Шудың əсерінің жиілігінің ұзақтығы

Шудың деңгейі деп белгілі бір сыртқы бетің ауданы арықылы бір секундты дыбыс ағыны арқылы өтетін энергия мөлшерін айтады. Адамның есту аппаратының ажырата алатын энергия диапозоны болады. Оның төменгі шекарасы «есту табалдырығы», ал жоғарғы «ауырту табалдырығы» деп атайды.

Төменгі табалдырық 10-12Вт/м2

Жоғарғы табалдырық 102 Вт/м2

Шектік деңгейіне байланысты барлық шулар 3 топқа бөлінеді:

1-ші класс 90-100 дБ

2-ші класс 85-90 дБ

3-ші класс 75-85 дБ

Адамның есту мүшелері 20-20000 Гц арасындағы дыбыс толқындарының тербелістерін қабылдай алады. Бұл интервал дыбыс диапозоны деп аталады. 20 Гц -тен төменгі тербелістердегі толқындарды «инфра дыбыс», 20000 Гц-тан жоғары тербелістерді «ультра дыбыс» деп атайды.Барлық шулар санитарлық норма бойынша жиілік құрамына – шу спектріне байланысты 3 топқа бөлінеді.1-ші класс- төмен жиілікті шулар, 400Гц. Соғылатын бөлшектері жоқ, жайжүрісті агрегаттар мен механизмдердің шулары.2-ші класс- орташа жиілікті шулар, 400- 1000Гц, дөңгеленіп қозғалатынагрегаттар мен машиналардың шулары.3-ші класс- жоғары жиілікті шулар -1000 Гц –тен жоғары шулар.

Шулар шығу тегіне байланысты 2 топқа бөлінеді:1) Аэродинамикалық2) МеханикалықШу деңгейі, жергілікті пункттер мен өндірістегі жұмыс орындары үшіннормаланады.Инфра жəне ультра дыбыстан, дірілден, шудан қорғану шараларыШуды төмендету үшін келесі əдістерді қолднауға болады: коллективті жəне жеке қорғаныс құралдары. Коллективті қорғаныс құралдары, архитектуралы – жобалаумен,акустикалық құралдармен жүзеге асырылады. Шудан қорғанудың қорғаныс құралдары мен əдістерінің жалпы топтамасы МЕСТ 121.029-80-де келтірілген. Бірінші кезекте коллективті құралдарды қолдану керек, ол шу көзіне қатнасы бойынша, шудың пайда болуын төмендететін құралдар жəне шу көзінен қорғалатын объектіге дейінгі кеңістікте оның таралу жолында, шуды төмендету. Шу пайда болғанан кейін, онымен күресу қиынға түседі жəне тиімділігі аз болады.Шу көздерін төмендету құралдарын таңдау, оның пайда болуына байланысты. Машиналардың негізгі дірілдік шу көздері, ол тиісті берілістер, подшипниктер, соққылы металлдық элементтері, тиісті берілістің шуын төмендету үшін, оларды өңдеу мен жинау дəлдігін артттыру металлдық шестернияларды ауыстыру. Мысалы текстильды машиналардағы пластиктерден жасалған шестерниялардың орнына, жасанды теріні қолданған кезде шуды 5.....10 дБ-1 –ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Инфра дыбыстың негізгі көздері, іштен жану двигательдері, желдеткіштер, поршенді компрессорлар жəне басқа жүрісі баяу машиналар болады. Инфра дыбыстық 100-120 дБ деңгейімен əсер еткен кезде, адамның басы ауырады, жұмыс қабілеттілігі төмендейді, қорқыныш үрей пайда болады, вестивибулярлы аппараттардың функциясының бұзылады, ал 5-10Гц жиілікте – ішкі мүшелердің дірілі сезіледі. Октавалы жолақты дыбыс қысымының деңгейі, орта геометриялық деңгейі 2,4,8 жəне 16 Гц –те 105 дБ-дан көп болмады керек, ал жиілігі 32 Гц –тегі жолақта – 102 дБ-дан көп болмауы керек.Инфра дыбысты тербелістердің ұзақ уақыт əсер ету нəтижесінде адамда, əлсіздік, қозғалғыштық пайда болады, сезімі нашарлап, түс көруі бұзылады. 8 Гц жиілікті инфра дыбыс, адам үшін өте қауіпті, бұл жиілік адам миының биотоқтарының альфа ырғағымен сəйкес келеді.Инфра дыбысты төмендету қарқындылығы, оның көздерін азайту, оқшаулау, жұтылу, жеке қорғаныс құралдарын қолдану көмегімен жүзеге асады. Инфра дыбыспен күрсудің негізгі шараларына, сонымен бірге машиналардың жылдам жүрісіні арттыруды жатқызуға болады, бұл естілу жиілігінде максимум шағылуды қамтамасыз етеді; үлкен өлшемдегі конструкциялардың қаттылығын арттыруға; төменгі жиілікті дірілді жобға;реактивті типті (шағылған энергия көзіне қайтару) тұншықтырғыш қондырғылар.

Ультра дыбыс кең қолданыс табады (пайка жасауда, дəнекерлеуде өте нəзік жəне өте қатты материалдарды өңдеуде, дефектоскопияда, медицинада,ластанған ауаны тазартуда). Ультра дыбыстың генераторлары, ультра дыбысты технологиялық қондырғылар мен аспаптар. Олардың 20 -7 0 кГц жиіліктегі жұмысы кезінде, құлаққа естілмейтін шу пайда болады, 100-120 дБ. Ультра дыбыстық тербелістер қозған заттарға жақымдалған кезде, өте қауіпті байланыстың сəулеленуі болады. Осындай ультра дыбысты қондырғылардажұмыс істегенде, міндетті түрде арнайы қорғаныс құралдарын қолдану керек резеңке қолғаптар жəне мақта матаны астарлар. Адам ағзасына əсер ететін ультар дыбыстың зияндылығы; жүйке жүйесінің бұзылуы, қысым өзгереді, қанның құрамы мен қасиеті, естуқабілеті жоғалады. Ультра дыбыс адамға, ауа ортасы арқылы сəйкес 11-20 кГц жиілік диапозонындағы дыбыстың қысым деңгейі 75-110 дБ –ға сəйкес аспауы керек, ал жалпы 20-100 кГц жиілік диапозонындағы дыбыстық қысым деңгейі, 110 дБ –дан жоғары болмауы керек.Ауа арқылы əсер ететін ультра дыбыстан қорғану келесі шарттармен қамтамасыз етілуі мүмкін:- жұмыс жиілігі жоғары қондырғыларды қолдану;- қаптамаларды болат пен дюралюминийді (қалыңдығы 1 мм) жəне резеңке(5мм) немесе гетинаксты рубероид жабыстырылған;- жұмысшы мен қондырғының арасында экрандар орнату;- ультра дыбыстың қондырғыларды арнайы бөлімшелермен кабиналарғаорналастыру.Шу деп кез-келген жағымсыз дыбыстық немесе бірнеше дыбыстардың уақыт бойынша өзгеріп адамда жағымсыз сезімдер тудыратын дыбысты атаймыз. Уақыт бойынша шу тұрақты болып бөлінеді, спектр бойынша жуан жолақты жəне тональды. Тұрақсыз шулар уақыт бойынша өзгеретін үзілмелі жəне импульсті болып бөлінеді.

Дыбыстық толқындар ауада қатарласатын атмосфералық қысымға қатысты жоғарлауы мен төмендеуін туғызады. Олардың айырмасы дыбыстық қысым деп аталады. Дыбыстық қысым паскальмен өлшенеді. Адам қабылдай алатын ең əлсіз дыбыс 2х10 –5 Па сəйкес келеді. Адам қабылдай алатын ең үлкен дыбыс қысымы естілу табалдырығына қатынасымен бағалайды.

Шумен күресу жұмыстары. Өндірістегі жағымсыз шумен күресу келесі бағыттарда орналасады:

- қондырғылардың технологиясын өзгерту жəне шумен төмендету;

- шудың пайда болу көзін жəне жеке аса шулы бөліктерді изоляциялау

арқылы шудың тарауын болдырмау;

- шуды жұту;

- қондырғыны алыстан бақылау жəне басқару;

- гигиеналық нормативтерді өңдеу жəне жүйелі дəрігерлік бақылауды

ұйымдастыру;

- жеке басты қорғау құралдарын қолдану.

Ең тиімді шара шудың көзін азайту ол шулы технологиялық процестерді жəне механизмдерді шусыз немесе аз шулымен алмастыру. Көптеген жағдайда Шу басқа шу шығармайтын металдармен алмасады. Мысалы: Капрондарда қолданған Шу 10-12 Дб түседі. Шудың өшуі ол дауыс айырушуға байланысты. Аэродиномикалық шумен күресу үшін ауа үрлегіш, пневматикалық двигатель, активті жəне реактивті типтері пайдаланылады. Активті сөндіргіш дауысты энергияның жылулыққа ауысуы. Маңызды шараларды шумен күресте дауыс қысым болып есептелінеді. Шудың негізгі өлшейтін приборы – Шумомер. Шумомерде – дауыс түсіндіргіш микрофонмен электрлі тербелу пайда болады. Ол күшейеді, содан соң түзеткіштен өткеннен кейін бағытты прибормен тіркеледі.

Шудың өзгеруі – 30-13 Дб құрайды. Қазіргі күнде Ш-63 шумомері, Ш-70 құралы қолданылады. Нормативтер істелген жұмыстың жемісіне байланысты. Адам организіміне шудың əсері. Адамға Шудың əсері биіктен, қатты дауыстан болады. Осының əсерінен құлақ естімей қалуы мүмкін. Шу мидың жұмысын не есте сақтау қабілетін төмендетеді. Адамның орталық жүйесіне əсер етіп, соның салдарынан адамның жұмысқа деген қабілеті төмендейді.

Адамның орталық жүйесіне əсер етіп, соның салдарынан адамның жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Соның салдарынан шу ауруы ол – бүкіл организмнің, есту органының орталық жүйке жүйесінің ауруы.

Негізгі əдебиет: [2, 3, 6,7],

Қосымша əдебиет: [1-4, 8, 13].

Бақылау сұрақтары:

1. Діріл, олардың түрлері

2. Зерттеу əдісі жəне дірілді өлшеу

3. Дірілдің зияндығы жəне пайда болуы

4. Жеке жəне дірілдің жіберілетін нормасы

5. Шу жəне діріл, олардың түрлері

6. Зерттеу əдісі жəне шуды өлшеу

7. Шудың зияндығы жəне пайда болуы

8. Жеке жəне шудың жіберілетін нормасы

9. Тербелістің өндірістік тербеліс жəне оның қайдан пайда болуы

10. Тербелістің жеке өлшеуші жəне тербеліс ауруы