративті туберкулез

 

! 16 жасар жасөспірімде профилактикалық флюорографияда алғашқы рет өкпенің оң жақ бөлігінде (С2 ) қанық (тығыз) және қанықтылығы орта ошақтар табылған. Бактериоскопиялық әдіспен қақырықтан туберкулез микобактериялары табылған жоқ.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* +Фиброзды-ошақты туберкулез

* Инфильтративті туберкулез

* Жұмсақ-ошақты туберкулез

* Өкпе туберкулемасы

* Ошақты пневмония

 

! 15 жасар науқаста флюорографиялық тексеруінде өкпенің С2 бөлігінде әлсіз және қанықтылығы шамалы ошақты көлеңкелер анықталды. Айқын улану белгілері бар. Манту сынамасы – 17 мм. Бактериоскопиялық әдіспен бронх шайынды суынан туберкулез микобактериялары табылған (ТМБ оң). Науқас колледж жатақханасында тұрады.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* +Ошақты туберкулез инфильтрация фазасында

* Ошақты туберкулез тығыздану фазасында

* Фиброзды-ошақты қалдықты өзгерістер

* Ошақты туберкулез сіңірілу фазасында

* Өкпенің инфильтративті туберкулезі

 

! 14 жасар науқас М. әлсіздікке, тез шаршағандыққа, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Флюорографиялық тексеруде сол өкпенің жоғарғы бөлігінде өлшемі 2,0х2,5 см шеңбер тәрізді, орташа интенсивті, гомогенді, шеттері анық көлеңке табылған. Гемограммада: эритроциттер 3,8 х 1012/л, гемоглобин 126 г/л, лейкоциттер 8;9 х 109/мл, ЭТЖ – 16 мм/сағ. Қақырықтан туберкулез таяқшасы бактериоскопиялық әдіспен табылмады.

Алдын-ала қоятын болжам диагнозыңыз қандай?

* Перифериялық рак

* Өкпенің эхинококкы

* Сегментарлы пневмония

* +Өкпенің туберкулемасы

* Өкпенің ошақты туберкулезі

 

! 15 жасар колледж оқушысының флюорографиялық тексеру кезінде оң өкпесінің S1 бөлігінде әлсіз және қанықтылығы шамалы шеттері анық емес ошақтар. Аз мөлшердегі қақырықпен жөтел мазалайды. Анамнезінде: 3 жыл мерзімінде күніне½ қорап шылым шегеді. Өткен жылдағы флюорографиясы патологиясыз. Қақырықтан туберкулез таяқшасы табылмады.

Қойылатын ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Перифериялық рак

* Ошақты пневмония

* Созылмалы бронхит

* +Өкпенің ошақты туберкулезі

* Бронх-лобулярлы инфильтрат

 

! 17 жасар студент Ч. Р.-дің флюорографиялық тексеруінде оң өкпесінің S1 бөлігінде әлсіз және қанықтылығы шамалы шеттері анық емес ошақтар. Аз мөлшердегі қақырықпен жөтел мазалайды. Анамнезінде: 2 жыл мерзімінде күніне қорап ½шылым шегеді. Өткен жылдағы флюорографиясы патологиясыз. Қақырықтан туберкулез таяқшасы табылмады. Туберкулез ауруханасында емді қабылдап жатыр.

Сіздің қойған ең ықтимал клиникалық диагнозыңыз қандай?

* +Инфильтрация фазасында оң өкпенің ошақты туберкулезі, ТМБ(-)

* Тығыздалу фазасында оң өкпенің ошақты туберкулезі, ТМБ(-)

* Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ(-)

* Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ(-)

* Өкпедегі фиброзды-ошақты қалдықты өзгерістер

 

! Өкпенің инфильтратты туберкулезінің ем нәтижесінде, инфильтрат орынында өлшемі 3,0 х 3,5 см, жан-жағында бірлі-жарым фиброзбен, шеңбер тәрізді көлеңке рентгенологиялық әдіспен анықталған.

Аталғанның ішінде осы науқастан күтілетін болжалды ем нітижесі қандай болады?

* Фиброзды-ошақты туберкулез

* Инфильтратты туберкулез

* Кавернозды туберкулез

* +Өкпе туберкулемасы

* Ошақты туберкулезі

 

! 16 жастағы науқас М. Қақырығында қан араласқан жөтелге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Бозғылт, азған, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Оң жақ жауырын аралығында өкпе дыбысы қысқарған. Сол аралықта әлсіз везикулярлық тыныс. Қақырығында ТМБ табылмаған. Аумақты шолу рентгенограммада: оң жак өкпенің S1 бөлігінде өлшемі 4 см, гомогенсіз, контуры анық, шеңбер тәрізді, бір шетінде ай тәрізді жарықтануымен фокус анықталады. Өкпе түбірінде әктенген лимфа түйіндері.

Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз:

* Өкпенің ретенциялы кистасы

* Шеңбер тәрізді инфильтрат

* +Өкпенің туберкуломасы

* Өкпенің асперигиломасы

* Өкпенің шеткі обыры

 

! 16 жасар науқаста О.Р.: сол өкпенің жоғарғы бөлігіндегі инфильтратты туберкулезі ТМБ (+), ыдырау сатысындағы анықталған. 5 жасында туберкулезбен ауырып, жазылған.

2014 ж. №19 бұйрығына сәйкес жіктелу бойынша туберкулездің қандай ауру жағдайына дәрігер осы науқасты тіркейді?

* +Рецидив

* Жаңа жағдай

* Қолайсыз ем

* Үзіліспен ем

* Созылмалы жағдай

 

! 14 жасар Е. науқастың аумақты кеуде торының рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігінің 1-2-3 сегменттерінде шеті анық емес, гомогенді емес көлеңке көрінген. Бөлік аралық плеврасы қалындаған. Оң жақ түбірі айқын көрінбейді. Өкпенің төменгі бөліктерінде әлсіз және қанықтылығы орташа ошақтар.

Аталғанның ішінде рентгендік өзгерістер туберкулездің қандай клиникалық түріне сәйкес болады?

* Бронх-лобулярлы инфильтрат

* +Бұлт тәрізді инфильтрат

* Бөлікаралық инфильтрат

* Жоғарғы бөлікті лобит

* Кавернозды туберкулез

 

! 14 жастағы К. науқаста: ТМБ (+), ыдырау және себілу фазасындағы инфильтративті туберкулезі анықталған. Қақырығында қан талшықтары пайда болды, тәулікте 10 мл көлемге дейін қанды қақырық бөлінді.

Науқаста асқынудың қай түрі дамыған?

* Үрдістің өршуімен өкпенің ыдырауы

*+Өкпенің ыдырауы және қан түкіру

* Өкпенің ыдырауы және қан кету

* Өкпелік тіннің ыдырауы

* Өкпелік қан кетуі

 

! 16 жастағы Н. науқаста: ТМБ (+), ыдырау және себілу фазасындағы инфильтративті туберкулезі анықталған. Қақырығында қан талшықтары пайда болды, тәулікте 10 мл көлемге дейін қанды қақырық бөлінді.

Науқаста бұл асқынудың даму себебі қандай?

* Өкпе артериясының тамырларының жарылуы

* +Қан тамырлар өткізгіштігінің жоғарлауы

* Бронхиалды артерияның жарылуы

* Ыдырау қуыстарына байланысты

* Қосымша жарақаттар бар

 

! 17 жасар науқаста кенеттен артқы сол жақ бүйірінде ауру сезімі пайда болды. Сонымен бірге құрғақ жөтел, ентігу, жүрек қағуы, суық тер бар. Тері жабындысы бозғылт, пульсы 100 рет/минутына, а.қ.қ. - 190/100 мм с.б. Жүрек үндері тұйықталған. Сол жағында дауыс дірілі жоқ. Перкуторлы дыбыс сол жағында қорапты. Аускультацияда тынысы бірден әлсіреген.

Сіздің ойыңызша науқастың жағдайы неге байланысты күрт нашарлаған?

* Cтенокардияның дамуына

* Миокард инфарктінің дамуына

* Экссудативті плевриттің қосылуына

* +Спонтанды пневмоторакспен асқынуына

* Қабырға аралық невралгияның қосылуына

 

! Өкпенің инфильтратты туберулезімен 15 жастағы науқастың 8 йлық емнен кейін жағдайы жақсарған, улану белгілері жойылған, рентгенде: инфильтраттың орынында жіңішке қабатты сакина тәрізді көлеңке, көлемі 2 х 2 см, айналасында бірен-саран фиброзды-ошақты өзгерістермен анықталған. Қақырықта ТМБ-ры жойылған.

Туберкулездің ең ықтимал клиникалық формасы қандай?

* Өкпе туберкуломасы

* Қалдықты өзгерістер

* +Кавернозды туберкулез

* Инфильтратты туберкулез