Кәсіпорын туралы ақпарат

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІ

Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасы

 

 

Кәсіби өндірістік тәжірибеден өту туралы

ЕСЕП БЕРУ

 

 

Орындаған топ студенті ТКШИ -14-12 (топ) Құдайбергенов С.Ю. (қолы, аты-жөні)  
Кәсіп орын тәжірибе жетекшісі Директор Абылгазинова М.А (қолы, аты-жөні)    
     
Университеттен тәжірибе жетекшісі Оқытушы Онгарбаева З.Б (қолы, аты-жөні)    

 

 

АЛМАТЫ, 2016ж


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе......................................................................................................3-4

1.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.......................................................5-8

2. Эскиздік жоба................................................................................................9

2.1 Модельдің сыртқы сипаттамасы.....................................................9-10

3. Материалдарды таңдау және негіздеу ......................................................11

3.1 Негізгі, астарлы және желімдеу маталарды таңдау.....................11 3.2 Тігін жібін таңдау....................................................... ............11-12

4. Техникалық жоба..............................................................................................13

4.1 Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы......14

4.2 Бұйымның сызбасын макет әдісімен тексеру.............................14-15

5. Технологиялық бөлім.......................................................................................16

5.1 Өңдеу әдістерін және құрал-жабдық таңдау...................................16

5.2 Түйінді өңдеу тәртібі.............................................................................17

Қорытынды.................................................................................................................18

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................19

КІРІСПЕ

Жеңіл өнеркәсіптің дамуы қазақ халқының сапалы, әдемі ең бастысы тиімді сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Адам баласына өмірдегі ең қажетті дүниелер киім мен тамақ болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Өнеркәсіпті дамыту Қазақстанға көп табыс алып келеді. Алайда жеңіл өнеркәсіп елімізде айтарлықтай дамымай жатқаны мәлім. Басшыларымыз бұл саланы дамыту барысында халқымызға көп жағдай жасауда. Сонымен қатар жас маман дайындау мақсатында жоғарғы оқу орындарына грант санын көбейтуде. Жеңіл өнеркәсіп салаларына тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары жатады. Соның ішінде, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы – тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкентте «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар. Қазіргі уақытта тігін өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы дамып, кәсіпорындарда озық технологиялар, яғни механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтар сонымен қатар жартылай автоматтандарылған жабдықтар, электронды есептеуіш техникалары кеңінен қолданылып келеді. Одан ары қазіргіден да дамыған автоматты құрылғылар ойлап табылып сынақтан өтіп өндірісте қолданылып жатқаны қаншама. Қазіргі кезде әр түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптер, иірім жіптерді тігін бұйымына қолданудың арқасында, киімдерге арналған материалдардың ассортименті тоқтаусыз кеңейіп, жаңаланып отырады. Өйткені, олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді, пішу және тігін бұйымын өндірудің технологиялық процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізеді. Киім қазіргі кезде тек жабыну, киіну, ыстық және суықтан сақтану құралы емес қолданбалы өнердің туындысы ретінде қарастырылады. Бұған әр жыл мезгіліне сай өткізіліп отырлатын сән көрсетілімдері, сол жылдың өзінде сән бағытының өзгеріп отыратындығы дәлел бола алады. Ал эксплуатациялық қасиеттерін бағалау кезінде бұйымның сән бағытына сәйкестігі, қазіргі заманға сай безендірілу, бұйымның сыртқы көрінісіның тұрақтылығы, оны күту жеңілдігі үлкен мағынаға ие. Сондықтан жоғары сапалы бұйымдарды шығару үшін, тек қана озық технологияны қолданып қана қоймай, тұтынушылардың сұранысын да ескеру қажет. Қазіргі өркендеу кезеңінде тігін бұйымдарының сапасы қолданылған техника және технология негіздеріне, өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен механикаландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән өнері мен бағытына негізделіп, ғылыми–техникалық жаңалықтар негізінде шығарылған жаңа материалдардың түрі кеңінен қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалдарды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал –жабдықтарды меңгеру қажет. Нарықтық экономика жағдайына лайықты, терең тәжірибелі және теориялық білім мықты, шығармашылық қабілеті жоғары кәсіби мамандар даярлау – қазіргі кезеңдегі өзекті мәселенің бірі. Бұл жағынан жоғары білікті және де қазіргі заманға озық техникамен технологияларды меңгерген инженер–технолог, инженер–саулетші, дизайнер, мамандарды оқытып заман талабына сай маман шығарып отырған, Қазақстанның білім нарығында 55 жылдан астам тарихы бар Алматы технологиялық универиситетін мысалға келтіруге болады. Бірақта бұл салада мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының аздығынан еліміз артта қалып отыр деуге болады. Сондықтан арнайы салалық білім беру жүйесі алдында жас ұрпақты оқыту мен оларға еңбек пен эстетикалық тәрбие беру және ғылыми –техникалық процесс талаптарына сай қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау сапасын көтеру міндеті тұр. Киімдерді дайындау технологиясы болашақ мамандарға тігін бұйымдарын дайындаудағы өңдеу ерекшелігі мен әдісін таңдауды, бұйым сапасының көрсеткіштерін анықтауды, технологиялық процесс негіздерін талдауды және түйінді өңдеудегі уақытты қысқартуды, еңбек өнімділігін арттыру және оңтайлы тәсілдерді меңгеруді үйретеді.

Кәсіпорын туралы ақпарат

«Айлин» ательесінің негізгі айналысатын жұмысы ұлттық киімдер тігумен қатар арнайы тапсырыс бойынша киім тігу, халық қолданысындағы тауарларды шығару және жобалап іске асыру болып табылады. Ателье киім тігу, жөндеу, киімді қысқарту, костюмдерді прокаттау, лекалдарды дайындау және жетілдіру, киімдердің эскизін жобалау, ұлттық киімдер, кештік салтанатты көйлектер, үй кездемесін тігуді жүзеге асырады.

«Айлин» сән ательесі 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт арылығында жеткен жетістіктері өте көп. Ателье 2005 жылы Астанада өткен «Алматы әуендері», «Қазақ әуендері», «Бишілер ансамбльі» атты тендрлерін жеңіп алды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы КазГУ, КазГосЖенПУ, Қ.Сәтбаев атындағы Техникалық Униврситтердің мерей тйларына арнап ұлттық киімдер тікті. 2012 жылы Алматыда үлкен концертте өткен «Сазген» ансамбльіне арнап ұлттық бас киімдер, камзолдар, шалбарлар тікті.

Ателье қазіргі таңда көптеген іс шаралар атқарып тынбай жұмыс жасауда. «Айлин» сән ательесінде бүгінгі таңда 22 адам жұмыс атқарып жатыр. Ательедегі жұмыскерлер алған тапсырмаларының қаржылық көлеміне байланысты жалақыларын алып отырады.

«Айлин» атльесінде тапсырыс бойынша киім тігілетін болса, онда әрбір тапсырыс берушіге жеке қызмет көрсетіледі. Әрбір жеке тапсырыс берушінің дене бітімінің ерекшеліктеріне байланысты дербес конструкциялар құрылады және жекеленген лекалалар дайындалады. Себебі дайын лекалаларға қарағанда, жеке тапсырыс берушінің өлшемдерінің дәлдігін, қозғалу әдебін, әдеттерін ескере отырып, ателье қызметтері киімнің мінсіз тұруын, артық бүкпелердің болмауын, киім өлшемінің сай келуін, кең қозғалыстың болуын қамтамасыз ету арқылы сізге жақсы сыртқы сипат пен сізді қоршайтын адамдардың таң қаларлық көзқарасына бөлейді. Лекалды тұрғызудың әрбір кезеңінде тұтынушылардың қалауы бойынша және өлшемдердің өзгерістеріне түзетулер жасалып отырады.

Бұйымның сапасы мен тігістің сапасы тек жаңа құрал-жабдыққа байланысты емес, сонымен қатар жоғары біліктілікті мамандарға да байланысты. Білікті дизайнерлер, конструкторлар мен тігінші мамандардың арқасында «Айлин» ательесінде ұлттық киімдер, ұлттық қалыңдық көйлектері, кеш көйлектері, билеу костюмдері, сахналық және концерттік костюмдер, смокинг, фрак, скатерттер, корпоративтік және офистік киімдер, тапсырыс бойынша дайындалады. Әрі сонымен қатар ательеде өзінің ұлттық киімдерін үлкен кештерде пракатқа ұсынады.

«Айлин» ательесінің негізгі айналысатын жұмысы ұлттық киімдер тігумен қатар арнайы тапсырыс бойынша киім тігу, халық қолданысындағы тауарларды шығару және жобалап іске асыру болып табылады. Яғни, толықтыра айтатын болсақ, бұл ателье киім тігу, жөндеу, киімді қысқарту, костюмдерді прокаттау, лекалдарды дайындау және жетілдіру, киімдердің эскизін жобалау, ұлттық киімдер, кештік салтанатты көйлектер, үй кездемесін тігуді жүзеге асырады.

«Айлин» сән ательесі 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт арылығында жеткен жетістіктері өте көп. Көптеген тендрлерді жеңіп алды. Айта кететін болсақ 2005 жылы Астанада өткен «Алматы әуендері», «Қазақ әуендері», «Бишілер ансамбльі» атты тендрлерін жеңіп алды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы КазГУ, КазГосЖенПУ, Қ.Сәтбаев атындағы Техникалық Униврситтердің мерей тйларына арнап ұлттық киімдер тікті. 2012 жылы Алматыда үлкен концертте өткен «Сазген» ансамбльіне арнап ұлттық бас киімдер, камзолдар, шалбарлар тікті.

Ателье қазіргі таңда көптеген іс шаралар атқарып тынбай жұмыс жасауда. «Айлин» сән ательесінде бүгінгі таңда 22 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ательедегі жұмыскерлер алған тапсырмаларының қаржылық көлеміне байланысты жалақыларын алып отырады.

«Айлин» атльесінде тапсырыс бойынша киім тігілетін болса, онда әрбір тапсырыс берушіге жеке қызмет көрсетіледі. Әрбір жеке тапсырыс берушінің дене бітімінің ерекшеліктеріне байланысты дербес конструкциялар құрылады және жекеленген лекалалар дайындалады. Себебі дайын лекалаларға қарағанда, жеке тапсырыс берушінің өлшемдерінің дәлдігін, қозғалу әдебін, әдеттерін ескере отырып, ателье қызметтері киімнің мінсіз тұруын, артық бүкпелердің болмауын, киім өлшемінің сай келуін, кең қозғалыстың болуын қамтамасыз ету арқылы сізге жақсы сыртқы сипат пен сізді қоршайтын адамдардың таң қаларлық көзқарасына бөлей аламыз. Лекалды тұрғызудың әрбір кезеңінде сіздің қалауыңыз бойынша және өлшемдердің өзгерістеріне түзетулер жасалып отырады.

Бұйымның сапасы мен тігістің сапасы тек жаңа құрал-жабдыққа байланысты емес, сонымен қатар жоғары біліктілікті мамандарға да байланысты. Білікті дизайнерлер, конструкторлар мен тігінші мамандардың арқасында «Айлин» ательесінде ұлттық киімдер, ұлттық қалыңдық көйлектері, кеш көйлектері, билеу костюмдері, сахналық және концерттік костюмдер, смокинг, фрак, скатерттер, корпоративтік және офистік киімдер, тапсырыс бойынша дайындалады. Әрі сонымен қатар ательеде өзінің ұлттық киімдерін үлкен кештерге де пракатқа да ұсынады.

«Айлин» ательесіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері

· Жұмыс орнымен танысу. Бұл- тігін машинасы қондырылған және қажетті құрал-саймандар, құрылғылар мен бөлшектер қойылатын үстел. Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде дұрыс отыру ережесін сақтау керек, ережеге кіретіндер төменде көрсетілген:

· Тігін машинасында дұрыс, түзу отыру;

· Басын иіп және денесін сәл ғана алға беріп отыру;

· Қолы машина тұғырында, ал шынтақтары- үстел үстімен деңгейлестірілуі керек, әрі машинаны қолданбайтын кезде тоқтан ажыратудыумытпау;

· Тігін машинасымен жұмыс істер кезде жұмыс орны жарық болуы керек. Үстел бетінде тек технологиялық процесті орындауға арналған өңделетін бөлшектер, құрал- сймандар мен құрылғылар ғана болуы керек;

· Шаштың немесе киім шетінің машинаның айналып жатқан бөліктеріне оралып кетуінен және электр тоғының соғуынан сақ болу керек;

· Машина үстінде бөтен заттар болмауын қадағалау керек;

· Жұмыс соңында машинаны сөндіріп және жұмыс орнын тазалап қою керек;

· Жабдық іске қосылып тұрған кезде:
1) дұрыс қойылмаған матаны, немесе басқа жартылай фабрикатты түзетуге;
2) тесмаларды түзетуге және кигізуге;
3) жабдықты тазалауға, майлауға және ондағы кез - келген оқылықтарды жоюға;
4) жабдықты қараусыз қалдыруға, қоршауды алуға, оларға сүйенуге және мініп тұруға, сондай - ақ машинаның қозғалыстағы бөліктеріне жақындауға жол берілмейді.

· Жұмыс аяқталардағы техника қауіпсіздігінің талаптары
Қызметкер жұмыс аяқталарда:
1) машинаны тоқтатады, басқарудан ажыратады;
2) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және орындалған жұмыстың жай - күйі туралы күнделікке жазып машинаны шеберге тапсырады;
3) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді;
4) арнайы киімді, арнайы аяқ - киімді және жеке қорғаныс құралдарын шешіп жеке шкафқа қояды.

· Апаттық жағдайлардағы техника қауіпсіздігінің талаптары
Апаттық ахуалдар мен жазатайым жағдайлар кезінде "тоқта" түймешесін басу немесе жалпы енгізу өшіргішін сөндіру арқылы машинаны дереу тоқтату керек.
Жабдықты электр желісінен ағыту мынадай жағдайларда дереу жүзеге асырылады:
1) қозғалтқыштан немесе оның қозғалыс реттеуші аппаратурасынан күйік, түтін немесе от иісі шыққан кезде;
2) моторлар мен жабдықтар ұшқындаған кезде;
3) қатты діріл кезінде;
4) электр энергия беру тоқтаған кезде.

«Айлин» ательесінде қолданылатын тігін машиналары

Ательеде Brother, Typical, Minerva және тағы басқа маркалы әр түрлі механизмдерді орындайтын, неміс және жапон фирмаларының жоғары өнімділікті, жылдам, отырусыз ең жаңа тігін машиналарымен, ылғалды жылумен өңдеуге арналған арнайы булы үтіктер мен булы манекендермен жабдықталған. Бұл машиналардың артықшылығы – олардың автоматтық бекітуді, табанды автоматтық түрде көтеруді және жіпті кесуді қамтитын бағдарламалық басқарумен жабдықталуында болып табылады.(1-cурет),(2-cурет).

 

Сурет 1-YAMATA (21) тігін машинасы

 

 

 

Сурет 2- Торлау (51а) машинасы

Эскиздік жоба

Белдемше - дененің төменгі жағын жабатын әйелдердің киім-кешек бұйымы. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібек маталардан тігіледі. Белдемше көне тас ғасырында аң терісін беліне қыстырып қолданған кезден пайда болған, белдемшені тек қыздар ғана емес, оны кейбір елде (Шотландия) ерлер де киген. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.
ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин — каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.
XVII ғасырда бүрмелеу, түлі — түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.
XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша — тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті — жиырылған немесе қатпарлы болады. ХІХ ғасырда қыздардың белдемшелері кең етекті, бірнеше қабаттан тұратын ұзын болды. Оларды қымбат матадан желбір салып,гүлмен әшекейлеген. Заманның өзгеруіне байланысты белдемшенің ұзындығы мен көлемі кішірейді. Өйткені қазіргі кезде әйел адамдар да көлікпен жүреді. Мұндайда ұзын белдемшелер ыңғайсыздық тудырады. Белдемшені кез келген матадан тігуге болады.