Шап аралығын және жыныс мүшелерін күту

Санитарлы емшараны орындауды бастау алдында науқастың кереуетін ширмамен жабады. Судно және зәрқабылдағышпен барлық емшараны қолғап киіп орындайды (сур. 81).

dic.academic.ru

 


Сурет 81

Науқасқа судно беру

 

Емшараны орындау:

1. Науқастың жамбасының астына жайма төсейді.

2. Суднаны жылы сумен шайып, онда шамалы су қалдырады.

3. Науқастың сегізкөзінің астына абайлап қолды бағыттап баяу жамбасын көтереді, бұл кезде пациенттің аяғы тізе буынына бүгіледі.

4. Судноның жіңішке бөлігі сегізкөздің астына, шат аралығы судно тесігінің үстіне қаратып қойылады.

5. Пациентің үстіне көрпе жабу.

6. Дәретке отырғаннан кейін науқастың шат аралығын жуу.

7. Судноны және жайманы алу.

8. Судноны төгіп, залалсыздандыру.

Зәрқабылдағышты беру емшарасы осылай жүргізіледі, он пациенттің аяқтарының арасына қойып ұшын зәр шығару түтігіне жалғайды (еркектердің жаныс мүшесіне түтікше кигізіледі). Зәрін ұстай алмайтын еркектерге катетер және зәр жинайтын қап қолданған ыңғайлы (сур. 82).

Жабдықтар: зәрқабылдағыш, зәрге арналған контейнер, жалғайтын түтікше, қолғап, салфеткалар, антисептикалық ерітінді, клеенка, жайма.

 

palliativ.ru

 


Сурет 82

Зәрқабылдағышты қолдану техникасы

 

Емшараны орындау:

1. Пациенттен жамбасын көтеруді өтіну және жамбасының астына жайма және клеенка төсеу.

2. Пациенттен тізе буынын бүгіп аяғының арасын ашуды өтіну.

3. Пациентті жуындыру.

4. Зәрқабылдағыштың қорабын ашу.

5. Сол қолмен жыныс мүшесін ұстап, оң қолмен зәрқабылдағыштың қатты бөлігінен ұстау.

6. Зәрқабылдағышты жыныс мүшесінің басына кигізу.

7. Зәрқабылдағышты жазу және оны жыныс мүшесіне бекіту.

8. Зәрқабылдағышқа түтікшені енгізу, оның ұшын зәр жинауға арналған контейнерге жалғау.

9. Контейнерді кереуетке немесе пациенттің аяғына бекіту.

Заманауй зәрқабылдағыштар қоршаған ортаға еш байқалмайтындай етіп жасалынған. Олардың пішіні жалпақ, олар иісті өткізбейді, сықырламайды және тіпті киімнің астынан көрінбейді. Қажет болған жағдайда шешілетін зәрқабылдағышты пациенттің беліне бекітуге немесе киімнің ішкі жағындағы үлкен қалтаға салып қоюға болады.

Пациентті жуындыру алгоритмі

Жабдықтар: залалсыздандырылған астауша, корнцанг, зарарсыздандырылған мақта тампондары, клеенка, судно, таза жаймалар, суқұйғыш (жылы 30-35°С сабынды ерітіндімен), жылы су немесе антисептик толтырылған Эсмарх түтікшесі (фурациллин ерітіндісі 1:5000), қолғап, клеенкалы алжапқыш, жойылатын қап.

Кереуетте ер адамды жуындыру (сурет 83 а, б)

boombob.ru

 

 


Сурет 83

Науқасты жуындыру

 

 

Емшараны орындау:

1. Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну.

2. Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу.

3. Алжапқыш, қолғап кию.

4. Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау.

5. Жыныс мүшесінің ұшын абайлап кері тартып ұшын шығару.

6. Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу.

7. Жууды сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай бағыттау керек, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: жыныс мүшесінің басы, жыныс мүшесінің терісі, шап аралық, ұма және артқы тесік аймағы.

8. Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды

9. Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді.

10. Судно және клеенканы жинау.

11. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу.

12. Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу.

13. Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру.

14. Қолды жуу.

Кереуетте әйел адамдарлы жуындыру (сурет 83 в, г, д)

Емшараны орындау:

1. Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну.

2. Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу.

3. Алжапқыш, қолғап кию.

4. Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау.

5. Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу.

6. Жууды сыртқы жыныс мүшелерінен анусқа қарай бағыттайды, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: кіші жыныс еріндері, үлкен жыныс еріндері, шап аймағы, аралық, артқы тесік аймағы.

7. Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды

8. Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді.

9. Судно және клеенканы жинау.

10. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу.

11. Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу.

12. Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру.

13. Қолды жуу.

Заманауй технология дымқыл антибактериальды немесе дезинфекциялық ерітінді сіңірілген салфеткаларды қолдануды ұсынады. Салфеткалық өңдеуді толық жүргізеді: тазартады, ылғалдандырады, теріге жағымды иіс береді, сонымен қатар жуғаннан кейін шаюды қажет етпейді.

Науқасқа дұрыс күтім жүргізу оның жазылу үдерісін жылдамдатып қана қоймай сонымен қатар ауыр жағдайларда пайда болатын асқыныстардың алдын-алады. Ал керісінше күтімді дұрыс ұйымдастырмау, дәрігердің тағайындауын дұрыс орындамау науқастың жазылу үдерісін баяулатады, тіпті жағдайын нашарлатуы да мүмкін.

Науқасты күтуді дұрыс ұйымдастыру үшін күтетін адам арнайы білім мен тәжірибемен қатар нақты моральды-психологиялық сапаны меңгеру қажет, себебі науқастың көңіл-күйі және тілегі жазылу үдерісіне маңызды әсерін тигізеді. Дегенмен, жақсы көңіл-күй және және оптимизм жақсы өмірге қарағанда сырқаттану кезінде оңайға соқпайды, сондықтан күтуші адам барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып тыныш атмосфераны орната білуі керек. Комфорт атмосферасын туғызуда науқастың айналасындағы барлық заттар қатысады: жиһаздар, жарық, төсек жаймасы, гигиена құралдары (клеенка, судно, жайма және памперстер). Науқастың жазылуына өзі жатқан орынның гигиеналық жағдайы, күн тәртібі маңызды әсер етеді және олардың барлығын ұйымдастыру күтушінің міндетіне кіреді. Сонымен қатар ұсынылған диетаны сақтап тамақтандыру және дәрігер тағайындаған тамақтану ерекшелігі де жатады.

ТАРАУ VI



/cgi-bin/footer.php"; ?>