Жаттығу жұмыстары. 1- жаттығу. Пәтер сатып алуға, 30 жылға, бастапқы салымы (первоначальный взнос) 20% құрайтын

1- жаттығу. Пәтер сатып алуға, 30 жылға, бастапқы салымы (первоначальный взнос) 20% құрайтын , 8% жылдық ставкамен берілген 35 000 $ ипотекалық ссуданы және оны өтеу үшін жасалатын ай сайынғы және жыл сайынғы төлемақыны есептеу керек.

 

1. Excel программасын іске қосыңыз;

2. Бірінші бетті (Лист1) Задача1деп өзгертіп, келесі кестені /15.1-кесте/ құрыңыз:

 

15.1- кесте

  A B C D
Ипотеканы есептеу (функция ПЛТ)
Бастапқы мәліметтер      
Баға 35 000$    
Алғашқы салым 20%    
Жылдық ставка 0,08    
Ссуда көлемі      
Ссуданы өтеу мерзімі жыл  
Есептеу нәтижесі      
Ай сайынғы төлемақы      
Жыл сайынғы төлемақы      
Төлемақылырдың жалпы сомасы      

 

3. Берілетін ссуданы есептеу үшінВ6 ұяшыққа келесі: =B3*(1-B4) формула енгізіледі;

4. Ай сайынғы төлемақыны есептеу үшін курсорды В9ұяшыққа апарып,ПЛТ функциясы шақырылады да, қажет параметрлер беріледі;

5. Жыл сайынғы төлемақы мен оның жалпы сомасын (30 жылғы төлемақы) өзіңіз есептеңіз.

2- жаттығу.Сіз 1 жыл мерзімге 10 000 доллар көлемінде ссуда алмақсыз. Ол ссуданы қайтару үшін бір жыл бойына, ай сайын 900 доллардан төлеп отырсаңыз, оның жылдық ставкасы (годовая процентная ставка) қанша болғаны?Бұл есепті шығаруда Подбор параметра командасы қолданылады.

1. Екінші бетті (Лист2) ,Задача2деп өзгертіңіз;

2. Кесте құрыңыз /15.2- сурет/;

15.2 -кесте

  А В С  
Есепті Подбора параметра командасын пайдаланып шығару
Ссуда көлемі    
Жыл мерзімі    
Ставка      
Ай сайынғы төлемақы      

 

3. Бұл кестедегі В4ұяшыққа бастапқы мән ретінде, мысалы,10,0% -ті жазамыз , бұл мән өзгеріп отырады және соңғы нәтиже осы ұяшықта шығады;

4. Формат->Ячейки командасын пайдаланып, B4ұяшығының форматынүтірден кейін бір сан қалатындай етіп процентный формат түріне келтіріңіз;

5. В5ұяшыққа= ПЛТ(B4/12;В3*12;-10000) формуласын жазып орындауға жіберіңіз.

6. Кестедегі формула жазылған В5ұяшықты белгілеп алыңыз.

7. Сервис -> Подбор параметракомандасын орындаңыз. Подбор параметракомандасының терезесіндегі Установить в ячейке тұсында В5 ұяшықтың адресі тұрады;

8. Значение тұсына айлық төлемақының шамасы, яғни 900 жазылады;

9. Изменяя значение ячейки тұсына бастапқы мән жазылған В4 ұяшық көрсетіледі , (сол В4 ұяшыққа барып шертуге де болады), ОК басылады , нәтиже осы ұяшықта шығады.

3 - жаттығу.10% жылдық ставкамен 3 жылға берілген 800 000 теңге займды өтеудің бірінші айының проценттік өсімін есептеңіз.

1. Үшінші бетті ( Лист3), Задача3деп өзгертіңіз;

2. Есеп шартына сәйкес кесте құрыңыз;

3. Проценттік өсімді есептеу үшін ПРПЛТфункциясын қолданыңыз.

4 - жаттығу. 100 000$ ссуда, 2% жылдық ставкамен 5 жылға беріледі деп есептеп, негізгі төлемақыны (основной платеж), проценттік төлемақыны (плата по процентам), әрбір жылғы жалпы төлемақыны және қалған қарызды табыңыз.

1. Төртінші бетті (Лист4) Задача4деп өзгертіңіз;

2. Кесте құрыңыз /15.3- кесте/ ;

15.3- кесте

  А В С D Е
Қарызды өтеу
Ставка 2%      
Уақыт мерзімі      
Жылдық төлемақы        
Ссуда көлемі      
Жыл Жыл басындағы займ сомасы Проценттік төлемақы Негізгі төлемақы Қарыздың қалғаны
     
       
       
       
       

 

3. Жылдық төлемақыны есептеу үшін келесі: =ПЛТ(В3;В4;В5) формуланы пайдаланыңыз;

4. Проценттік төлемақы: =ПРПЛТ($B$2;A7;$B$3;$B$5) формуласымен есептеледі, мұны қалған ұяшықтарға да көшіру қажет;

5. Негізгі төлемақы : =ОСПЛТ($B$2;A7;$B$3;$B$5), формуласымен есептеледі, мұны қалған ұяшықтарға да көшіру қажет;

6. Қалған қарыз = алдыңғы қарыз – негізгі төлемақы , яғни =B7+D7 («+» болатын себебі негізгі төлемақы теріс сан болғандықтан), формуласымен есептеледі, бұл формуланы да қалған ұяшықтарға көшіру керек;

7. В8 ұяшыққа : =Е7 формуласы жазылады;

8. 5-ші жылғы қарыздың қалғаны 0 болуы тиіс, сонда қарыз немесе ссуда толығымен өтелген болып есептеледі.

5- жаттығу.Айталық сіз 60 000 теңгеге компьютер алдыңыз. Оның пайдалану мерзімі (срок эксплуатации) 5 жыл , ал содан кейінгі құны 10 000 теңгеге бағаланады. Компьютердің әрбір пайдаланылған жылдағы құнының қаншаға төмендейтінін табыңыз.

Бұл есептіАПЛ(нач_стоимость; остаточная_стоимость; время_эксплуатации) формуласын пайдаланып шығарасыз.

6-жаттығу.Айталық сіз 60 000 теңгеге компьютер алдыңыз. Оның пайдалану мерзімі (срок эксплуатации) 5 жыл , ал содан кейінгі құны 10 000 теңгеге бағаланады. Компьютердің бірінші және бесінші жылдардағы амортизация құнын табыңыз.

Бұл есептіАСЧ(нач_стоимость; остаточная_стоимость; время_эксплуатации; период) формуласын пайдаланып шығарасыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

15.4, 15.5, 15.6, 15.7, 15.8 -кестелерден алынады)

1. Сіз банкке П% жылдық ставкамен В мың . теңгені N жылға саласыз. N жылдан кейін сіздің есепшотыңызда қанша ақша болады?

15.4-кесте

Нұсқа
В
П 10.5 10.9
N

 

2. П% жылдық ставкамен N жылға берілген Т мың. теңге займның К жылдағы проценттік төлемақысын есептеңіз. Проценттік өсім квартал сайын қосылып отырады деп есептеңіз .

15.5-кесте

Нұсқа
Т
П
N
К

 

 

3. П% жылдық ставкамен К жылға берілген Т мың. теңге займның ай сайынғы төлемақысын есептеңіз.

15.6-кесте

Нұсқа
Т
П
К

 

  1. Пәтер сатып алуға, бастапқы салымы А% құрайтын, i% жылдық ставкамен, n жылға берілетін ипотекалық ссуданы есептеңіз. Кестеде берілген мәліметтерді /15.7-кесте/ пайдалана отырып , оны өтеу үшін жасалатын ай сайынғы және жыл сайынғы төлемақыны есептеу керек.:

15.7-кесте

Нұсқа
n
Р
i
А

 

  1. Р көлемдегі ссуда, i % жылдық ставкамен n жылға беріледі деп есептеп, негізгі төлемақыны (основной платеж), проценттік төлемақыны (плата по процентам), әрбір жылғы жалпы төлемақыны және қалған қарызды табыңыз.

15.8-кесте

Нұсқа
n
P
i

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Төлемақыны есептеуде қолданылатын қандай финанстық функцияларды білесіз?
  2. ОСПЛТ функциясы қандай қызмет атқарады?
  3. Амортизация деген не?
  4. АСЧ функциясының АПЛ функциясынан өзгешелігі қандай?
  5. ПРПЛТ функциясы не үшін қолданылады?