Онкоцитологияға жағынды алу
ОСКЕ станциясы
| № | Қадамдар | Балдар | ||
| Пациентті дайындайды. | ||||
| Қолдарын өңдеп дайындайды. | ||||
| Қынапқа Куско айнасын енгізеді. | ||||
| Жатыр мойнын дайындайды. | ||||
| Материалды алады. | ||||
| Материалды бекітеді. | ||||
| Қолғаптарды шешеді. | ||||
| Жолдама жазады. | ||||
| Қорытынды балл саны. |
Максималды балл - 12
Станцияға берілген уақыт – 5 мин
Станцияның рейтингісі:
«Өте жақсы» __11___- __12___ балл
«Жақсы» __9___- __10___ балл
«Қанағаттанарлық» __7___- __8___ балл
«Қанағаттанарлықсыз» __7___баллдан төмен
Емтихан алушының қолы _________________ Күні____________

Интернатура бойынша жалпы дәрігерлік тәжрибе кафедрасы
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Трахеостомия
ОСКЕ станциясы
| № | Қадамдар | Балдар | ||
| 1. | Науқасты дұрыс жатқызды | |||
| 2. | Қолдарын дұрыс өңдеді | |||
| 3. | Қажетті құрал-жабдықтарды таңдады | |||
| 4. | Операциялық алаңды өңдеді | |||
| 5. | Тілу орнын таңдады | |||
| 6. | Жергілікті жансыздандыруды орындады | |||
| 7. | Трахеостомияны бастады | |||
| Екінші және үшінші фасциялардың жапырақшаларын тілді | ||||
| 9. | Төртінші фасцияның жапырақшасын тілді | |||
| 10. | Кеңірдектен қалқанша безінің мойыншығын төртінші фасциямен бірге бөлді | |||
| 11. | Мұқият гемостаз жасады | |||
| 12. | Көмейді бекітті | |||
| 13. | Кеңірдектің 2-3 жоғарғы шеміршектерін тілді | |||
| 14. | Кеңірдектің жарасына кеңейткішті енгізді | |||
| 15. | Кеңірдек саңылауына канюляны енгізді | |||
| 16. | Кеңейткішті шығарды | |||
| 17. | Канюляның қалқаншасын фронтальді жазықтыққа ауыстырды | |||
| 18. | Тері жарасын тікті | |||
| 19. | Операциялық жараны қаннан құрғатты | |||
| 20. | Канюляны бекітті | |||
| Қорытынды балл саны |
Максималды балл - 37
Станцияға берілген уақыт – 5 мин
Станцияның рейтингісі:
«Өте жақсы» __33___- __37___ балл
«Жақсы» __28___- __32___ балл
«Қанағаттанарлық» __22___- __27___ балл
«Қанағаттанарлықсыз» __22____баллдан төмен
Емтихан алушының қолы_________________ Күні____________
ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ
Трахеостомия
| № | Қадамдар | Орындау критерийлері |
| 1. | Науқасты дұрыс жатқызды | Науқасты арқасына жатқызып, басын артқа шалқайтып, тік жатқызып, иық астына валик салу |
| 2. | Қолдарды дұрыс өңдеді | Қолдарды мұқият антисептикалық ерітіндімен өңдеп, стерильді қолғаптар кию |
| 3. | Қажетті құрал- жабдықтарды таңдады | Тамырлық қысқыштарды, скальпельді, трахеостомиялық түтікті, жара ашқышты, Кохер зондын, Буяльскийдің күрекшесін, стерильді салфеткаларды, 1% спиртті йод ерітіндісін, шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, жібек жіптерді, инелерді, біртісті ілмекті таңдап алу |
| 4. | Операциялық алаңды өңдеді | Пинцетпен стерильді салфетканы алу, 1% йодонат ерітіндісімен сулау (повидон, летодин) және операциялық алаңды үш рет және 70% спиртпен бір рет өңдеу. |
| 5. | Тілу орнын таңдады | Сақина тәрізді шеміршекті пальпациялау |
| 6. | Жергілікті жансыздандыруды орындады | 0,5% новокаин ерітіндісін 20 мл шприцке толтырып, тілген орынға тері астына енгізіп жансыздандыру |
| 7. | Трахеостомияны бастады | теріні тері асты май қабатыменжәне беткейлік фасциямен бірге тіліп, мойынның орта сызығымен сақиналы шеміршектен төстің яремды ойығына дейін 5-6 см тереңдікте кесу |
| 8. | Екінші және үшінші фасциялардың жапырақшаларын тілді | Скальпельді қолда өткір жағымен төмен қаратып, төменнен жоғары қарай фасцияның екінші және үшінші жапырақшаларын тілу |
| 9. | Төртінші фасцияның жапырақшасын тілді | Скальпельді өткір жағымен төмен қарай ұстауды жалғастыра отырып, қалқанша безінің мойыншығын сақиналы шеміршекке бекітетін төртінші фасцияның жапырақшасын көлденең бағытта тілу |
| 10. | Кеңірдектен қалқанша безінің мойыншығын төртінші фасциямен бірге бөлді | Қалқанша безінің мойыншығын тұйық құралдың көмегімен (Кохер зонды) кеңірдектен төртінші фасциямен бірге бөлу және трахеяның жоғарғы сақинасын жалаңаштау арқылы оны төмен қарай жылжыту |
| 11. | Мұқият гемостаз жасады | Қансыраған ұсақ тамырларды жұмсақ тамырлық қысқыштармен ұстау және жібек жіптермен тігу |
| 12. | Көмейді бекітті | Сақина тәрізді шеміршектің доғасын бір тісті ілмекпен тесу және көмей мен кеңірдекті жоғары қарай тарту |
| 13. | Кеңірдектің 2-3 жоғарғы шеміршектерін тілді | Қолға скальпельді өткір жағымен жоғары қаратып алып, сұқ саусақпен кеңірдекке 1см енуін шектеп,трахеяның жоғарғы 2-3 шеміршектерін тілу (трахеяның ашылуы уақытша апноэмен және жөтелмен бірге жүреді) |
| 14. | Кеңірдектің жарасына кеңейткішті еңгізді | Жөтел тоқтағаннан кейін, жараның қырларын кеңейтіп, кеңірдек кеңейткішін енгізу |
| 15. | Кеңірдек саңылауына канюляны еңгізді | Канюляныңқалқаншасын сагиттальді жазықтықта орналастырып кеңірдек саңылауына енгізу |
| 16. | Кеңейткішті шығарды | Кеңірдек жарасынан кеңейткішті алып тастау |
| 17. | Канюляның қалқаншасын фронтальді жазықтыққа ауыстырды | Канюляны төмен жылжытумен қатар оның қалқаншасын фронтальді жазықтыққа ауыстыру |
| 18. | Тері жарасын тікті | Трахеостомиялық түтікшеге дейін теріге қабат бойынша бірнеше тігістерді салу |
| 19. | Операциялық жараны қаннан құрғатты | Канюляның астына үлкен емес салфетканы салу |
| Канюляны бекітті | Канюляны науқастың мойнына екі марля лентасымен бекіту |