Теориялық сұрақтар

13. А.Байтұрсыновтың “Қазақша сөз жазушыларға” мақаласында жайлы айтылған?

14. А.Байтұрсынов мұраларының зерттелуі жайлы не білесіз?

15. А.Байтұрсыновтың “Шаһзаман мырзаға” мақаласы жайлы не айтасыз?

16. А.Байтұрсыновтың интернационалдық терминдерге көзқарасы?

Тест тапсырмалары

1. А. Байтұрсынов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А. 1973 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

В. 1873 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

С. 1874 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

Д. 1898 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

Е. 1854 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

 

2. А. Байтұрсынов 1891 жылы қай оқу орнын бітіреді?

А. Торғайдағы педагогикалық институтты

В. Орынбордағы үш кластық гимназияны

С. Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесі

Д. Қостанайдағы орта мектепті

Е. Омбыдағы қазақ-түрік училищесі

 

3. А. Байтұрсынов «Учительская школаны» қай жылы бітіреді?

А. 1982 жылы

В. 1785 жылы

С. 1987 жылы

Д. 1895 жылы

Е. 1896 жылы

 

4. А.Байтұрсынов 1907 жылы қай түрмеде отырады?

А. Уфа

В. Қостанай

С. Омбы

Д. Қазан

Е. Қарқаралы

 

5. А. Байтұрсыновтың алдына қойған басты мақсаты?

А. мұғалім болу

В. кітап жазу

С. халықты сауаттандыру

Д. әдістеме жазу

Е. көркем шығарма жазу

 

6. «Сауат аштыру» әдістемесін А.Байтұрсынов қай еңбегінде көрсетті?

А. Тіл жұмсар

В. Оқу құралы

С. Тіл-құралы

Д. Әліп-би астары

Е. Әдебиет танытқыш

 

7. А. Байтұрсынов бойынша «баяншы мүше» деп қай мүшені айтамыз?

А. анықтауыш

В. бастауыш

С. пысықтауыш

Д. толықтауыш

Е. баяндауыш

8. Басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін айтылатын сөздерді қандай үстеу дейміз?

А. сынаулық үстеу

В. нықтаулық үстеу

С. өлшеулік үстеу

Д. мезгілдік үстеу

Е. мекендік үстеу

 

9. Нықтаулық үстеуді табыңыз.

А. кешке дейін

В. жақсы оқиды

С. нақ сол

Д. атам заманнан

Е. тыста жатыр

10. А. Байтұрсынов бойынша істің сынын көрсететін сөздерді үстеудің қай түріне жатқызамыз?

А. мекендік үстеу

В. нықтаулық үстеу

С. өлшеулік үстеу

Д. сынаулық үстеу

Е. мезгілдік үстеу

 

11. Ғалым сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді үстеудің қай түріне жатқызады?

А. мезгілдік үстеу

В. сынаулық үстеу

С. нықтаулық үстеу

Д. мекендік үстеу

Е. өлшеулік үстеу

 

12. А. Байтұрсыновтың семантикалық тәсілмен жасалған терминдерін көрсетіңіз.

А. жұрнақ, жалғау, шумақ

В. жақша, сызықша, көсемше

С. қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз

Д. жалаң сөйлем, жайылма сөйлем

Е. әліппе, мазмұндама

13. Терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалымды атаңыз.

А. Ө. Айтбаев

В. Ә. Қайдаров

С. А. Байтұрсынов

Д. М. Жүсіпов

Е. Р.Сыздықова

14. А. Байтұрсыновтың термин жасауда негізгі пайдаланған тәсілі?

А. морфологиялық

В. семантикалық

С. синтаксистік

Д. калькалау

Е. фонетикалық

15. А. Байтұрсыновтың калькалау тәсілімен жасаған терминдерін көрсетіңіз.

А. зат есім, сын есім

В. жұрнақ, жалғау

С. дауысты, дауыссыз дыбыстар, қос сөз

Д. дәйекші

Е. нүкте, харіп

16. Ілезділік одағайды табыңыз.

А. Ух! Ах! Ай!

В. Былдыр-былдыр

С. Өк! Өк!

Д. Қалт

Е. Пәлі!

17. Еліктеу одағайды табыңыз.

А. күрс

В. қаңқ-қаңқ

С. күс-күс

Д. тәйт

Е. жүрегім

18. А.Байтұрсынов бойынша «лап, шап, жұлт, зып, сып, дүрс» - одағайдың қай түріне жатады?

А. шақырыс одағайы

В. еліктеу одағайы

С. ілезділік одағай

Д. жалғаулыққа

Е. демеулікке

19. А. Байтұрсынов термин жасаудағы ұстанған негізгі принципі

А. көнерген сөздерді жаңғырту

В. орыс тілінен аударып алу

С. интернационалдық терминдерді пайдалану

Д. жаңадан сөздер ойлап табу

Е. Қазақ тілінің өз мүмкіндігін пайдалану

20. А. Байтұрсынов пікірінше қазақ тілінде қанша дыбыс бар?

А. жиырма төрт

В. жиырма бес

С. жиырма алты

Д. қырық екі

Е. қырық төрт

21. А. Байтұрсынов қай дыбыстарды «жарты дауысты» деп атады?

А. у, е

В. у, й

С. у, ө

Д. у, и

Е. у, ү

22. А.Байтұрсыновтың пікірінше қанша дауысты дыбыс бар?

А. алты

В. бес

С. төрт

Д. үш

Е. екі

 

23. А. Байтұрсынов пікірінше қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?

А. он жеті

В. он сегіз

С. он тоғыз

Д. он алты

Е. он бес

 

24. А. Байтұрсынов жалғауды қалай атады?

А. қосымшалар

В. ішкергі жалғау

С. қосымша жалғау

Д. тысқарғы жалғау

Е. жалғаулықтар

 

25. А. Байтұрсынов жұрнақты қалай атады?

А. жалғаулықтар

В. қосымша жалғау

С. қосымшалар

Д. тысқарғы жалғау

Е. ішкергі жалғау

 

Ағымдық бақылау №1

Нұсқа