Бағасы және оны төлеу тәртібі
3.1. Осы келісім-шартқа байланысты «Орындаушының» бір жылға /2017 жылға/ көрсететін қызметінің жалпы құны 250 000 (екі жүз елу мың) теңгені құрайды.
3.2. «Орындаушының» қызметтерінің 3.1. тармағында көрсетілген сомасы осы келісім-шарттың жарамдылық мерзіміне дейін қойылады және өзгертілмейді.
3.3. «Орындаушының» қызметтері «Тапсырыс беруші» тарапынан мынадай тәртіпте төленеді:
1) Келісім – шарттқа байланысты төлем 2017 жылдың «5» қазанына дейін;
3.4.«Тапсырыс берушінің» «Орындаушының» қызметіне төлем осы келісім – шартта көрсетілгендей орындаушының есеп – айырысу шотына аударылады.
Міндеттердің орындалмауына жауапкершілік
4.1. Форс – мажор жағдайларын қоспағанда, егер «Орындаушы» қызметтерді келісім – шартта көзделген мерзімде көрсете алмайтын болса, «Тапсырыс беруші» өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, келісім – шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін келісім – шарттың бағасынан 10% (он) пайыз сомманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
4.2. Егер де «Орындаушының» қызметтері сапасыз болса, «Тапсырыс беруші» тарапынан қабылданбайды және төленбейді. «Орындаушы» келісім – шартты орындаудан бас тартқан жағдайда немесе келісім – шарт «Орындаушының» кінәсінен бұзылса, «Орындаушы» «Тапсырыс берушіге» келісім – шарттың жалпы соммасынан 10% (он) пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуі қажет.
4.3. Айыппұл және тұрақсыздық төлемі «Орындаушыны» осы – келісім шартқа сәйкес атқарылуға тиіс жұмыстардан және міндеттемелерден босатпайды.
4.4. Осы келісім – шартта қарастырылған «Орныдаушы» тарапынан жұмыс барысында әрекеттері мен әрекетсіздіктерінен туындайтын даулар және жауапкершілігі Өскемен қаласында, қолданыстағы заңдылықтар нормаларына сәйкес бір жақты немесе сот арқылы жүзеге асырылады.
4.5. Қосалқы мердігерлердің болуы «Орындаушыны» осы келісім – шарт бойынша материалды және басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Форс – мажорлық жағдайлар
Егер келісім – шартты орындау барысында, «Орныдаушы» уақытында қызметтерді көрсетуде кедергі жасайтын жағдайлармен кез келген уақытта кездессе, орындаушы бөгет болған факті, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (себептері) туралы «Тапсырыс берушіге» жазбаша ескертуді дереу жіберуі тиіс. «Тапсырыс беруші» «Орындаушыдан» ескерту алғаннан кейін жағдайға баға беріп, өзінің қарауынша, «Орындаушының» келісім- шартты орындау мерзімін ұзарта алады; бұл жағдайда мұндай ұзарту келісім – шарт мәніне түзетулер енгізу арқылы тараптармен бекітілуі тиіс.
Келіспеушіліктерді шешу
6.1. Тараптар осы келісім – шарттан туындайтын келіспеушіліктерді келіссөздер мен консультациялар арқылы шешуге тырысады.
6.2. Келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес сотқа беріледі.
Келісім – шарттың мерзімділік тәртібі.
7.1. Осы келісім – шарт екі тараптың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың «5» қазанына дейін жарамды болып табылады.
Басқа да талаптар
8.1. Осы келісім – шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады. Толықтырулар мен өзгертулер жазбаша түрде рәсімделіп тараптармен қол қойылады және осы келісім – шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
8.2. Келісім – шарт мемлекеттік тілде түзіледі. Келісім – шартты арбитражда қарау қажеттілігі туса, мемлекеттік тілдегі келісім – шарт данасы қаралады. Келісім – шартқа қатысты барлық хат алмасулар мен тараптардың басқа құжаттамалары осы шартқа сәйкес болуы керек.
8.3. Осы келісім – шарт екі данада түзілген. Барлық даналар және бірдей құқықтық күшке ие. Келісім – шарт тараптарының әр қайсысында бір данасы жіберіледі.
Тараптардың мекен – жайлары мен деректемелері:
ENU RIVERS» қонақ үйі «INTER MEDIA» жарнама агенттігі
010000 Қазақстан Республикасы 010000 Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы, Күршім ауданы, Өскемен қаласы, Орджоникидзе 34
Урунхайка елді-мекені ИИК KZ28319Y010000364989
ИИК KZ444322203398C00220 БИК ABKZKZKX
БИК VTBAKZKZ БИН 060 240 005 414
БИН 110 240 023 850 E-mail: info@inter-media.kz
E-mail: enu.rivers@gmail.com Тел.: +7(777) 856 4346
Тел.: 87472061961
Директор Директор
___________ М.Р.Жакия ___________ А.М.Умербаев
(қолы) (қолы)