Серпімдік күші. Гук заңы

 

Серпімді деформацияланған денелерде туындайтын күштерді – серімділік күштер деп атайды.

Деформация – сыртқы күш әрекет еткенде дене пішінінің (формасының) және көлемінің өзгеруі.

Серпімді деформация – сыртқы әрекетті алып тастағанда жойылады.

Пластикалық (серпімсіз) деформация – сыртқы әрекетті алып тастағанда жойылмайды.

Серпімділік күштердің табиғаты электрмагниттік (молекулааралық) әрекеттесумен байланысты.

= –kx [х = ∆l] = м [k] = H/м

 

(Fс)х – серпімділік күші векторының Ох осіне проекциясы

х = ∆l – дене деформациясының шамасы (созылу деформациясы болғанда, x > 0; сығылу деформациясы болғанда, x < 0)

k – дене қатқылдығы (серіппелер)

 

Гук заңы

 

[Е] = Па

E – Юнг (серпімділік) модулі

S – дененің көлденең қимасының ауданы

l – дене ұзындығы

 

Серпімділік (қатқылдық) коэффициенті


Йкеліс күштері

 

Үйкеліс - әртүрлі түйіскен денелердің өзара орын ауыстыруына қарсылық жасайтын әрекеттесу.

Үйкеліс күші - түйіскен денелердің беттері бойымен өзара ығысуға (немесе мүмкін болатын ығысуға) қарсы бағытталады.

Үйкеліс күштерінің табиғаты – электрмагниттік, тыныштықтық үйкеліс күші – денені орнынан ығыстыруға тырысқан күш болған пайда болғанда туындайды және модулі бойыша соған тең.

μ0 – үйкеліс коэффициенті

(Fμ0)max – ең үлкен тыныштық үйкеліс күші

– сыртқы күш

Сырғанау үйкеліс күші - екі түйісетін дене өзара қозғалыста болғанда туындайды және нормальдық қысым күшінен тәуелді.

Үйкеліс коэффициенті μ – дененің материалынан және түйісетін беттің күйінен тәуелді.

Тұтқырлық үйкеліс күші - дене сұйықта немесе газда қозғалғанда туындайды және дене жылдамдығынан тәуелді (бұл күшті басқаша кедерге күші деп атайды)


Импульс сақталу заңы

 

Денелер жүйесін қарастырайық

 

Денелерге әсер етеді:

Ішкі күштер – жүйеге кіретін денелер арасындағы өзара әрекет күштері

Сыртқы күштер – жүйеге кірмейтін денелердің әрекеті

Тұйық (оқшауланған) жүйе – тек қана ішкі күштер болатын денелер жүйесі.

 

Жүйенің импульсі жүйеге кіретін денелер импульстерінің векторлық қосындысы

 

Ньютонның үшінші заңына сәйкес ішкі күштер қосындысы нөлге тең, сондықтан жүйе импульсінің өзгерісі тек қана сыртқы күштермен байланысты.

Тұйық жүйеде , онда ,

Тұйық денелер жүйесінде импульс сақталу заңы:

Инерциалды санақ жүйелерінде жүйенің импульсі сақталады.

 


Механикалық жұмыс. Қуат

 

Тұрақты күш әсер еткенде дене орын ауыстыру жасағандағы жұмыс А – осы векторлардың скалярлық көбейтіндісі:

және векторлар арасындағы бұрышқа байланысты:

 

а) А>0, егер бұрыш сүйір
ә) А<0 егер бұрыш доғал
б) А=0 бұрыш тік

 

Айнымалы күштің дене 1→2 орын ауыстырғандағы жұмысы:

, мұнда

күштің орын ауыстыру бағытына проекциясы.

Егер күштің тәуелділік графигі белгілі болса, жұмыс күш сызығының астындағы ауданға тең

Орташа қуат :

 

 

Тұрақты күштің қуаты , мұнда α – күш және жылдамдық векторлары арасындағы бұрыш.



>23
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • Следующая ⇒
  •