НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ | ||
СУБЪЕКТИВТІ ИДЕАЛИЗМ И. Фихте | ОБЪЕКТИВТІ ИДЕАЛИЗМ И. Кант Ф. Шеллинг Г. Гегель | МАТЕРИАЛИЗМ Л. Фейрбах К. Маркс Ф. Энгельс |
Неміс классикалық философиясының өкілдері Иммануил Кант, Иоганн Готлиб Фихте, Ф. Шеллинг, Г. Гегель, Л. Фейрбах | ||
Иммануил Кант (1720-1804 жж.) | «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «пайымдау қабілетін сынау» | «Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаңа замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік). Таным теориясында агностицизм ілімі қалыптасты, ол танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығару болып табылды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық объекті емес, таным әрекетіндегі адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктерінің шектеулі екендігі. Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат», ал ақылмен абсолютті түрде танылмайтын нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды, яғни дүниелік уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді. Таным теориясында барлық білімдер екіге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер – апостерорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім – априорий. Адам ақылы өзінің таным құралдарымен, өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады, ол антиномиялар – ақылдағы пайымның бір-бірін өзара терістеуі. Екі жақты да ақыл көмегімен логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды. Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз екендігі, қажеттілік пен кездейсоқтық) келтірді, оның әрқайсысында тезис және антитезис бар. Кант бойынша, антиномиялардың болуы – ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін дәлелдейді. «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін көтереді. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті. Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның іс-әрекеттерін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам инабатты, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек. Бұл заңды Кант адамгершілік категориялық императив деп атады және ол былай анықталды, адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принциптеріне бағынып, соның негізінде жасалуы қажет. Кант үшін «Аспандағы жұлдыздар мен адамдағы адамгершілік заңынан керемет ешнәрсе жоқ». |
Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) | «Ғылымибілім», «Табиғи құқық негізі», «Кез келген аянды сынау тәжірибесі» | Философияны геометрияға ұқсастырып, әлдебір ғылымибілім деп қарастырды. Ғылымибілімнің негізгі мәселесі – сана немесе Мен. Мен – мәні жағынан қарапайым адам санасы. Ал барлық сыртқы әлем Меннен туындаған – Мен емес. Мен әрекетшіл, белсенді. Мен Мен еместі тудырып өз белсенділігін дәлелдеуге ұмтылады. Осы екі қарама-қарсылықтардан адамның өзіндік санасы дамиды. Философиядағы маңызды жетістіктерінің бірі – ойлаудың диалектикалық әдісін өңдеу. Ол барлық тіршіліктің қайшылығы, қайшылықтардың бірлігі туралы жазып қайшылықты дамудың қайнар көзі деп қарастырады. Фихте үшін категориялар парасаттың априорлы түрінің жиынтығы емес, керісінше білімді таңдаған ұғымдардың жүйесі. Фихте таным процесіндегі субъект пен объектінің нақты өзара әсерін түсінуге ұмтылды. Оның пікірінше, Мен-ді “абсолютті” және “эмпирикалық” деп бөлу және оның Мен емеспен өзара әрекеті “ғылымибілімді” қалыптастырады. “Ғылымибілім” ғана индивидуалдықтың, жоғары адамның, әлемдік рухтың үстінен қарап, ішіне ене алады. |
Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг (1775-1854 жж.) | «Философия формаларының мүмкіндігі туралы», «Догматизм және критицизм туралы философиялық хаттар», «Табиғат философиясының идеялары», «Трансцендентальды идеализм жүйесі». | Философиясы табиғат мәселелеріне арналған. Табиғат ол үшін индивидуалды Мен емес, абсолютті. Ол мәңгі ақыл, субъективтілік пен объективтіліктің абсолютті теңдігі. Шеллинг идеалдық пен материалдықтың теңдік идеясын шығарды. Материя бұл – абсолютті рухтың еркін күйі. Материя мен рух тең. Шеллингтің натурфилософиясы ХҮІІІ ғасырдың аяғында қоғамдық қызығушылықтан туындаған жаңа ғылыми-жаратылыстанудың нәтижесінен пайда болды. Осы ғасырдың ғылымдарындағы ұлы ашылыстарға сүйене отырып, Шеллинг табиғаттың идеалды мәнін, оның белсенділігінің материалды емес сипатын ашты. Натурфилософиясының құндылығы оның диалектикасында жатыр. Кез-келген заттың мәні қарама-қарсы күштердің бірлігімен сипатталады және ол “полярлық” деп аталады. Мысал ретінде ол магнитті, электрліктің оң және теріс зарядтарын, химиялық заттардағы қышқылдар мен сұйықтарды, санадағы объективтілік пен субъективтілікті мысалға келтірді. “Полярлық” денелер белсенділігінің бастауы деп “нағыз әлемдік жан” деп анықтады. |
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) | «Рух феноменологиясы», «Логика ғылымы», «Философия тарихы бойынша дәрістер», «Философия ғылымдарының энциклопедиясы» «Дін философиясы», «Құқық философиясы» және т.б. | Әлемнің негізінде жеке-даралық емес, жалпылық-бүтіндік жатыр. Әлем жеке-даралықтардан, атомдардан немесе жандардан тұрмайды, жекелердің мұндай бірлігі бұл иллюзия. Әлемде бүтіндіктен басқа ешбір шындық жоқ. Парменид пен Спинозаның болмысындағы қарапайым субстанция сияқты емес, Гегельде ол күрделі жүйе. Әйгілі формуласы «Барлық шынайылықтар ақылға сиымды, барлық ақылға сиымды нәрселер шынайылық». Философиялық ілімі – объективтік идеализм, ол оны абсолютті идеализм деп атады. Гегель үшін осы әлемнің мәні бар, бәрі әлемдік Тұтастыққа кіреді. Оның абсолютті идеясы өз дамуында үш стадиядан өтеді. Тұтастай ол триаданы құрады: бұл 1) тезис (әлденені ұстанушы); 2) антитезис (терістеуші); 3) синтез (біріктіруші). Триаданың жалпы құрылысы мынадай: 1.Рухтың дамуы өзімен-өзі, рух өзінде. Логикада белгілерден басқа ештеме жоқ, бірақ біз логиканың әмбебап тіршілік ететінін білеміз. Бұл категорияның принципті ерекшелігі. 2.Рух өзіне бұрыла отырып табиғаттан жаттанады. Шеллинг бойынша руханилық пен идеалдық табиғаттың өзінде, ол тірі әрі күшке толы. Ал Гегельде табиғат – өлі рух. Рухтың жаттануы табиғатты тудырады. 3.Философия мен тарих бірігеді де, осы арқылы рух Өзіндік адам мәдениеті арқылы танылған шындықты қалыптастырады. Гегельдің білім туралы ұстанымы: а) сезімдік, б) рационалды білім ғылым деңгейінде с) ақыл білімі - философиялық білім, яки руханилықтың индивидтік деңгейден ақыл-парасаттың аймағына өтуі. “Ақыл ақыл-парасатсыз ештеме, ал ақыл-парасат ақылсыз «әлдене». Философиялық жүйесінде логика негізгі орынды алады. Логика төңірегінде ол болмыс туралы, мән туралы, түсінік туралы ілімдерді дамытты. Логиканың конструктивті принциптері - абстрактіден нақтылыққа өту. Логика мен ойдың ең жоғары бастамасы - болмыс пен ақылдың теңдігі. Гегель бойынша дамудың үш принципі бар: сандық құбылыстың ұдайы өзгерісте болуы арқылы сапаға айналуы, қарама-қарсылықтьың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеу. |
Людвиг Фейербах (1804-1872 жж.) | “Христиандықтың мәні” | Идеалистік және материалистік философия арасындағы тарихи күресті көрсетуге ұмтылды. Барлық мәртебе антропологияға берілуі қажет. Ол философиялық зерттеудің негізгі мәселесі етіп – табиғатты да, рухты да емес, адам мәселесін қойды. Адамды қарастырғанда оны сезім (материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде зерттеді. Адам тек қана ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар аударады: “теологияның құпиясы антропологияда жасырынып жатыр, теологияның мәні антропологияда” – деді. Бұл нені білдіреді? Ол Христиандықтағы үштік білімнің үш зерттеу обьектілерінің қосындысымен түсіндірді: Табиғат. Әке-Құдай – физика; Логика. Бала-Құдай – адамның рационалды әрекет аумағы; Рухани іс-әрекет. Қасиетті Рух Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген ұстанымда болған. |