Лекция 8. Аяқ киім өндірісіндегі кептіру процестері

 

Аяқ киім және былғары галантереялық бұйымдарды жасау кезінде әртүрлі бояуларды, аппретураларды, желімдерді және аяқ киімдік материалдарды кептіру кеңінен қолданылады.

Материалдарды кептіру процессінің мақсаты болып, , сұйық ортаны буландыру нәтижесінде бұйым бөлшегінің бетінде жіңішке қабықшаны қалыптастыру Ғалымдардвң пікірі бойынша, ылғал материалды кептіру кезінде бірмезгілде екі процесс қатар жүреді: ылғалды тасымалдау(ылғалалмасу) және ылғалды буландыру (массаалмастыру). Кептіру нәтижесі материал ішіндегі және сыртқы ортадағы ылғалдың тасымалдану қарқынының арақатынасына байланысты.

Ылғал материалды кептіру кезінде, бір мезгілде екі үрдіс жүреді: жылуды тасымалдау /жылу алмасу/ және ылғалдың булануы /масса алмасу/. Екі үрдіс те материалдың ішінде /ішкі міндет/, әрі материалды қоршаған ортада /сыртқы міндет/ жүретінін ескеру қажет. Кептірудің нәтижелері материалдың ішінде, әрі сыртқы ортада ылғалды тасымалдау қарқындылығының қатынастарына байланысты.

Алғашында сыртқы міндетті қарастырайық. Материалдың температурасы мен ылғалдылығы қоршаған ортаның қасиеттерімен тепе-тең күйде болсын делік. Материалдың кебуі көбінесе конвекциямен, жылу өткізгішпен және сәуленің шағылуымен жылу бергенде басталады. Материалдан ылғалдың ұшуы /кебуі/, сонымен қатар оны ылғалдылығы шаманы қөршаған ортаға салғанда да басталады.

Жылуды тасымалдау өзгешелігі көптеген жағдайларға тәуелді: дененің өлшеміне, беттің күйіне, ортаның қасиетеріне және т.б. олар салмақ алмасумен күрделіленген дымқыл денедегі жылу алмасудың шешілуі қиын дифферециалдық теңдеу жүйесімен өрнектеліп көрсетіледі.

Жылуды беру механизміне және жылу тасушы түріне байланысты кептірудің келесі түрлері бар:

- конвективті - материалға жылу қыздырылған жылутасығыштың ағынымен беріледі(ауамен);

- контактылы – материалға жылу қыздырылған беттен тікелей контакт арқылы беріледі;

- терморадиациялы - (инфрақызыл сәулелермен)

қыздырылған спиральдан, лампадан жылу материалға тікелей контактысыз беріледі;

диэлектрлік – айнымалы өрістің жоғары жиіліктегі токтың әсерінен жылу материалдың бүкіл қалыңдығы бойынша таралады. Жылу өзгеріп тұрған өрістің бағыты бойынша материалдың полярланған молекулаларының көп мәрте ориентациясының әсерінен пайда болады;

- вакуумдық – материалдың іші мен сыртындағы будың, газ қоспасының әртүрлі қысымының нәтижесінде ылғал сыртқа шығарылады;

- сублимациялық– материал ішіндегі ылғал қатырылады, кейін жылу беріледі де,сұйық күйге соқпай, мұз буланады;

- аралас– конвективті-радиациялық, конвективті-контакталаық, радиациялы-вакуумды және т.б.

Аяқкиімді ылғалды жылумен өңдеу.Соңғы жылдары аяқкиім үстінің дайындамаларын ылғалды жылумен және жылумен өңдеу кең қолданылуда. Операцияның мақсаты – қалып тұрақтылығын арттыру үшін, аяқкиім қалпын бекіту, керу кезіндегі деформацияланған бөлшектердегі ішкі күштер деңгейін азайту.

Ылғалды жылумен өңдеу кезінде, алдымен қондырғының ылғал аймағындағы /ауаның температурасы 60-700С, өңдеу уақыты 1,5 мин/ аяқкиім үстінің дайындамасының материал бетіне аз мөлшерде (2 пайыз) ылғал енгізіледі. Содан соң, аяқкиім үстінің дайындамалары жылу аймағында /былғары 120-1300С температурада 3,5 минут бойы, ал жасанды және синтетикалық былғарылар 90-1000С температурада 5,5 мин бойы/ қыздырылады. Аяқкиім үстінің дайындамасынан 2 пайыз ылғал жойылады. Ылғалдың қатысуымен қарқынды жылумен әсер ету материалды созылымды етеді, сонымен қатар басқа да құрылымды өзгерістер байқалады. Мысалы, былғарыны жырту кезінде беткі жағына жарық пайда болғанда, механикалық қасиеттер арасындағы айырмашылығы да төмендейді. Егер үрдіс температурасы дұрыс алынса, онда ылғалды-жылумен өңдеу кезіндегі шыны тәрізді күйден жоғары майысқақ күйге өтетін жасанды және синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім үстінің дайындамасы да созылымды болады. Бұл кезде аяқкиім үстінің дайындамасын керуге қажет күш азаяды, ал күш релаксациясының жылдамдығы мен бұйымның қалып тұрақтылығын артады.

Жылумен өңдеу кезінде, аяқкиім үстінің дайындамасын ыстық құрғақ ауамен өңдейді, ал соңғы сатыда оған суық ауа арқылы әсер етеді. Деформацияның күші ауадан ылғалды сорбциялау салдарынан кемиді. Жылу және сұйықпен жүйелі әсер ету бұйымның қалып тұрақтылығын арттыратынын зерттеулер көрсетті.

 

Аяқ киімді ылғалды-жылумен өңдеудің режимдері.

Вариант Температура Ауа Уақыт, мин, вариантар бойынша
    60-70 120-130 90-100 80-90 15-20 Жылы дымқыл Ыстық құрғақ - » - - » - Суық құрғақ 1,5 3,5 - - - 5,5 - 1,5 - -
Барлығы 6 9 22

 

Ылғалды-жылумен өңдеу үшін әртүрлі қондырғылар пайдалынады: ротациялық /әткеншек тәрізді/, өтпелі /үңгінама/, элеваторлы /тік қорабы бар/, камералы.

 



php"; ?>