Модельдің сыртқы сипаттамасы және дайын бұйым
Мектеп оқушыларына және офистарда жұмыс істейтін қыздарға арналған белдемше. Конустық белдемше қазіргі таңда танымал бола бастады. Ол белді қынап тұрады, төмен жағы кеңейтілген. Конустық белдемше бірнеше түрге бөлінеді: күн, жартылай күн, колокол, клеш және т.б. Таңдалып отырған жартылай күн белдемше үш тігісті. Көп жағдайларда резеңкемен тігілетін болғандықтан, белі резеңкемен қыналған. Базалық конструкциядағы қолданылған өлшем :170-88-92
Материалдарды таңдау және негіздеу
Негізгі, астарлы және желімдеу маталарды таңдау
Бұйым синтетикалық матадан тігілген. Синтетикалық материал ауаны жақсы өткізіп, өзінің жоғары жұмсақтығымен ерекшеленеді. Синтетикалық талшықтар: полиамидті, полиэфирлі, полиакрилонитрилді капрон, дедерон, нейлон лавсан, полиэстер нитрон, акрил, эластан
Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға қосып, көйлекке арналған маталар, трикотаж шығарады. Олардан жасалған маталарға жүн, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді. Синтетикалық маталардың кемшілігі: жоғары температураға төзбейді, сусымалылық, сетінегіштік, ылғал сіңіргіштік. Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Эластанды синтетикалық көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті пайда болып табылады. Жылу өткізгіштік – матаның жылу сақтау қасиетін сипаттайды, бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды. Синтетикалық материал тамаша беріктігі мен көрсеткіш органикалық еріткіштерде жауап бермейді.Қазіргі таңда синтетикалық талшықтардан көптеген тігін өндірісіне қажетті бұйымдар алуда. Талшықтар мен мата дайындау синтетикалық үлкен малекулалы заттарды халық шаруашылығында қолданудың екінші кең салалы аймағы. Біз тікелей табиғи материалдардан , мақта жүн иірілетін талшықтардан басқа жасанды талшық алынатынын бұрыннан білеміз. Оған ацетатты талшық мысал бола алады. Алайда оның өзіде табиғи полимерден - целлюлозадан дайындалады. Тек қана оны алдын ала еритін болу үшін химиялық тәсілмен өңдеп, ерітіндіні жіпке айландырады. Целлюлозаны ерітудің қажеті не екенін, оның бұл үшін қандай химиялық айналуларға кездеседі.
Тігін жібін таңдау
Тігін жіптері тігін машиналарының сапалы жұмыс атқаруына әсер ететін факторлардың бірі. Егер мата қалың болып, жіп жұқа болса, тігін машинасы күшті болсада, сондай күшті тігіс алуға болмайды. Жіп міндетті түрде үзіліп кетеді. Егер жіптің қалыңдығы ине номерінің қалыңдығына сәйкес болмаса, ине көзінен өткенде, басында жүндері шыға бастайды, солай ең аяғында үзіледі. Сол себепті жіп таңдағанда тігін машинасының нұсқаулығына қарау керек.
Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңішкелігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы . Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді. Киім бөлшектерін бір – біріне қосу үшін тігін жіптері қолданылады. Тігін жіптері табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден өндіріледі. Мақта маталы жіптер тұтынушылық қасиеттерге байланысты барлық өндірістегі операцияларда бөлшектерді қосып тіккенде, түймені қадағанда, торлағанда әр түрлі материалдардан киім дайындауда, жөндеуде және жаңартуда қолданылады.
“Идеал” тігін жібі барлық маталар үшін машина тігістеріне, сондай ақ қол тігістеріне арналған. № 40 жіп құрамы полиэстер.
Техникалық жоба
Бүгінгі күні тігін бұйымдарын құрастыру үшін көптеген әдістерді қолданады: СЭВ (ЕМКО СЭВ) одақ-елдердің киімді құрастырудың бірыңғай әдістемесі, жеке Орталық тәжірибелі-техникалық тігін лабороториясының (ЕМКО ЦОТШЛ) мамандарымен дайындалған тапсырыстар бойынша киім құрастырудың бірыңғай әдістемесі, Мәскеу технология және дизайн университетінің (МГУДТ) әдістемесі, «Мюллер и сын» әдістемесі, ЦНИИШП әдістемесі және т.б.
Әр түрлі әдістемелердегі артқы және алдыңғы бойдың БОК сызбаның базалық торының тұрғызылу есебі мен тәртібінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Фигураның сырты туралы бастапқы ақпарат есебінде аталған құрастыру әдістемелері өлшем белгілерінің әр түрлі сандары қолданылады.
Конструкция параметрлерін анықтау үшін әдістемелердегі өлшемдік белгілерден басқа негізгі учаске арасында әр түрлі бөлу арқылы кеуде еніне Пг (артқы бой еніне Пшс, қолтық ойындысының еніне Пшпр, алдыңғы бой еніне Пшп), қолтық ойындысының тереңдігіне Пспр, иық айналымына Поп конструкторлық қосымшалар қолданылады.
Еуропалық мектептің тігін ісінің негізі, шет елде бастапқы орынды сақтап тұрған «М.Мюллер и сын» әдістемесі. «М.Мюллер и сын» әдістемесінде шартты-прапорционалдықтан ауытқулары бар фигураларға жеке тапсырыс бойынша үлгілеу және құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
ЕМКО СЭВ жүйесі типтік фигураларға массалы өндіріске есептелеген. Ол киім конструкциясының барлық түрлерінде қайталанып отыратын конструкторлық кесіктерден тұрады. Басқалардан айырмашылығы ЕМКО СЭВ и «М. Мюллер и сын» әдістемесінде толық айналым мен ендердің мағынасын қолданады.
Адамның сырт пішінін пластикалық, әлемдік анатомия зерттейді. Адам денесінің нышаны киім адам денесіне жақын .
Дене құрылысы үш түрлі болады. Бір қалыпты семіздік, арық, орташа семіздік. Әр қалыптағы семіздік – төменгі тұлғада немесе аяқ-қолының семіздігі.
Тік тұлғадағы кейіпі. Ол үш түрде:
- Еңкіш, алдыңғы бойға қарағанда. артқы бой ұзын.
- Шалқақ адамның кеудесі ұзын болады.
- Түзу, үлгілі тұлға болып саналады.