Гімелеуге үйрету әдістері 6 страница

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

2.Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар

Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастырудың психо педагогикалық аспектілері.

Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін,іс-қимылын жан-жақты дамыту.Баланың логикалық түсінігін ең алдымен оның сезінуімен байланысты.Математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі жас ерекшеліктеріне байланысты,бала заттың санын,салыстыру (көлемін)орналасуын саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар.2-3 жастағы балалар туралы сезім әрекетін қалыптастыру.3-4 жастағы балалардың үш көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру,сандарды ауызша санай білуге,сан,сана көп аз деген ұғымдарын үйрету.4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және керы санауға үйрету.6-7 жастағы балаларға жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау,10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету.

Математика сабағында ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету,білім деңгейін жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.Математика сабағында ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу керек.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет.Біз балаларға әр-түрлі тапсырмаларды береміз,тапсырмаларды орындау барысында мыналарды үйренеді. 1.Заттардың белгілерін сипаттау 2.Заттардың пішініне,түсіне,көлеміне қарай жіктеу. 3.Есте сақтау қабілетін,қолдың кіші моторикасын дамыту. 4.Әр түрлі тісініктеріне анықтама беру.

3. Балалардың музыкалық ойыншық аспаптарда ойнау ерекшеліктері. Балалар аспаптары, түрлері.

Металлофонда, ықыласына қарай басқа да аспаптарда ойнау тәсілдерін меңгеру, триола, кларнет және сыбызғыда ойнау барысында дұрыс тыныс алуын сақтау, аккордеон мен баянда ойнауда ыңғайлы аппликатураны табу, тарелкелер мен үшбұрыштың дыбысталуын бәсеңдету, дабыл мен барабанда, кастаньетты, маракасты, асатаяқты сілкіп ойнау барысында қолды дұрыс ұстау әдістерін меңгеру, аспаптардың аттарын біліп, олардың тембрін тану.

Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.

Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау аспаптарында анық және тәртіппен ойнау.

Ересектердің аккордеонда орындауындағы лирикалық, байсалды әуендерді тыңдау, олардың аттарын білу, қайта тыңдау барысында тану. Әуеннің ырғақтық бейнесін металлофонда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып, ырғақтық бейнесін анық беру. Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу.

Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қарапайым жанрларды ажыратуды (күй, өлең, би, марш), оларға тән белгілерді атауды;

- музыкалық шығармалар сипатын анықтауды;

- музыкалық мәнерліліктің құралдарын (темп, динамика, регистр), музыкалық шығармалар түрлерін (әннің кіріспесін, басын, қайырмасын) ажыратуды;

- музыкалық мамандықтарды (музыкант, орындаушы, әнші, жеке орындаушы, дирежер және т.б.) атауды;

- қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын;

- жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз күрделі емес әнге қосылып өз бетімен орындауды;

- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындауды, оның сипатына сәйкес музыкамен қозғалуды;

- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерді;

- балаларға арналған музыкалық аспаптардың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратуды және оларды (сылдырмақ, дабыл, металлофон, ксилофон, ұшбұрыш, маракас) атауды;

- балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын (металлофон, ксилофон, үшбұрыш, асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау, сылдырмақ, маракас, румба және т.б.);

- музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрдің негізгі сипатын ажыратуды;

- әншілік суырып салма қабілеттілігіне (берілген мәтінге қарама-қарсы сипатта әуен құрастыру) және пара-пар қимылдарды өз бетімен таңдау негізінде музыкалық ойын бейнесін жасай білуге, балалардың музыкалық аспаптарында (металлофон) әуенді ойлап таба білу қабілеттілігіне ие болуды;

- таныс би элементтерін біріктіру негізінде (немесе өзі ойдан шығару) би композициясын шығаруды білуі тиіс.

 

Билет №23

1.Балабақшада балалардың экологиялық түсініктерін қалыптастырудың маңызы

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

2.Математика оқу әрекетінде балалардың өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру. (үлкен, кіші, биік, аласа, ұзын, қысқа).

мектепке дейінгі жастағы балаларды заттардың көлемімен таныстырудың мазмұны мен міндеттеріне тоқталып өтсек.
Өткізілген психология- педагогикалық зерттеулер мен мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі мектепке дейінгі және жас балаларды заттардың көлемімен таныстыру бойынша негізгі міндеттерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осы міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:
1) балаларда негізгі тәсіл ретінде жайып тастау және басып қоюды қолдану арқылы заттардың көлемін анықтауға бағытталған шамалы әрекеттердің дамуы;
2) балаларды заттарды ажыратуға үйрету бастапқыда кереғар, сосын аздап азайып барып, соңында өлшемі бойынша тепе-теңдігі; өлшемдердің тізбегін құру;
3) өлшемдердің бөлек параметрлерін атау мен анықтап білу (ұзындығы, ені, биіктігі, жуан-жіңішкелігі және т.б.);
4) өлшемі бойынша заттарды салыстыру әдістері мен тәсілдерін үйрету (тікелей және жанама);
5) балаларда аналитикалық-синтетикалық қызметінің, кеңістікті қабылдаудың, көз мөлшерінің дамуы;
6) көлемнің (өлшемнің) үлгі-нұсқасы туралы ұғым мен түсініктерді қалыптастыру және арнайы терминологияны меңгеру. Балаларды оқытудың мазмұны балабақшадағы тәрбиелеу бағдарламасында ұсынылған, олар төмендегілер:
Білім беру балалардың жасына және өздеріне тән ерекшеліктерінің есебімен біртіндеп жүзеге асырылады. Осылай өмірінің бірінші жылында балаларда анализатор жүйесі дамиды. Сезімдік қабылдау негізінде бала заттың көлемін белгі ретінде тану керек. Осы кезде зат түрлі жағдайларда орналасуы мүмкін.
Өмірінің екінші жылында балалар әртүрлі көлемді заттарды ажыратуға үйреніп, жеке термин-сөздерді меңгереді («үлкен», «кішкентай»).
Өмірінің үшінші жылында тек қана әртүрлі көлемді заттарды емес, сонымен қатар бірдей пішінді заттарды ажырата алады. Бір затты екінші затқа жақындатуға, тақап қоюға, үстіне қоюға, салыстыруға үйренеді. Балалар пирамидамен, матрешкамен және құрылыс материалдарымен ойнаған кезде салыстырудың әртүрлі тәсілдерін меңгереді.
Балаларға белгілі бір өлшемді салыстыру барысында қол қимылдары үлкен рөл атқарады. Затардың қайсысы ұзынырақ (қысқарақ) екенін сұрай отырып, тәрбиеші сол уақытта қолдың қимылы арқылы заттарды солдан оңға қарай сипап көрсете алады.Затардың енін салыстыру барысында, қолымен енін көрсетіп тұрады, ал биіктігін салыстыру барысында жоғарыдан төменге қарай немесе төменнен жоғарыға қарай қол қимылымен көрсетіп отырады.Балалар дұрыс түсіну үшін қол қимылдарын 2 – 3 рет қайталап көрсетеді.
Заттың жуандығын салыстыру үшін 2 қолдың саусақтарымен затты ұстау қажет болады немесе 1 қодың саусақтарымен көрсетуге болады.Тәрбиешіге еліктей отырып балалар да дәл осындай іс - әрекеттерді орындайтын болады.
Ойын арқылы балаларға шамалар туралы түсініктерді қалыптастыруға болады. Мысалы: Тәрбиеші балаға машинаны кең және жіңішке көпірмен жүргізуін сұрап, оған сұрақ қояды: «Неліктен машина бір көпірден оңай өтті де, ал келесі көпіден өте алмай қалды?».Сонымен қатар, бұл ұғымдарды түсіндіру үшін,бізге белгілі, беттестіру, тұтастыру әдістерін қолдануға болады. Алдымен, балаларға заттарды беттестіруге үйретеді.Ол үшін тәрбиеші өзі көрсетіп, заттарды сол тәсіл арқылы салыстырады. Егер де салыстырғанда, заттардың біреуінің ұшы біреуінен асып кетсе, онда олардың біреуінің ұзын не қысқа екенін анықтауға болады. Ал егерде бір – біріне сәйкес келіп тұрса, онда олар тең деген сөз. Егер балалар ұзын, қысқа деген сөздердің орнына үлкен, кішкентай деген сияқтысөздерді қолданатын болса, онда оны тәрбиеші түзеп отыруы тиіс.
Балаларға ені, ұзындығы, биіктігі тең заттармен таныстырып, оларға «ұзындығы бойынша тең (бірдей)», «ендері тең (бірдей)» деген сөздермен қолдануды үйрету қажет болады.Ол үшін «Ұзындығы (ені) дәл осындай қарындашты тап» деген сияқты ойындарды ойнатуға болады. Егер балалар: «Қарындаштар бірдей», - десе, онда тәрбиеші «Иә, олар ұзындығы (ені) бойынша тең» деп түзетіп отырады.
Сәбилер тобында сабақтан тыс уақытта әр түрлі дидактикалық ойыншықтармен (шарлар, үйшіктер, қораптар т.б.) ойындар ойнатылады. Алдымен балаларға 3 – 4 заттан тұратын ойыншықтар берілсе, кейін олардың саны 5 – 6 –ға жетеді.Бұл ойынның маңыздылығы зор.Себебі, балалар үйлердің шатырларын сәйкестендіріп қояды немесе өсу не кему реті бойынша реттеп қояды және т.б.Сондықтан да жұп ойыншықтардың болғандығы балалар үшін өте маңызды.
Заттардың ұзындығын, енін, биіктігін салыстыру үшін ойыншық құрылыс материалдарымен ойнаған балалар үшін өте тиімді болып келеді.Балалар ойын кезінде ұзын және қысқа жолдар, биік және аласа үйлер, жуан немесе жіңішке жиһаздар т.б. жасап, оларды ажыратып үйретеді.
Мысалы, екі бала қатар отырып, біреуі үлкен қуыршаққа ұзын төсек, ал екіншісі кішкентай қуыршаққа қысқа төсек жасаса, ол да балалардың бұл ұғымды жақсы түсінуіне көмектесетін тиімді тәсіл.
Осылайша балаларға айналамыздағы заттардың барлығы әр түрлі өлшемде (ұзын, қысқа, биік) болатындығын түсіндіруге болады.
Естиярлар тобындаға балалар алғашқы кезде екі затты олардың ұзындығы, ені, биіктігі бойынша салыстыруға үйретеді. Одан кейін бір заттан бірден екі өлшемді (ұзындығын, енін) табуға және оны салыстыруға үйренеді. Бастапқы кезде балаларға заттың өлшемдерін салыстыру үшін түрлі тапсырмалар орындатылады. Бұл тапсырмалардың негізгі мақсаты – екі затты салыстыру арқылы олардың ұзындығын, биіктігін, енін айыруға үйрету. Бұл тапсырмаға күнделікті өмірде қолданылатын заттарды пайдалануға болады: тақтайшалар, жіптер, қағаз беттері, шарфтар, ленталар т.б. Тәрбиеші заттардың өлшемін анықтау үшін балаларға беттестіру тәсілін естеріне салады және мынандай сұрақтар қояды: «Мына жіптің екіншісінен қысқа екенін қалай білуге болады?», «Қалай беттестіру керек?», «Көк шарфтың ақ шарфқа қарағанда ұзын екенін қалай білуге болады?» т.с.с.Одан кейін бір заттың ішінен екі өлшемді, яғни ұзындығы мен енін бірден табуға үйретіледі.Ол үшін ұзындығы мен ені әр түлі екі затты салыстырады.Тәрбиеші балаларға саусақтары арқылы заттардың енін, ұзындығын, биіктігін салыстыруды және анықтауды үйретеді.Осы кезде балалардың назары тәрбиешінің саусақтарында болады.Балалар заттардың ұзындығы мен енін салыстырады, ені тең, ал ұзындықтары әртүрлі, ені әр түрлі, бірақ ұзындықтары тең немесе ұзындығы мен ені тең болып келетін заттарды салыстырып үйренеді.
Балалар екі заттың өлшемін салыстырып үйренгеннен кейін, 3 – 5 заттың өлшемдерін салыстыруға үйренеді.Балалар заттарды ұзындығына, биіктігіне, еніне байланысты белгілі бір өсу ретімен қойып, сонымен қатар, заттарды көлемдері бойынша реттеп қойып үйрене бастайды.Бастапқыда салыстырылған заттардың айырмашылығы 5 – 6 см болса, ол бірте – бірте азайтылап, 2 см-ге дейін барады.Алғашқы кезде заттарды өсу ретімен қойғанда, олар үш затты пайдаланады. Одан кейін заттарды өсу ретімен қою үшін, алдымен ең ұзын затты таңдап алу керектігін түсінеді.
Балаларда нәрселер шамасын көзмөлшерімен өлшей білуді дамыту аса маңызды болып табылады.
Алдымен нәрселердің өлшемдестігін кішкене балалар нәрселерді беттестіру немесе тұтастыру жоымен жүргізеді; өлшемдестікті көзмөшерімен анықтайтын болсақ, бұл тәсіл жарамсыз болып қалады.Мәселен, ағаштың немесе дуалдың биіктігін көзмөлшерімен анықтау үшін, көзбен мөлшерлеу дамыған болу қажет.Бұған нәрселерді салыстыру әрекетінің себебі бар.Көз, қол жасайтын практикалық әдістерін бейне бойға сіңіріп, жинақтайтын сияқты. Сондықтан көзмөлшерін дамыту аса маңызды, сондықтан да ол оқыту пәні болуы тиіс.
Зерттеулерге қарағанда, жас есейе келе көзмөлшерінің болар – болмас мүмкіндіктері артады, бұған әр өлшемді екі нәрсенің үлкенін таңдап алу жөніндегі оңай есептің шешуі де көз жеткізеді. Мысалы, үлгі бойынша ұзындығы белгілі нәр сені сұрыптап алу балалар үшін едәуір күрделі екен, олар бұл есепті екі нәрсені біріне – бірін тұстастыру жолымен анықтаудан гөрі екі есе баяу шығарады. Балалар жаңа бір интеллектуал есепке кезігеді, ол – салыстыру тәсілін табу.Сонымен бірге сұрыптауға түсетін объектілердің арасындағы айырмашылық шамасы кеміген сайын, есеп күрделене түседі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетіндегі алған білімдерін балалар басқа да уақыттарда қолдануына болады. Мысалы, балалар ленталарды, жолдарды ұзындығы, ені бойынша тең немесе әртүрлі етіп сурет салуға болады.Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қарап жүріп, жапырақтардың енін, жуандығын салыстыруға болады және т.б.
Сабақтан тыс уақыттарында білімдерін жетілдіріп, дамыту үшін дидактикалық ойындарды ойнаса болады.
Ересектер тобына келетін болсақ, бұнда бес – алты жастағы балалар мектепке даярық топқа бармас бұрын, заттардың ұзындығын, енін, биіктігін бір заттың бойынан табуға және оларды толығымен ажырата білуі тиіс.Бұл кезде тапсырмалар күрделірек бола түседі.Мысалы,тәрбиеші мынандай тапсырма беруі мүскін: Біреуі екіншісінен ұзын болатындай етіп, екі жол сал; ұзындықтары бірдей, бірақ ені әртүрлі немесе ені мен ұзындықтары бірдей екі сызық сыз т.б. Ересек топтардағы балалар үшін, тағы мынандай тапсырма орындатуға болады: Заттарды ұзындығы бойынша, ені бойынша және биіктігі бойынша топтап, олардың әрқайсысын бір қорапқа топтап салу.Сонда бір қораптың ішіндегі заттар несімен ұқсайды? Бір қорапта биіктігі әр түрлі заттардың салыну себебі неде? Деген сияқты сұрақтарға балалар жауап беруі тиіс. Сонымен бірге, бұл жастағы балалар бір қатардың бойына заттарды ең ұзынынан , ең қысқасынан немесе ең биігінен бастап қойып, олар «ең ұзыны», «ең қысқасы», «ең биігі» деген сөздерді үйреніп, олардың мағынасын түсінеді.



php"; ?>