Тақырып 3. СЫНА-ҚАЙЫСТЫ БЕРІЛІСТІ ЕСЕПТЕУ

Шынжырлы тасымалдағышқа айналмалы токты электрқозғалтқыштың жетек механизмінде қойылған сынабелдікті берілісті есептеу. Қозғалтқыштың Р1 қуаты, кіші шкивтің п1 айналу жиілігі, берілістің i беріліс қатынасы 3.1 кестедегі деректер бойынша таңдалып алынады. Жетек суық климат аумағында пайдаланылады, жетектің кіші габаритті болғаны дұрыс.

Сурет 3.1

Кесте 3.1

Параметр Варианттар
р1, кВт
n1, мин-1
i 1,5 1,5 1,5
Қайысты тарту периодикалық автоматты

 

МЕМСТ 1284.3-80-де баяндалған әдістеме және 14-нұсқа 3.1 кестедегі деректер (Р1 = 11 кВт, n1 = 2400 мин-1, i = 3, белдікті тарту автоматты) есептеу негізінде жатыр.

1. Өнеркәсіп сыналы белдіктердің типтік өлшемдерінің шектелген санын шығарады: 0(Z), А, В, С, D, ЕО. 0(Z) қима белдіктерін 2 кВт қуаты бар жетектерде, ал ЕО қима белдіктерін 200 кВт қуатта қолданады. Белдіктердің басқа қималарын 3.2 [1] суреттің графикаларынан немесе МЕМСТ 1284.3-80 алуға болады.

Сурет 3.2

Р1 = 11 кВт және n1 = 2400 мин-1 бастапқы мәндеріне В қима қайысы сәйкес келеді.

2. Қосымшаның П3.1 және П3.2 кестелері немесе МЕМСТ 1284.3-80 кестелерінің деректері бойынша белдік қимасын анықтап, типтік беріліс жағдайындағы бір қайыспен берілетін Р0 номиналды қуатын табады (қапсыру бұрышы a =180°, i = 1, қолайлы жүктеме, белдіктің базалық ұзындығы Lp), бұның өзінде берілістің кіші габариттік талаптарын есепке аламыз.

Қарастырылып отырған нұсқаға кіші шкивтің диаметрін d1 = 140 мм деп тағайындаймыз және П 3.2 кесте бойынша Р0 = 4,33 кВт анықтаймыз.

Шкивтің d1 кіші диаметрлерінде жетек габариттері азайып, белдік санының артатынын есте сақтаған жөн.

3. Жетекті пайдалану жағдайында бір қайыспен берілетін Рр есептік қуат келесі формула бойынша есептеледі:

(3.1)

мұнда, Сa - қапсыру бұрышы коэффициенті (П 3.3 кестесін қараңыз);

СL - белдік ұзындығы коэффициенті (3.3-суретті қараңыз);

Ср - жүктеме режимі коэффициенті.

Сa және СL коэффициенттерін анықтау алдында берілістің геометриялық параметрлері (d2 және а) мен a қапсыру бұрышын есептейміз.

Үлкен шкивтің диаметрі . Шкивтің d2 есептік мәні қатардағы ең жақын стандарттыға дейін дөңгелектенеді, мм:
63, 71, 80, 90, 100, 112, 125, 140, 160, 180; 200, 224, 250, 280, 315, 400, 450,
500, 560, 630, 710, 800, 900, 1000 және т.б. Ең соңғысы d2 = 400 мм деп қабылдаймыз.

Берілістің нақты беріліс саны iф = 400/140 2,86. Тапсырмада басқа нұсқаулар болмаса, d2 сәйкес келген кезде бастапқы i-ден +5%-ға дейінгі ауытқуға жол беріледі.

а осьаралық қашықтығы. а ұсынылатын мәндері:

i… 1 2 3 4 5 6

а... 1,5d2 1,2d2 d2 0,95d2 0,9 d2 0,85 d2
a' = d2 =
400 мм деп қабылдап, қайыстың есептік ұзындығын есептейміз

Lp' есептік мәні қайыстардың стандартты ұзындықтарымен сәйкес келеді, мм: 500, 560, 630, 710, 800, 900, 1000, 1200, 1250, 1400, 1600, 1800, 2000, 2240, 2500, 2800, 3150, 3550, 4000, 4500 және т.б.

Lp = 1800 мм деп қабылдап осьаралық, қашықтықты анықтаймыз:

Мұнда

Кіші шкивтің қапсыру бұрышы:

бұл ұсынысына сәйкес.

3.1-формула бойынша бір қайыспен берілетін Рр қуатын анықтаймыз:

Мұнда Са = 0,91 (П 3.3 кест. қар.); СL = 0.95 (3.3-суретті қар.); Ср = 1,2.

Ср жүктеме режимі коэффициенттері мен К1 жұмыс режимін таңдау бойынша ұсынымдар:

Жүктеме сипаты Қалыпты Біркелкі тербеліс Бірталай тербеліс Соқпа
Ср 1…1,2 1…1,3 1,3…1,51 1,5…1,7
К1 2,5 1,0 0,5 0,25

 

Сурет 3.3

4. Қайысты беріліс жетегіндегі қайыстар саны:

мұнда CZ – қайыстар саны коэффициенті:

Z 1 2...3 4…6 > 6
СZ 1 0,95 0,9 0,85

Қайыстар көп болған сайын, бір қалыпты жүктемені алу қиынға соғады. Сондықтан Z 6 ұсынылады.

5. Пайдалану процесіндегі қайыстардың тартылуын оқтын-оқтын, әсіресе жетектің жұмыс істеуінің алғашқы 48 сағатында бақылап және реттеп отыру қажет.

Бір қайыс тармағының тартылуын келесі формула бойынша анықтайды:

Мұндағы n – қайыстың шеңберлік жылдамдығы:

q – центрден тепкіш күштердің әсерін есепке алушы коэффициент, Н×с22.

3.2 кесте бойынша анықталады. Қайыс автоматты тартылатын берілістер үшін .

Кесте 3.2

Қайыстың қимасы Z(О) А B C D Е ЕО
q, Н × с22 0,06 0,10 0,18 0,30 0,60 0,90 1,5
С0, Н  

 

6. Қайыстың тартылуын Q белгілі күшінің әсерімен тармақтың f иілісі бойынша бақылайды (3.4 – сурет).

Тармақтың f иілісі келесі формула бойынша анықталады:

Ньютонмен алынған Q күшін мына формула бойынша есептейді:

Сурет 3.4

мұнда С0 –қайыстың қимасына тәуелді болатын қосымша тартылыс.

С0 ұсынылатын мәндері 3.2 кестеде берілген.

7. Қайыс тармақтарының тартылу күштері біліктер мен тіреуіштерге беріледі (3.1 – сурет), Білікке теңәсерлі жүктеме

Мұнда

8. Есептеуді пайдалану жағдайындағы қайыстардың Тр қорын анықтаумен аяқтайды:

Мұндағы К1 –жұмыс режимі коэффициенті. Жүктемелердің біркелкі тербелістерінде К1 =1,0;

К2 –пайдаланудың климат жағдайларын есепке алатын коэффициент. Суық және өте суық климатты аудандар үшін: К2 = 0,75; басқалар үшін: К2 = 1,0.

Тр(орт) –қайыстардың орташа қоры, сағат.

Бірінші дәрежелі қайыстар үшін Тр(орт) = 2000 сағ., екінші дәрежеліге - Тр(орт) = 2500 сағ., үшінші дәрежеліге – Тр(орт) = 2700 сағ.