Сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
| № | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
| І тарау. Органикалық заттар-көміртек қосылыстары (7 сағат) | ||
| Кіріспе. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы | ||
| Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы | ||
| Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар | ||
| Органикалық қосылыстарды атаудың негіздері | ||
| Гомологтар мен изомерлер | ||
| 1-практикалық жұмыс.Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау | ||
| №1- Бақылау жұмысы.Органикалық заттар –көміртек қосылыстар | ||
| ІІ тарау. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (9-сағат) | ||
| Қаныққан көмірсутектер.Алкандар мен циклоалкандар | ||
| Қанықпаған көмірсутектер.Алкендер немесе этиленді көмірсутектер | ||
| Диен көмірсутектері | ||
| Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер | ||
| Ароматты көмірсутектер (арендер) | ||
| Көмірстутектердің табиғи көздері.Кокстеу өндірісі | ||
| Мұнай.Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері | ||
| Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану | ||
| №2-Бақылау жұмысы | ||
| ІІІ тарау. Оттекті органикалық қосылыстар (11 сағат) | ||
| Бір атомды қаныққан спирттер жай эфирлер | ||
| Көп атомды спирттер | ||
| Фенолдар | ||
| Альдегидтер мен кетондар | ||
| Карбон қышқылдары | ||
| Күрделі эфирлер.Майлар | ||
| Көмірсулар | ||
| Дисахаридтер.Сахароза. Крахмал | ||
| Целлюлоза. Ацетатты талшық.Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар | ||
| 2- Практикалық жұмыс.Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу | ||
| №3- Бақылау жұмысы.Оттекті органикалық қосылыстар | ||
| ІV тарау. Азотты органикалық қосылыстар ( 7 сағат) | ||
| Аминдер | ||
| Амин қышқылдары | ||
| Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар. Азотты органикалық өосылыстар жөніндегі білімді бір жүйеге келтіру | ||
| Белоктар | ||
| Нукелеин қышқылдары | ||
| Тірі организмдердің химиялық құрамы. Витаминдер | ||
| Жылдық қорытынды сабақ |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
74-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
3. Оқыту міндеттері:
1) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
2) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімімен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистікбағыттылығын дамыту;
6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауылшаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға керіәсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
2. Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы ескерілді.
3. «Билогия» пәнімен:
1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;
2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;
3) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.
4. «География» пәнімен:
1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;
2) негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер;
3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.
5. «Алгебра және геометрия» пәнімен:
1) заттың сандық құрамын анықтауда математикалық есептеулерді қолдану;
2) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;
3) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.
6. «Физика» пәнімен:
1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиактивтілік, ядролық реакциялар;
2) зат құрылысының атом-молекулалық ілімі, зат массаның сақталу заңы;
3) заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар.
7. «Информатика» пәнімен:
1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялармен жұмыс істеу;
2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;
3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу.
8. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;
11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан
Химия 10 сынып