Жұмыс зонасы ауасы жағдайын бақылау əдістері.

Əрбір өндірістік ғимаратта жұмыс зонасы ауасындағы зиянды газдар, булар жəне шаңдардың құрамына жүйелік бақылау жүргізеді. Бұл жердің ауасы санитарлық органдардың надзоры бойынша анықталады. Барлық бақылау құралдары 30 минут көлемінде зиянды заттар құрамының АШК 0,5 болуы керек; өлшеудің дəлдігі шамамен 10%; өлшеудің максимальды қателігі 25%- тен жоғарыламауы керек. Барлық ауа ортасының газдануын талдау əдістері негізгі үш топқа бөлінеді: зертханалық, экспрестік жəне автоматтық. Ауадағы зиянды қосылыстардың құрамы келесі физикалық-химиялық əдістер бойынша анықталады:фотометрлік-зертханалық, люминисцентті, хроматографиялық, тізбектік.

Шаңмен күресу шаралары. Өндірістік шаң деп жұмыс зонасы ауасындағы органикалық жəне бейорганикалық түрдегі оннан бірнеше микрометрге баратын қатты (ұсақ) түйіршіктерді айтамыз. Өндірістік шаң жіктелуі бойынша органикалық, органикалық емес жəне аралас, ал дисперсті жағынан – көрінетін шаң бөлшектері диаметрі 10мкм, микроскоптық өлшемі 10-нан 0,25 мкм жəне ультрамикроскоптық диаметр өлшемі 0,25 мкм-нен кем емес. Улы заттардың шаңы адамды уландыруы мүмкін. Радиоактивті шаңадамның ағзасына түскенде сəулелену арқылы улайды. Бірнеше көмір ұнтақтары немесе күкіртті минералдар негізінде пайда болған шаң ауада жарылыстық қосылыстарды түзеді.Өндірістік жұмыс орнында шаңның əсеріне қарсы күрестер:

- өндірістік ғимараттарда шаңды жою

- өндіріс процесінде ауа ортасына түсетін шаң бөлшектерін төмендету

- шаңның түзілу көздерін изоляциялау, басқару процесін жəнедистанционды бақылау жүргізу

- гигиеналық нормативтерді өңдеу, ұйымдастыру жəне дəрігерлік емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу

- жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану.

Сəтсіз оқиғалардың нəтижесінде, адам денсаулығының зақымдалуын, əдетте жарақат немесе травма деп атайды. Ол əртүрлі факторлардың əсерінен болуы мүмкін: Механикалық (кесілуі, сынуы, сіңірінің тартылуы, денесінің көгеріп қалуы, терінің аршылуы, жара, контузия), химиялық (улану,көңіл күйінің нашарлауы, күйік), термиялық (үсік, күйік). Өндірістік жарақаттаржиынтығн, өндірістік жарақаттар деп атайды.

Зиянды еңбек жағдайының жұмысшыға əсері, кəсіби аурулар деп атайды. Жеке алып қарағанда кəсіби улану деп аталады. Сəтсіз оқиғалар, ол қысқа уақыт аралығында жұмысшы денсаулығының зақымдалуы жəне сыртқы факторлардың бірнеше рет əсер етуі. Осы себептен, өте қатты уланулар, жылулық соққылар, күйік, заң бойынша сəтсіз оқиғалар ретінде қарастырылады. Сыртқы факторлардың кенеттен əсер етуі мен адам ағзасының зақымдалуы қысқа уақыт аралығында болады. Осыдан сəтсіз жағдайлар, ауру

мен созылмалы уланудан ерекшеленеді. Созылмалы улану жəне аурулар, ол адам ағзасына, өндірістік зияндықтардың, улы заттардың, күшті шудың, ұзақ уақыт салқындату мен қыздырудың, радиоактивті сəулеленудің ұзақ уақыт бойы, бірнеше рет əсер етуі салдарынан болады. Еңбек əрекетімен байланысты жұмысшылар денсаулығының əртүрлі

жарақаттар алу жəне уақытша бір күндік жəне одан да көп мерзімде зақымдалуы жəне қаза болуы, сəтсіз жағдай деп қарастырылады жəне Н-1 форма бойынша актімен тіркеледі.

Акт 3данамен тіркеледі жəне архивте45 жыл аралығында сақталынады. Бір данасын жарақат алушыға, екіншісін жұмыс берушіге, үшіншісін инспекторға береді.

Барлық сəтсіз оқиғалар жəне оның жай –күйі, «Сəтсіз оқиғалардың тіркелуі мен зерттелуі жəне жұмысшының денсаулығының зақымдалуын тіркеу ережелерімен» сəйкес себептері тексеріліп зерттеледі. [Д-3].

Сəтсіз оқиғалар келесі түрлерге бөлінеді:жеке, топтық, ауыр жəне өлімгеалып келетін. Сəтсіз оқиғаларды тексеру тəртібі:

1) əрбір сəтсіз оқиғаларды, зардап шегуші немесе көрген адам, міндеттітүрде жұмыс беруші мен жұмыс ұйымдастырушыға хабарлау керек; 2) зақымдалушыға алғашқы медициналық көмек көрсету жəне оны ұйымдық денсаулық сақтау орындарына жеткізу; 3) сəтсіз оқиғалар орындарында тексеру жұмыстары басталғанға дейін, өзгеріссіз сақтау, механизмдер мен қондырғыларды сақтау, сонымен бірге құрал жабдықтарды сəтсіз оқиға болған кезегідей тура сол қалпында сақтау жəне сəтсіз оқиға болған орынды суретке түсіріп алу (егер бұл адам өміріне жəне жұмысшының денсаулығына қауіп төндірмесе, онда өндірістегі үдірістің үздіксіздігі апатқа алып келмейді); 4) денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты қызметкерлері, өндірістегі жұмыскердің жарақаты туралы жəне денсаулығының зақымдалуы туралы оқиғаларды, жұмыс берушіге хабарлап отыру керек, сонымен бірге күшті кəсіби ауруға шалдықса, мемлекеттік санитарлы – эпидемологиялық органдарына хабарлау керек.Өндірістегі сəтсіз оқиғалар жəне жұмыскердің зақымдалуы туралы жұмыс беруші арнайы формада міндетті түрде хабарлау керек:1) еңбек бойынша мемлекеттік органдардың территориялдыбөлімшелеріне, сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілердегі болған, сəтсізжағдайлар кезінде, төтенше жағдайлар бойынша жергілікті органдарға;2) ұйым жұмыскерлерінің басқарушыларына;3) сақтандыру ұйымдарымен келісім шарт бар болса, сақтандыруұйымдарына;4) кəсіби аурулар мен уланулар туралы, Мемсанэпидқызметтің жергіліктіұйымдарына;Сəтсіз оқиға пайда болған кезеде,17 бөлімде көрсетілген ережеге сəйкес, жұмыс беруші келесілерге хабарлау керек:1) сəтсіз оқиға болған жердегі орны бойынша құқық сақтау органдарына2) ведомствалық жəне өндірістік бақылау мен қадағалаудың компетенттіоргандарына;Кəсіби немесе өте күшті кəсіби аурулар кезінде, тексеруге, Мемсанэпидқызметі немесе кəсіби потология Орталығының басшылары қатысады. Күшті кəсіби ауруларды жеке тексеруді, Мемсанэпидқызметі немесе кəсіби потология Орталығының басшылары жиырма төрт сағат аралығында жүргізеді, ал созылмалы кəсіби ауруды, хабар алған кезден бастап, жеті күн аралығында жүргізеді. Комиссияның жұмысына сақтандыру органдарының мүшелері қатыса алады, егер оларды сəйкес келісім шарт бар болса.

Басқа ұйымда өндірістік тапсырманы орындауы кезіндегі сəтсіз оқиғаны (қызметтіттік жəне келісім шарттық міндеттері), сонымен бірге жалпы білім беру, кəсіби мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы оқушылардың, өндірістік тəжірибеден өту кезінде сəтсіз оқиғалар болса, оны қандай ұйымның территориясында оқиға болды, сол ұйымның жұмыс берушісінің басшысымен құрылған комиссия тексеру жүргізеді. Көліктік құралдар апатының салдарының нəтижесінде болған сəтсіз оқиғалар, көліктік инспекция мүшелерінің материалдарды зерттеу негізінде жүргізіледі. Көліктік инспекция мүшелері, көліктік оқиға болған бес күндік мерзімде, сəтсіз оқиғаларды тексеру комиссияларының талап теуі бойынша, қажетті құралдардың көшірмесін ұсыну керек. Сəтсіз оқиғаны өз уақытында жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабарламаса немесе арудың белгісі бірден белгі бермесе, (мерзіміне байланысты емес), зардап шегушінің өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, өтінішті он күн

аралығында тіркеуіне байланысты, тексеріледі.

Сəтсіз оқиғаларды арнайы тексеру, сəтсіз оқиғаның пайда болған сəтіне байланысты ұйым басшысымен жиырма төрт сағат аралығында жүреді, оның құрамында: Ұйым басшысының – төрағасы (өндірістік қызметте) немесе оның орынбасарлары; Ұйымның еңбекті қорғау қызметінің басшысы – мүшелері, жұмысшылар немесе зардап шегушінің сенімді адамның өкілдері (келісім бойынша).

Арнайы тексеруге жататындары:1) ауыр жəне өлімге алып келетін сəтсіз оқиғалар;

Зардап шегушінің жарақатының ауырлық дəрежесіне тəуелсіз екі жəнеодан көп жұмысшылардың, бір уақытта болған, топталған сəтсіз оқиғалары;3) өте күшті кəсіби аурулар кезіндегі топталған сəтсіз оқиғалар (улану).

Сəтсіз оқиғалардың ауырлығы мен салдарына байланысты, арнайытексерулер, еңбек бойынша мемлекеттік территориялды органдардан құрылғанкомиссия он күн ішінде тексеріледі, олардың құрамында:мемлекеттік еңбек инспекторы – төрағасы;жұмысшылар мен зардап шегушінің сенімді өкілі, жұмыс берушілер-мүшелері.Екі адам қаза болған кезде, топталған сəтсіз оқиғаларды, Астана менАлматы қалаларының еңбек облысындағы бас мемлекеттік инспекторыбасқаратын объектілердегі болған сəтсіз оқиғалар кезінде, комиссияныңқұрамына, төтенше жағдайларды жою мен ескерту жөніндегі мемлекеттікинспекторы кіреді.Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған сəтсіз оқиғаларкезінде, арнайы зерттеу бойынша комиссия мүшелерін төтенше жағдайдың

алдын –алу мен жою жөніндегі мемлекеттік инспекторы тағайындайды. Бұлжағдайда еңбектің мемлекеттік инспекторы, комиссия мүшесі болады.Үш –бес адам қаза болған кездегі топтың сəтсіз оқиғаларды тексеру,еңбекті қорғау бойынша мемлекетік органдар құрған комиссия жүргізеді, албес адам қаза болған кезде Қазақстан Республикасының басқаруыменжүргізіледі.Комиссия төрағасының келісімінсіз арнайы тексеру бойынша куəгерлергесұрақ қоюға рұқсат етілмейді, сонымен бірге қосымша тексеру жүргізуге рұқсат етілмейді.

Негізгі əдебиет: 1 [27-32], 14 [63-84], 8 [31-49]

Қосымша əдебиет: 1 [15-19 бет], 3 [3-14]; 9 [31-35].

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік жарақаттану жəне профессионалдық ауыру, олардың түрлері

мен себептері

2. Өндірістегі сəтсіз оқиғаларды тіркеу мен зерттеу

3. Өндірістік орындары жұмыс аймақтарындағы ауаның қозғалыс

жылдамдығы мен температурасының оптимальды нормалары.

4. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті мүмкін болатын

концентрациясы .

5. Сəтсіз оқиғаға анықтама беріңіз?

6.Сəтсіз оқиғалар туралы актілер, қандай формада тіркеледі жəне қанша

данамен?

7.Зиянды заттар. Зиянды заттардың сипаты жəне пайда болу көзі.

8.Зиянды заттардың адам ағзасына əсері. Олардың гигиеналық нормалары.