ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Биостатистика пәніне кіріспе. Таңдама тәсіл. Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Таралудың түрі жөніндегі статистикалық жорамалдарды тексеру. Дисперсиялық талдау негіздері. Эпидемиологиялық талдаулардағы статистикалық әдістер. Корреляциялық-регрессиялық талдау. Медициналық-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. SAS, SPSS, STATISTICA қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасауда қолданылуы.
2.8 ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР, СОБЖӨЖ, СӨЖ:
ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
р/н № | Тақырыбы | Өткізу түрі | Сағат бойынша ұзақтығы |
Кіріспе. Биостатистика негіздері. Биостатистика пәні және міндеттері. Ф.Гальтон, К.Пирсон және Р.Фишердің биометрикадағы рольдері. Деректерді жинау, топтау және графиктік түрде кескіндеу. Өлшеу шкалаларының түрлері. Сандық және сапалық белгілер. Қалыпты таралу және оның параметрлері. | Презента-ция түрінде ақпараттық хабарлама | ||
Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік критерийлер. Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар. Қателіктердің екі тегі. Сенім ықтималдығы және мәнділік деңгейі. Критерий қуаттылығы. Статистикалық критерийлер. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. | Презента-ция түрінде ақпараттық хабарлама | ||
Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік емес критерийлер. Келісім критерийлері. Таралудың түрі жөніндегі жорамалдарды тексеру. Пирсонның Хи-квадрат, келісім критерийі. Манн-Уитнидің, Уилкоксонның параметрлік емес критерийлері. | Презента-ция түрінде ақпараттық хабарлама | ||
Медицинадағы және қоғамдық денсаулық сақтаудағы дисперсиялық талдау негіздері. Дисперсиялық талдаудың негізгі ұғымдары. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Бірфакторлы дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдауды денсаулық сақтауда қолдану. | Презента-ция түрінде ақпараттық хабарлама | ||
Медицина-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. Медицина-биологиялық тәжірибелердің кезеңдері. Деректерді өңдеу үшін статистикалық әдістерді таңдау. Биомедициналық деректерді талдауға арналған статистикалық пакеттер. Дербес компьютерлерде жұмыс істейтін статистикалық пакеттерге қойылатын заманауи талаптар. Негізгі статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеті: SAS, SPSS, STATISTICA. | Презента-ция түрінде ақпараттық хабарлама | ||
Барлығы: |
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
Апта № | р/н № | Тақырыбы | Өткізу түрі | Сағат бойынша ұзақтығы |
Таралудың дискретті статистикалық қатары. Сапалы және сандық деректер. Вариациялық қатар. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана. Стандарттық қате. Вариация коэффициенті. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигоны. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Интервалдық статистикалық қатар. Стерджес формуласы. Интервалдық статистикалық қатардың сандық сипаттамалары. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер гистограммасы. Бас жиынтықтың параметрлерін таңдама тәсіл бойынша бағалау. Статистикалық бақылаудың қателіктері. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Стандарттау әдісі. Стандартталған коэффициенттер. Стандарттаудың тікелей әдісі және оны қолдану кезеңдері. Стандарттаудың тікелей емес әдісі. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Қалыпты таралу. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Гаусс қисығы. 3 сигма ережесі. Асимметрия және экцесстің таңдама коэффициенттері. Тесттік бақылау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Екі топты салыстыру. Стьюденттің жұптаспаған критерийі. Тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі бақылау. Стьюденттің жұптасқан критерийі. Фишер критерийі. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Манн – Уитни критерийі. Тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі бақылау. Стьюдент критерийінің параметрлік емес аналогы: Манн – Уитни (U-критерий) критерийі. Емдеуге дейінгі және емдеуден кейінгі бақылау нәтижелерін салыстыру: Уилкоксон критерийі, таңбалар критерийі (z-критерий). Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Сапалы белгілерді талдау. Популяциялардың біртектілігі жөніндегі жорамалды тексеру үшін орайластық кестелері. Пирсонның Хи-квадрат критерийі. Фишердің дәл критерийін қолдану. Тесттік бақылау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
№ 1 аралық бақылау. | ||||
Сапалы белгілерді талдау. Әртүрлі мәнділік деңгейлері, таралудың түрлері бойынша критерийлердің қуаттылығын тексеру. Колмогоров-Смирновтың келісім критерийі. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Дисперсиялық талдау әдістемесі. Факторлық және қалдық дисперсиялар. Фишердің F-критерийі. Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың әдістерін қолданып биологиялық және медициналық мазмұнды есептер шығару. Тесттік бақылау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Өміршеңдікті талдау. Цензурирленген деректер. Өмір уақыты кестесін құру. Каплан-Мейер процедурасы. Өміршеңдік функциясы. Өміршеңдік қисығын тұрғызу. Өміршеңдік қисығы үшін сенім аралығы. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Регрессиялық талдау. Сызықты регрессияның параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша табу. Регрессияның таңдама теңдеуін құру. Регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. Ситуациялық тапсырмаларды орындау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Корреляциялық талдау. Пирсонның корреляциялық коэффициентін есептеу. Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. Корреляциялық байланыстың күші мен сипатын бағалау. Спирмен корреляциясының рангілік коэффициентін табу. Детерминация коэффициенті. Тесттік бақылау. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
Динамикалық қатарлар. Динамикалық қатарды талдау. Динамикалық қатарлардың түрлері. Динамикалық қатардың көрсеткіштерін есептеу. Минивикторина. | Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері | |||
№ 2 аралық бақылау. | ||||
Барлығы: |
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ӨЗ БЕТТЕРІМЕН ЖАСАЙТЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ (СОБЖӨЖ) ЖОСПАРЫ:
Апта № | р/н № | Тақырыбы | Өткізу түрі | Сағат бойынша ұзақтығы |
Өлшеу шкалаларының негізгі түрлері. Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі түрлері. Сапалы және сандық деректер. | Ұжымдық талқылау | |||
Бас жиынтықтың параметрлерін бағалау. Бас жиынтықтың параметрлерін таңдама тәсіл бойынша бағалау. Статистикалық бақылаудың қателіктері. Сенім аралығы. | Ұжымдық талқылау | |||
Стандарттау әдісі. Стандарттаудың тікелей емес әдісі. | Ұжымдық талқылау | |||
Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Шапиро-Уилкс критерийі. | Ұжымдық талқылау | |||
Фишер критерийі. | Ұжымдық талқылау | |||
Тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі бақылау. Таңбалар критерийі (z-критерий) | Ұжымдық талқылау | |||
Сапалы белгілерді талдау Фишердің дәл критерийін қолдану. | Ұжымдық талқылау | |||
Сапалы белгілерді талдау Колмогоров-Смирновтың келісім критерийі. | Ұжымдық талқылау | |||
Дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. | Ұжымдық талқылау | |||
Өміршеңдікті талдау. Өміршеңдік функциясы. Ауруларды қауіп-қатер факторының сандық өлшемі. | Ұжымдық талқылау | |||
Регрессиялық талдау. Регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. | Ұжымдық талқылау | |||
Регрессия мен корреляцияның байланысы. Детерминация коэффициенті. | Ұжымдық талқылау | |||
Эпидемиологиялық талдаудағы статистикалық әдістер. Эпидемиологиялық көрсеткіштерді статистикалық талдаулар әдістерін қолданып өңдеу. Қауіп факторы бойынша сырқаулықты талдау.Статистикалық талдаулар әдістерін қолданып эпидемиологиялық көрсеткіштерді өңдеуге арналған есептерді шешу. | Ұжымдық талқылау | |||
Қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеу. Қолданбалы бағдарламалар пакеттерінде деректер қорын құру. Қолданбалы бағдарламалар пакеттерінде медициналық-биологиялық деректерді статистикалық талдау. | Ұжымдық талқылау | |||
Барлығы: |
СӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ: