Дәріс тақырыбы №3. ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР

1. Өзбекстандағы қазақтар.

2. Түрікменстандағы қазақтар.

3. Тәжікстандағы қазақтар.

4. Ресей Федерациясында да қазақтар

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің елшілік қызмет департаменті басқармасының дерегі бойынша, 2000 ж. басындағы мәліметтің көрсетуінше әрбір үшінші қазақ Қазақстаннан тыс жерде өмір сүреді, олардың жалпы саны 3,3 млн адамға жеткен. Оның ішінде ТМД елдерінде: Өзбекстанда-967 мың, Ресейде-688 мың, Түрікменстанда-87 мың, Қырғызстанда-42 мың, Украинада-10 мың, Тәжікстанда-10 мың, Әзір­байжанда-4 мың, Грузияда-3 мың, Молдовада-2 мың, Арменияда-500, Беларусьте-300 адам өмір сүруде. Қазақтардың негізгі үлес саны Орта Азия республикаларына келеді. Мұнда олардың жалпы саны-1млн 100 мың адам.

Өзбекстандағы қазақтар. ТМД-дағы Қазақ диаспорасыныңның саны ең көп ел — Өзбекстан. Қазақтар Бұхар облысының ауылдарында, Ташкент облысының Бостандық ауданында, Қарақалпақ Республикасының басым көпшілік халқын құрайды. Олар негізінен жер шаруашылығымен айналысады. Мәдени дәстүрлерінде бұрынғы көшпелі өмір салтының элементтері сақталып қалған. Мысалы, киіз үйді пайдалану, мола құрылысының қазаққа тән сипаттары сақталған. Қазақтар балаларын өздерінің ұлттық мектептерінде оқытуға тырысады, алайда қазақ тіліндегі оқулықтар және қосымша оқу-әдістемелік құралдар санының азаюына байланысты, білім сапасы төмендеуде. Өзбекстанның латын алфавитіне көшуіне байланысты қазақ мектептері тағы да кедергілерге кезікті. Енді олардың орыс әрпімен жазылған Қазақстаннан барған кітаптарды оқуы қиынға түсері сөзсіз. Дегенмен, әзірге Өзбекстанда қазақ мектептері сақталған, кейбір ЖОО-да қазақ тілінде білім беретін бөлімдер мен факультеттер бар. Өзбекстанда-593 қазақ мектебі бар, бірақ мұның дені аралас (қазақша-өзбекше) оқу ошақтары.

1998 ж. аталмыш мектептерде 160 мыңдай жас отандастарымыз оқыды. Қазақстанда 200-дей өзбек мектебі бар. Оларда 70 мыңнан аса жасөспірімдер оқып жатыр.

Өзбекстанда — оқулық, сонан соң қосымша оқу-әдістемелік құралдар жетіспейді. Таш­кент шаһарында “Өзбекстан” деген үлкен баспа бар. Онда “Асыл мұра” атты қазақ ре­дак­циясы 1995 ж. бастап жұмыс істейді, яғни өзбек тіліндегі оқулықтарды қазақшаға аударып, редакциялап, қайта басып шығарумен айналысады. Алайда Өзбекстандағы экономикалық дағдарыс жағдайында мәселе әзірге оң шешімін таппай отыр. Бұл елдегі Қазақ диаспорасыныңның “Нұрлы жол” атты өз газеті шығып тұрады. Тұрмыс деңгейінің төмендеуіне, қоғамдық және жалпы білім беру саласында перспективалардың азаюына байланысты қазақтардың көпшілігі Өзбекстаннан көшіп келуге шешім қабылдаған.

Түрікменстандағы қазақтар. Түрікмен еліндегі Тахтабазар ауданындағы Нарын, Иолатан, Байрамәлі, Небитдаг, Ташауыз қалалары мен Мұрғап станциясындағы қазақтармен байланыс орнату мақсатында жұмыс жүргізіліп тұрады. Мұндағы қазақ жастары түрікмен немесе орыс тілдерінде білім алады. Бірде-бір қазақ мектебі, тіпті сыныптар да жоқ.

Тәжікстандағы қазақтар. Тұтастай алғанда Тәжікстанда тұратын он мың қазақтың әрбірінің азаматтық құқығы мен өмірі қалай қорғалуда? Тек көшіп келгендердің қамын ойлап қою жеткіліксіз, сонымен қатар, басқа жақта өмір сүріп жатқан қазақтардың жайын да ойластыру, жіті қадағалап назарда ұстау міндет.

Тәжікстанда белгілі себеппен оқудан қол үзген қазақ студенттерін Қазақстанда орналастырудың жайын жоғары оқу органдары арнайы қарауды қажет ететін басты мәселе бо­лып тұр.

Ресей Федерациясында да қазақтар саны айтарлықтай, 700 мыңға жуық. Олар тығыз қоныстанған аудандар Қазақстан шекарасының маңына таяу орналасқан. Бұл — Алтай, Новосибирск, Омбы, Челябинск, Қорған, Орынбор, Саратов, Волгоград, Астрахань облыс­тары. Ресейдің еуропалық бөлігінде қазақтар саны аз, онда олар негізінен қалаларда тұрады. РСФСР-дегі 1989 жылғы санақ мәліметі бойынша 636 мыңдай қазақтар тұрады. Олардың көп­шілігі Батыс Сібір аумағында — 130 мыңнан астам, Омбы облысында — 75 мың, қал­ғандары Новосибирск, Түмен облыстарының оңтүстік аудандарында және Алтай өлкесінде. Орынбор облысындағы қазақтар саны 111 мыңнан астам, олардың 70%-дан астамы — ауыл тұрғындары. Астрахань облысында 120 мыңнан астам қазақтар тұрады, бұл осы аумақ хал­қының 14%-ы. 1989 ж. санақ бойынша Мәскеуде 8225, Ленинградта (қазіргі Санкт-Петер­бург) — 6331 қазақтар бар. Орта Азиядағы сияқты Ресей қазақтары да негізінен ауылдық жерде тұрады. Бұл неғұрлым өзге халық арасында туысқандық байланыстары мен этностық тұтастығын сақтап қалу үшін тығыз тұруға ұмтылуын, сондай-ақ, қазақ тұрғындарының урбандалу деңгейінің төмендігін көрсетеді. Қазақтардың ұрпақ сабақтастығын және этностық тамырымен байланысын сақтап келе жатқан салалардың бірі — ұлттық кухнясы. Әлеуметтік салада аға ұрпаққа құрметпен қараушылық дәстүрі негізінен туысқандық байланыстар деңгейінде сақталған. Аға ұрпақ қамқорлығы және тығыз қоныстануының нәтижесінде қазақтар ана тілін сақтап қалған, дегенмен мұнда да жастардың ана тілін нашар білу тенденциясы көрініс беруде. Ана тілін білудің нашарлауына Кеңес өкіметі кезінде білім беру жүйесіндегі өзгерістер әсер етті. 30 жж. ортасынан бастап РСФСР-дегі педагогикалық училищелері қазақ мектептерінің саны аз деген сылтаумен жабылған. 1967 ж. Астрахань қазақ педучилищесі соңғы түлектерін даярлап шығарды. Қазақ мектептерінің жабылуы кеңес идеологтарының КСРО халықтары одағынан бірыңғай кеңес халқын қалыптастыруға ұмтылысына байланысты болған еді. Мәдениет және білім беру саласында орыс тілі басты назарға алынды. Бүгінде Ресейдің халық тығыз қоныстанған жерлерінде ұлттық мектептер сақталған. Қазақ халқының тілі мен мәдени дәстүрлерін сақтауға ресей қазақтары құрған қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де өз үлестерін қосуда.

Горно-Алтайск қаласында тұратын 62 мың халықтың екі мыңдайы қазақтар. Жалпы Алтай өлкесінде 15 мыңдай қазақ тұрып жатыр. Ал Барнаул жақта — Алтай өлкесінің Сібір бөлігіндегі қазақтардың саны жеті мыңнан асады. Алтай өлкесіндегі 15 мыңға тарта қазақтардың ішінде суырылып шығып, өздерінің іскерлік қабілетімен көріне білгендері де баршылық. Қазір Алтай өлкесінде Наталья Әбуқызы Елбаева деген қазақ қызы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметіне дейін көтерілген. “Ырыстуу” деп аталған түркі тектес халықтардың басын қосқан “Азия дауысы” сияқты фестивальдар ұйымдастырылып тұрады.

Дүниежүзілік аренада тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болуы қазақ халқының ұлттық сапасын өсіре түсті. Қазақ диаспорасыныңның өкілдері өз халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек зерттеп білуге мән бере бастады. Осылайша, 1980 жылдардың аяғында Омбы қаласында “Мөлдір”, “Аманат”, “Жастар” сияқты ұлттық-мәдени орталықтар мен шығармашылық бірлестіктер құрылды, “Омбы үні” атты қазақ тіліндегі газет шығарыла бастады. 1990 ж. Орынборда “Қазақ тілі” атты ұлттық-мәдени қоғам құрылып, “Айқап” газетін шығаруды қолға алды. Осы жылы “Жолдастық” атты Астрахань облыстық қазақ мәдениеті мен тілі қоғамы өмірге келді. Бұл қоғам “Ақ арна” газетін шығарады. Саха (Якутияда) жерінде “Ана —Жер” атты қазақ қауымы құрылған. Қауым төрағасы Тілеутай Орынтайұлы Бүйрікбаев деген азамат. Олар алыста жүрсе де ата дәстүрін, тілін ұмытпауға тырысады. Бірнеше жылдан бері наурыз мерекесі дәстүрлі аталып келеді. “z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansabay.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansabay.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansabay.htmАбай жолы” романын саха тілінде басып шығару қолға алынған. 1991 ж. Мәскеудегі қазақ жастарының мәдени қоғамы “Мұрагер” өз жұмысын бастады. Астанадағы көпұлтты мегаполис жағдайында бір-бірімен тығыз қарым-қатынасын сақтап қалу үшін мәскеулік “Қазақ тілі” қоғамы ұйымдастырылды (1990 ж. соңы — 1991 ж. басында). Өткен жылдар ішінде бұл қоғамдар мен бірлестіктер ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарды. Бүгінгі кезеңде Ресейде Наурыз тойын жыл сайын тойлау дәстүрге айналды. Қазақстанмен байланыс орнатуға баса мән берілуде. 1990 ж. тамыз айында Астраханьда Қазақстан өнері мен әдебиетінің күндері өткізілді. Ресейдің әр түрлі аймақтарындағы қазақ қоғамдары мен ұйымдары бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, біріккен ұлттық фестивальдар мен мерекелерге қатысады. Ресей Федерациясындағы қазақтар қауымының өкілдері 1992 ж. Алматыда өткен Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына қатысты. 1996 ж. қазан айында Астрахань облысының Алтынжар ауылына ҚР Президенті z:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\Local Settings\Application Data\Opera\Opera\Мои документы\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев пен Ресей үкіметінің төрағасы В.С.Черномырдин келіп, қазақтың ұлы күйші-сазгері Құрманғазыға арналған ақшаңқан кесенені ашу салтанатына қатысты. Қазақ диаспорасыныңның моральдық құндылықтарды сақтап қалуы халықтың өмір сүру, өзін сақтап қалу жолында ұзақ ғасырлар бойғы күресінде қалыптасқан ерекше сипаты болып табылады.

Қазақ халқы тарихында із қалдырған көрнекті тұлғаларын ұмытпай, әлі күнге дейін балаларына олардың есімдерін қойып келеді. Ресейлік қазақтардың тағы бір сипатты ерек­шеліктері — Ресей халықтарының тілін, мәдениеті мен қоғамдық құндылықтарын жатыр­қамай қабылдауы, сондықтан да Ресей мен Қазақстан халықтары арасында тарихи қалып­тасқан рухани байланыс одан әрі тереңдей түсуде. Ресейдегі Қазақ диаспорасының шын мәнінде екі мәдениеттің, екі ел арасындағы мәдени байланыстың өкілдері болып табылады. Алайда Ресей қазақтарының этностық сана-сезімі өздерінің қазақ этносына жататынын түсінуі, оның ішінде өзіне тән рулық ата-тегін білуінен байқалып тұрады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12, 14,15.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 5, 6, 7, 12,13, 15, 17, 21, 29, 31.