Скери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 

116. Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.

Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.

 

Рота саптары

Рістетілген сап

 

117. Ротаның өрістетілген сабы екі қатарлы немесе взводтық лектер сызығына (взводтар үш, төрт лекте; арнайы бөлімше екі лекте) болуы мүмкін (25, 26-суреттер).

Қажет болған кезде рота бір қатарлы сапқа тұрғызылуы мүмкін.

 
 

 


25-сурет. Ротаның өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

26-сурет. Ротаның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына

118. Ротаны өрістетілген сапқа тұрғызу «Рота, екі қатарға – САПТАН» немесе «Рота, взводтық сызыққа үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Ротаны сапқа тұрғызу бірінші взвод бойынша жүргізіледі.

Рота командирі саптық қалыпты қабылдай және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады. Рота командирінің орынбасарлары рота командирінен солға қарай, белгі беруші-барабаншы (командирдің бұйрығы бойынша) орынбасарлардан солға қарай тұрады, одан әрі қарай рота сержанты және басқару тобы тұрады. Бірінші взводтың командирі «Взвод, екі қатарға (үш, төрт лекке) – САПТАН» командасын бере отырып, өз взводын басқару тобынан солға қарай сапқа тұрғызады. Қалған взводтар өз командирлерінің командасы бойынша бірінші взводтан солға қарай өз нөмірлерінің реті бойынша сапқа тұрғызылады. Бірінші взводты сапқа тұрғызу бастағанда рота командирі ротаның сабынан шығады және бағыныстылардың іс-қимылын бақылайды.

Арнайы бөлімше үшінші взводтан солға қарай сапқа тұрады.

Ротаны екі қатарлы сапқа тұрғызған кезде төрт және үш адамнан бөлімшелері бар взводтар 20-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

119. Өрістетілген сапта ротаны түзеу, бұру, қайта сапқа тұрғызу және басқа да іс-қимылдар бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап

 

120. Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін (27, 28-суреттер).

Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу «Рота, үш (төрт, екі) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша рота 27, 28-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы – бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.

Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы – арнайы бөлімшеден кейін тұрады.

 

 

       
   
 
 

 


27-сурет. Ротаның жорықтық сабы – үш лекті 28-сурет. Ротаның жорықтық сабы – екі лекті

 

121. Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша рота командирі немесе 27, 28-суреттерде көрсетілген тәртіппен қозғалысты бастайды.

Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.

122. Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу «Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің «ОРНЫҢДА» командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің «ТУРА» немесе «Рота – ТОҚТА» командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. «Рота – ТОҚТА» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының оқ жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты – басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.

123. Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа – солға бұрумен жүргізіледі.