Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалы

Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор - макрофактор(грекше – зор деген сөз) деп аталады. Оған өлке, қоғам, ел, этнос, мемлекет кіреді. Ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру. Белгілі философ Мишель Монтень адамдардың жүріс – тұрысы, өмір салты, іс-әрекеті, мысалы, соғысқа құмар, салмақтылығы, жайбарақаттығы, еңбекқорлығы, ғылым мен мәдениетке қабілеттілігі климаттық шарттар мен табиғи жағдайларға да байланысты болатынын атап кеткен. Географиялық және климаттық жағдай халықтың санына, өсіп - өнуіне де ықпал етеді, мысалы Куба мен Исландияның жер көлемі бірдей, бірақ Кубада жер жағдайымен климаты шаруашылыққа жайлы, сондықтан халық саны Исландияға қарағанда көп.

Республикамызда 2002 жылы ауа атмосферасын қорғау туралы заң қабылданды. Мұнда кейбір ұғымдармен қоса осы мәселенің өзекті тұстары да қарастырылған. Ауа атмосферасы газдық атмосфераның табиғи қоспасы ретінде қоршаған ортаның құрамдас бөлігі болып саналады. Геоклиматтық жағдайлар халықтың денсаулығына да өз ықпалын тигізетіні анықталған. Тарихшы В.О.Ключевский Ресейдегі жоғарғы Волга бойындағы халықтың тұрмыс ахуалын зерттей келе «геоклиматтық жағдайға байланысты оларда қыс қатты болғандықтан, жаз мезгіліндегі күндерді дұрыс пайдаланып, ықшам шапшаң қимылдауға, күш – жігерін толық және мақсатты пайдалануға бейімделген. Ал күз бен қыс күндерінде асықпай, баяу, жайбарақат тіршілік етуге үйретіп, халықтың психикасын да соған бейімдеген »,- деп ой түйіндеген. Дегенмен климаттық ахуал басқа да факторлармен қосыла келе адамды әлеуметтендіруге белгілі дәрежеде әсерін тигізеді. Оны ұлт қоғам және мемлекет қалай ескеруі керек екендігіне тоқталайық. Этнос, немесе ұлт – тарихи қалыптасқан, жалпы ұлттық менталитеті, мінезі, мәдениеті мен басқа ұлттардан айырмашылығы көрініп тұратын, белгілі бір жер аумағын мекендеген орнықты адамдар тобы немесе жиынтығы. Әрбір этносқа тән психикалық және жүріс – тұрысы ерікшеліктерінің биологиялық және әлеуметтік – мәдени көрсеткіштері бар. Олар ғасырлар бойы тұрақты бір өлкеде, не аймақта, белгілі бір климаттық шарттарда, табиғат ерекшеліктеріне байланысты шаруашылық және өндіріспен шұғылданып келген. Бірақ әлеуметтік – мәдени көрсеткіштердің психика мен тұрмыс – тіршілікке тигізетін ықпалы зор. Бұлардың әлеуметтендіруге тигізетін әсерін екі түрлі сипатта қарастыруға болады: біріншісі – тұрмыстық, биологиялық немесе витальді, екіншісі – менталдық немесе рухани әлемі болып табылады. Витальді ерекшеліктер – баланың дүниеге келуі, күтімі, дамуы, тамақтануы, киімі, тілі т.б. әр ұлттың тұрмыс шарттарына байланысты, мысалы, Уганда, елінде баланы анасы үнемі көкірегіне, не арқасына байлап көтеріп жүреді. Сондықтан ол аяғына жылдам тұрып, тез арада дамиды, бірақ зерттеулер ол анасынан ажыраған соң көпке дейін өзіне келе алмай, өз алдына жүре алмай көп уақытын қайта қалыптасуына өткізіп алатынын байқаған. Ал, еуропалық балалардың дамуының бір шама артта қалғаны оның тамақтануына байланысты екені анықталған. Осы айтылған ахуалдардың көпшілігі және кейбір кемшіліктер Қазақстан да да көрініс беруде. Әсіресе 90 – жылдардың бас кезінде әлеуметтік ахуалдарға байланысты ауылдық жерлерде ауру баланың саны өскен, азық – түліктің жеткіліксіздігінен не сапасының нашарлығынан әлсіреу, дене құрылысының дұрыс қалыптаспауы, жастар арасындағы әр түрлі сырқаттардың көбеюі балалардың әскери қызмет өтеуге жарамсыздығы т.б. көбейген болатын. Еліміздің экономикалық дамып, әлеуметтік жағдайының түзелуіне байланысты бұл көрсеткіштер біршама азайған. Ұлттық мәдениеттің әлеуметтендіруге тигізетін әсерін «менталдық» деп атайды. Бұл ұғым ХХ ғасырдың бас кезінде әлеуметтену ғылымына француз ғалымы Л.Леви-Брюль енгізген. Менталитет - халықтың терең, іргелі рухани санасы, тарихи – мәдени және климаттық – табиғат жағдайларының әсерімен қалыптасқан көпшіліктің ақыл - ойы мен түсініктері.

Әр ұлттың менталитеті тіршілік әдеттерінің ерекшеліктерінен, үй жиһаздары мен жасауларынан, декоративті – қолданбалы қолөнерінен, көркем өнер мен киім кешектері, жүріс – тұрысы мен қарым қатынасындағы сый-құрметінен, көркемдік туралы түсінігі мен еңбекке деген көзқарасынан, отбасы салт – дәстүрінен, мейірім – қайырым сипатынан байқалады. Ересек адамдар мен балалардың арасындағы өзара қарым–қатынасы, балаларды қалай тәрбиелеу керек олардың қандай мүмкіндіктері мен қабілеттері бар, қандай мамандық алып, кім болуды армандайды, тәрбиеде қандай құралдар мен әдістерді қолдану керек деген секілді мәселелер менталиттетің тәрбие нәтижелерін болжау тұжырымы болып табылады. Талай ғасырлардан бері атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт – сана, мәдени байлық, халықтық әдет – ғұрып, әйел мен еркек арасындағы қарым – қатынас т.б. менталитеттің көріністерімен сипаты болып табылады. Менталитет отбасындағы қарым – қатынасқа, сый – құрметке, ересек және қарт адамдарды сыйлауға, кішіге ізет, кемтарлар мен бишараларға қайырым, көмек беру мен ұлттық этникалық ережелерді сақтауға өз ықпалын тигізді. Ұлттық менталитет өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде ұсынатын болжау теориясын да қамтиды. Белгілі ғалым Н.С. Конның зерттеуі бойынша, ересек адамдар мен балалардың арасындағы өзара қарым–қатынасы, балаларды қалай тәрбиелеу керек олардың қандай мүмкіндіктері мен қабілеттері бар, қандай мамандық алып, кім болуды армандайды, тәрбиеде қандай құралдар мен әдістерді қолдану керек деген секілді мәселелер менталиттетің тәрбие нәтижелерін болжау тұжырымы болып табылады.

Этностың эмплициттік тәрбиелеу тұжырымы ересек адамдардың әлеуметтік тобы. Оның жыныстық жас ерекшеліктері, экономикалық, идеологиялық, мәдени құрылымдары бар. Енді соларды қысқаша қарастырамыз. Қоғамның жыныстық сипаттамасы әйел мен ер адамдардың санынан емес, олардың қоғамда және отбасында алатын орнынан байқалады; - әйел мен еркектің әлеуметтік статусы матриархат – архаикалық мәдениетте, патриархат – кейбір Азия және Африка өлкелерінде, биархат – тең рөлді – Еуропа және ТМД құрамындағы Азия мен Орта Азия өлкелерінде орныққан;

- үй шаруашылығындағы адамдар: әйелдер де, ерлер де кездеседі;

- жергілікті әкімшілік органдарында жұмыс істейтіндер.

Адамдардың жас ерекшеліктерінің әлеуметтендіруге тигізетін әсерін ғалым Маргарет Мид зерттеген. Қоғамның өзгеруіне қарай және жас ұрпақ пен ересек буындардың бір – біріне тигізетін ықпалына байланысты М.Мид оның үш түрлі типте болатынын анықтаған: біріншіден, ересек және жасы ұлғайған адамдар жастар үшін үлгі-өнеге болумен бірге, ұрпақтан – ұрпаққа өтіп отыратын әдет-ғұрып, салт – сананың сақталып әлеуметтену үрдісіне айналуына өз ықпалын тигізеді; екіншіден, құрбылары мен жолдастары сыныптастары мен ауылдағы достары, т.б. араласқан ортаның ықпалы күшті; үшіншіден, балалар мен жастардың әлеуметтену үрдісіне ықпалы. Өйткені олар қоғамда болып жатқан өзгерістерді жылдам қабылдап, жаңа жағдайларға тез көніп, жаңалықты шұғыл бағалай алады. Мұндай жағдайға қарттардың бейімделуі күрделі. Өйткені олар өткен дәуір құндылықтарын ұмыта алмай, жаңаны қабылдай алмай қиналса, жастар оларға тез көніп, жаңа жағдайларға шұғыл бейімделе алады. Жас ерекшеліктерінен басқа әлеуметтену үрдісіне қоғамдық құрылымның да ықпалы пәрменді болатынын атап өтуге болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеген Т.И.Заславскаяның пікірі бойынша ол былай сипатталады:

- жоғары қатардағылар немесе саяси және экономикалық элита, қолында байлық та, билік те бар адамдар тобы;

- одан гөрі төмен қатарда ірі өнеркәсіп иелері мен осындай ірі кәсіпорындардың менеджерлері;

- ортаңғы қатар – шағын меншік иелері әлеуметтік қызметкерлер, басқару орындарының және тәртіп сақтау органдарының қызметкерлері, зиялылар тобы, бұқаралық ақпараттар құралдардарының қызметкерлері т.б.

- төменгі қатар – арнайы кәсіптік білімі, мамандығы жоқ қара жұмысшылар, ардагерлер тобы, әлеуметтік күйзеліске ұшырағандар т.б.

Мемлекеттегі өзгерістер мен жаңғыруларға байланысты Қазақстанда көптеген мамандардың кедейленуі, жұмыссыздар мен қылмыстық істерге барғандар, оқи алмай қалғандар саны көбейді. Мұндай көріністер әрине халықтың тұрмысына және өсіп келе жатқан жас буындарға өз ықпалын тигізетіні белгілі. Қоғамның экономикасының өсу деңгейі ондағы адамдардың тұрмыстық ахуалы мен өмір сүру шарттарын белгілейді. Кедейлік пен жоқшылықтан адамдар әр түрлі қылмыстық істерге баруда, мысалы зорлық – зомбылық, қорқыту, бұзып-шағып бүлдіру, масайту ішімдіктерін ішу, нашақорлық, ұрлық секілді келеңсіздіктер белең алуда. Үлкендер өткен дәуір құндылықтарын ұмыта алмай, жаңаны қабылдай алмай қиналса, жастар оларға тез көніп, жаңа жағдайларға шұғыл бейімделе алады. Қоғам экономикалық жағынан қаншалықты жоғары дәрежеге көтерілген сайын адамдардың білім алып, тәрбиеленіп қалыптасуына да соншалықты жоғары дәрежеде ықпал етеді. Қоғамдағы мұндай көріністер жастар мен балаларға да теріс әсерін тигізеді. Мемлекет өз халқының, азаматтардың құқығын және бостандығын қамтамасыз етеді, міндетті білім беру, еңбектену, кемелдену, отбасын құру, әскери қызметін өтеу, зейнетке шығу уақытын белгілейді және қаржымен қамтамасыз етеді. Сондықтан мұндай жағдайларда тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жұмыстарына ерекше мән берілуі керек. Тәрбиелеу – мемлекеттік институт ретінде жастарды теріс әрекеттерден, жаман ойлар мен қылықтардан сақтау немесе солардың алдын – алу, тура жолға бастау, қоғамдық жүріс – тұрыс нормаларын іздестіру, адамдардың дамуын қамсыздандыру мақсатын көздейді.

Тәрбие отбасылық, діни әлеуметтік және түзету педагогикасы болып бөлінеді. Отбасы тәрбиесі әкесі мен шешесі, атасы мен әжесі, бауырлары тарапынан жүргізіліп, туысқандық сипатта болады. Ал дін тәрбиесі көбінесе, арнайы діни мекемелер арқылы жүргізіледі десек те, кейбір отбасыларында оған мән берілмейтіні байқалады. Мемлекет - заңнамалық саяси ұғым. Ол саяси жүйенің тізбегі ретінде билік жүргізу қызметін атқарады. Бұл жүйе басқару аппараты, әкімшілік және қаржы органы, сот органы бір – бірімен тығыз байланыста қызмет етеді. Мемлекет өз халқының, азаматтардың құқығын және бостандығын қамтамасыз етеді, міндетті білім беру, еңбектену, кемелдену, отбасын құру, әскери қызметін өтеу, зейнетке шығу уақытын белгілейді және қаржымен қамтамасыз етеді. Демек, адамды әлеуметтендіру мемлекет тарапынан қуатталады және басқарылады. Азаматтарды тәрбиелеу жұмыстары да мемлекет тарапынан іске асырылады, өйткені мемлекет өзіне қажетті әлеуметтік тапсырыс бойынша адамдардың дамуына, қалыптасуына жағдай жасап, мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік тәрбие беру жүйесіне мыналар жатады:

- әр түрлі типтегі оқу – тәрбие мекемелері, балабақша, арнайы орта және кәсіптік мектеп, жоғары білім беретін оқу – орындары, лицей, гимназия, колледж, техникум т.б.

- денсаулығы нашар балалар үшін құрылған арнайы емдеу, тәрбиелеу мекемелері;

- дарынды және қабілетті балаларға арналған оқу – тәрбие мекемелері;

- әлеуметтік күйзеліске ұшыраған балаларға арналған мекемелер;

- жетім және мүгедек балаларға арналған оқу – тәрбие мекемелері;

- қайта тәрбиелеу және түзету мекемелері;

Бұларды материалдық жақтан қамсыздандыру мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мұндай мекемелерде жұмыс істейтін мұғалімдер мен тәрбиешілер, волонтерлар да мемлекет тарапынан даярлықтан өтеді, бақылауға алынып, қолдау көрсетіледі.