Жоғарғы оқу орнындағы дәрісті моделдеудің психологиялық негіздері

Дәріс – (латын тілінен “lectio” - оқу) – оқытушының ғылыми білімдерді беру мақсатымен аудиторияға ауызша хабарлама жасауының арнайы формасы. Дәріс оқу үрдісінің формасы ретінде бір қатар ерекшелейтін қырларымен айрықшаланады:

ол оқу пәнінің негізгі жағдайларына біртұтас және логикалық түсіндіру береді;

студенттерді осы ғылымды оқудың методологиясымен қаруландырады;

басқа формаларға қарағанда қазіргі кездегі оқулықтардың және оқу құралдарының олқылықтарын немесе жоқтығын жақсырақ толықтырады, ғылымның соңғы мәліметтерімен оперативті таныстырады;

оқытуды тәрбиелеумен органикалық үйлестіреді;

студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға бағыттайды және оның негізгі бағыттарын анықтайды.

Сабақ берудің дәрістік формасының мынадай бір қатар жақсы жақтары бар: бұл оқытудың біршама үнемді тәсілі, меңгеру дәрежесі бойынша тиімді, дүниетаным мен нанымдарды қалыптастырудың біршама ақиқат құралдарының бірі, дәріс оқушының үлкен аудиторияға бір мезгілді жеке тікелей әсер етуінің құралы.

Әйгілі ғалым Н.Е. Жуковский дәріс туралы былай деп жазған: “Әсер қалдыру күші бойынша дәрістік тәсіл сабақ берудің басқа барлық түрлерінен жоғары тұрады және ештемемен алмастыруға келмейді. Сонымен қатар, ол уақыт бойынша өте үнемді”.

Бірақ дәрістің де кемшіліктері жоқ емес, осның ішінде: ол студенттен дәріс оқушыға кері байланыстың тек ең минималды бөлігін ғана қамтамасыз етеді; студенттік аудитория қаншалықты көп түрлі болса, дәріс оқушының нақты оқушыға әсері соншалықты әлсіз болады.

Бұл әртүрлілік бірнеше рет дәрістің оқу үрдісіндегі рөлі мен орны туралы пікір-таластарға ғана емес, сонымен қатар оған үнемі тыйым салуға да алып келді.

Оқу үрдісіндегі дәрістің жетекші орны мыналармен анықталады:

біріншіден, пән бойынша курс дәрісі оның негізгі мазмұнын береді;

екіншіден, дәрістер тек оқу үрдісінің мазмұнын ғана емес, сондай-ақ бүкіл оқу үрдісінің теориялық және кәсіби бағыттылығын да анықтайды;

үшіншіден, оқу үрдісінің басқа формаларының бағыты, мазмұны мен тиімділігі соларға тәуелді.

Қазіргі кездегі оқу дәрістерін үш түрге бөлу қабылданған: шолу, мәселелік және пәндік. Егер шолу дәрісі біртұтас білім қалыптастыру үшін бұрынғы білімдерді қайта жаңғыртуға немесе қандай да бір әлі зерттелмеген немесе өте таныс емес материалмен таныстыруға бағытталса, онда мәселелік – материалды мәселе ретінде, мәселелер жиынтығы, қазіргі кездегі экономикалық өмірдің белгілі-бір қырына әртүрлі көзқарастар палитрасы ретінде береді, бұнда – мәселеден шығудың дайын жолы жоқ, оны оқытушы да, студенттер де бірге іздеуі керек.

Пәндік дәріс дәрістік курстың кәдімгі құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ оған мәселеліктің элементтері де, шолудың жеке бөліктері де енуі мүмкін.

Дәріске психологиялық-педагогикалық талаптар:

· Дәріс ғылыми қатынаста қысқартылған болмауы тиіс.

· Дәріс міндетті түрде, тіпті ең жаңа және жақсы оқулықтың шегінен шығуы тиіс.

· Дәріс дайын жауаптар мен рецепттерден тұрмауы керек, ол ойлануға үйретуі керек.

· Дәріс тіл тұрғысынан алғанда сауатты және логикалық болуы тиіс.

· Дәріс айқын және сенімді болуы қажет.

Қазіргі таңда дәріс жоғарғы мектептегі оқу үрдісінің мазмұнын анықтайтын жетекші форма болып табылады. Дәріс ең бастысы өз бетінше жұмыс жасауға негізгі бағдарларды беруі керек немесе студенттердің тақырыпты өз бетінше оқуын шыңдауы тиіс, өз бетінше жұмыс жасаудың негізінде алынған білімдерді жүйелендіруге, жинақталған ақпараттарды жүйелендіруге және оның негізінде белгілі-бір қорытындылар жасауға көмектесетін шолу беруі тиіс.

Оқу дәрісінің әдістемелік құрылғысы.

 

Дәрістің тақырыбы. Тақырыпты таңдаудың негіздемелері:

А) тақырыптың курс жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау;

Б) тақырып бойынша библиографияны таңдап алу (оқытушы мен студенттер үшін әдебиеттер)

Дәрісті ұйымдастыру формалары:

А) аудитория (тыңдаушылардың дайындығының сипаты мен деңгейі);

Б) дәрістің мақсаты;

В) дәрістің міндеттері:

міндеттердің құрамы мен біртінділігі;

міндеттердің сипаты (ақпараттық, талдамдық, жүйелендіретін, мәселелік);

студенттерге көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін қажетті құралдар (категориялар; көрсету жүйелері; қызметтік, генетикалық, құрылымдық, ықтималдық, себептік байланыстар);

оқытушы тыңдаушылардың бойында қалыптастыратын эмоциялық позициялар мен қатынастар.

Г) дәрістің ұйымдастырушылық формасы: монолог; аудиовизуалды құралдарға сүйенген монолог; эвристикалық әңгімелесудің элементтері бар монолог; диалог - пікір-талас (дәрісті екі оқытушы жүргізеді).

Дәрістің мазмұны:

А) мазмұнның жоспар-конспектсі;

Б) біртұтастықты, жүйелікті, біртінділікті, оңайлықты, көркемдікті қамтамасыз ететін оқу құралдар және дидактикалық тәсілдер.

4. Дәріс үрдісіндегі оқытушының біртұтастық бейнесі:

А) дәріс мазмұнының әрбір бөлімінен тапсырмаларды шешу үрдісіндегі оқытушының студенттермен бірлесіп қызмет жасау формалары (тапсырманы бірлесіп шешу, үлгіге еліктеу, бірлесіп жұмыс жасау);

Б) сөйлеудің тілдік формасы (лексика, грамматика, стилистика);

В)оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының эмоциялық-айқын көрінетін вербалды емес құралдары (жесттер; мимика; пантомимика; интонация; дауыс ырғағы; темп; ырғақ; үзілістер).