Автоклавтаудағы стерилизация режимі

Режим 1 - температура 132°С, бу қысымы 2 атм., уақыт 20 мин. Коррозияға қарсы материалдан, шыныдан, текстильді материалдан жасалған заттар стерилизациясы үшін қолданылады.

Режим 2 - температура 120°С, бу қысымы 1,1 атм., уақыт 45 мин. Резеңкеден және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.

Режим 3 - температура 134°С, бу қысымы 2 атм.,уақыт 5 мин. және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.

Стерилизацияланған заттарды сақтау мерзімі постерилизацияланған, фильтрацияланбаған қораптарда үш тәулікке тең, фильтрлі стерилизацияланған биксте 20 тәулікке дейін.

Залалсыздандырудың ауалық түрі

Шыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді. Бұл стерилизатор- дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады (сурет 8).

www.8a.ru

 


Сурет 8.

Рғақ- ыстықты залалсыздандыру

Залалсыздандыратын камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін құрғақ және ыстық ауаны бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны жояды, кейін шкафтың есігі ашық кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін ысытады. Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру арнайы дымқылданбайтын қағазда, ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі

Зарарсыздандыру режимдері

Бірінші режим (негізгі) - температурасы 180°С, уақыты 60 минут. Шыныдан және металлдан жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Екінші режим (жеңілдетілген) - температурасы 100°С, уақыты 150 минут. Резеңкеден жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

 

Стерилизацияның химиялық әдісі

Полимерлі заттар, резина, шыны, коррозияға –берікметаллдарды залалсыздандыру үшін қолданылады.Залалсыздандыру пластмассадан жасалған жабық сыйымдылықта немесе эмальмен жабулы пластмассада жүргізіледі. Эмальмен жабулы пластмасса еш бұзылыссыз болуы керек. Қазіргі кезде залалсыздандыруға ашпа ретінде6%сутегінің асқын тотығын және дезоксин-1 пайдаланылады.

Сутегінің асқын тотығыайқын залалсыздандырушы әсерге ие.

1. 6% сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен стерилизациялау режимі:

1) Температурасы 18°С, экспозициясы 360 минут.

2) Температурасы 50°С, экспозиция 180 минут.

Рал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәулік).

2. «Дезоксон-1» ерітіндісінің коррозиялық әсері бар, сондықтан барлық заттарды стерилизациялауға келмейді.

«Дезоксон-1» ерітіндісімен зарарсыздандыру режимі:

1% ерітіндіні қолданады (200 мл препараты 8000 мл ағынды сумен араластырады). Дайын ерітіндіге толығымен салып қояды, температурасы 18°С, экспозициясы 45 минут. Стерилді суда жуады, 5 минутқа салып қойып, суды үш қайтара ауыстырады. Стерилді жаймаға салады. Стерилді мерзімі– 3 тәулік.