Химиялық реакцияның энтальпиясы –белгілі жағдайда реакцияның жылу эффектісін сипаттайтын термодинамикалық функция

Фазадеп - бiртексiз жүйенің құрамы, физикалық және химиялық қасиеттерi бiрдей, жүйенің басқа бөлiктерiнен бөлу бетi арқылы бөлiнiп тұрған бiртектi бөлiгiн айтады. Фазаны жүйеден механикалық әдiстер арқылы бөлiп алуға болады.

Фазалық өзгерiсдеп - температура мен қысым өзгеруi барысында заттың өзiнiң химиялық құрамын сақтай отырып, агрегаттық күйiн өзгерту құбылысын айтады.

Функция:

- күй функциясы.Егер күй параметрлерiнiң (Р, V, T жёне т.б.) F функциясының шамасы тек сол күй параметрлерiнiң мәндерi арқылы ғана анықталып, процестiң жүру жолына байланысты болмаса, онда мұндай функцияны күй функциясы деп атайды.

- процестiң функциясы. Жүйені бастапқы күйден соңғы күйге әртүрлi жолдармен өткiзуге болады. Сондағы сыртқы қысымға қарсы iстелiнетiн механикалық жұмыстың шамасы процестiң жүрiп өткен жолына байланысты болады. өйткенi жұмыс күй функциясы болып саналмайды.

Энтропия – жүйе ретсіздігінің сандық өлшемі болатын термодинамикалық функция.

Энергия:

- активтену энергиясы.Аррениустiң теориясына сәйкес, егер соқтығысушы молекулалардың энергиясы сол температурадаңы молекулалардың орташа энергиясынан артық болса, онда молекулалардың өзара соқтығысуы тиiмдi болады, яғни соқтығысу химиялық реакцияға әкеледi. Бойында энергияның артық мөлшерi бар молекулаларды активтi (белсендi) молекулалар деп атайды, ал энер-гияның мұндай артық мөлшерiн активтену энергиясы деп атайды.

- iшкi энергиядеп - атомдар мен молекулалардың және молекула мен атомдарды құрайтын элементар бөлшектердiң кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысынан тұратын заттың толық энергиясын айтады. Iшкi энергия системаның күй функциясы болып саналады.

Энтальпия (Н) деп - Н=U + рV теңдеуi арқылы анықталатын функцияны айтады. Мұндағы, U-ішкі энергия; р – қысым; V- көлем. Энтальпия - күй функциясы болып саналады. Оның өлшем бiрлiгi энергияның өлшем бiрлiгiндей.

- стандартты түзiлу энтальпиясыдеп стандартты жағдайда (Р=101,3 кПА, Т=298 К) қосылыстың 1 моль мөлшерi қарапайым заттардан түзiлгендегi сол процестiң энтальпиясының өзгерiсiн айтады. Қарапайым заттардың (егер зат бiрнеше модификациялық түр өзгерiстерiн түзетiн болса, онда оның ең тұрақты модификациялық түр өзгерiсiнiң) стандартты жағдайдағы энтальпиясының өзгерiсi шартты түрде нөльге тең деп қарастырылады.

Энтропия.Немiс ғалымы Р.Клаузиус термодинамиканың 2-заңына сәйкес жұмысқа айналдыруға болмайтын энергияның шамасын есептеу үшiн энтропия деген ұғым енгiздi. Энтропия-жылу өзгерi-сiнiң температураға қатынасына тең: dS³ dQ/T. Энтропия-күй функциясы болып саналады. Қайтымды процестердiң энтропиясы тұрақты, ал қайтымсыз процестерде энтропия әрқашан өседi.

Экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларды, имандылық - эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бiлiмiн көтеруiнiң және дамуының үздiксiз процесi;

Экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара әрекетте болатын организмдердiң және солар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;

Химиялық реакцияның жылдамдығы деп - реакцияға қатысатын зат концентрациясының уақыт бiрлiгi арасындағы өзгерiсiн айтады.

- реакцияның орташа жылдамдығы деп - (t2-t1) уақыт интервалындағы концентрация айырымының (С21) сол уақыт айырымына қатынасын айтады:

- реакцияның шынайы жылдамдығы деп - зат концентрациясының уақыт бойынша туындысын айтады: .

 

 

 

Төлендина Ақмарал Кәрімқызы



php"; ?>