Негізгі сұрақтар
1Адам ағзасына электр тогының әсері.
2 Зақым түрлері.
3Электрлік жарақат түрлері.
4 Электр токпен зақымдану қаупін талдау.
Дəрістің конспектісі: Электр жарақаттану талдауы корсеткендей,жазатайым оқиғалар жиі жөндеу жұмыстарын жүргізуде -шаппа қосқышты ауыстыруда, жанып кеткен электр шамдарын, сақтандырғышты ауыстыруда, үзілген сымдарды созуда жəне т.б., электрқұрылғыларының немесе сымдардың тоқ жіберетін бөліктерімен жанасу нəтижесінде болады. Жазатайым жағдайлардың негізгі себептері жерлендіру жағдайына бақылаудың болмауы, тоқөткелінің оқшаулануының бұзылуы, электржабдықтарымен төмен кəсіби қызметкер-лердің жұмыс істеуі, қосқыштардың, шамдардың жұмыс істемеуі.
Қатысты қауіпсіз деп тоқтың 10-30 мА күшінде 12-40В кернеуінде тоққа жанасу есепбетеледі. Мұнда тоқтың адамға əсері 0,01-0,025 с аспауы керек. 450-500В кернеуде ауыспалы тоқ тұрақты тоққа қарағанда қауіпті бұл шектен жоғары болғанда ауыспалы жəне тұрақты тоқтың қауіптілігі бірдей. Қауіпті жиілік диапазоны 500Гц дейінгі шекте болады, ең қауіптісі өнеркəсіптік 50Гц жиілік болып табылады. Адам үшін ең қауіптісі электр тоғының дене осі бойынша өту жолы (қол-аяқ) немесе бас арқылы, жүрек жəне өкпе (бас-қол, қол-қол); тоқтың аяқтан аяққа өту жолының қауіптілігі аз. Шаршау, ауырып
түру, дененің немесе киімнің жоғары ылғалдылығы электржарақаттарының ауырлығын тереңдетеді. Керісінше, қүрғақ, таза, зақымдалмаған тері адам организмінің электр тоғының əсеріне қарсылығын көтереді. Терінің үстіңгі қалың қабаты өзінің қасиетіне қарай диэлектриктерге жақын. Осындай əртүрлі жағдайларға тəуелді адам денесінің қарсыласуы 100 000 ден 200 Ом дейін ауытқуы мүмкін. Адам денесінің қарсыласуының есебі ретінде 1000 Ом есептеу қабылданған.
Электрлік күю – бүл электр доғасына жақын пайда болған терінің, бұлшықет тіндерінің, қан тамырларының күюі, сонымен қатар күшті ультракүлгін сəулелердің нəтижесінде көздің күюі.Білім деңгейіне жəне орындалатын жұмыстарының күрделілігіне тəуелдіэлектротехникалық қызметкрелерге техника қауіпсіздігі бойынша І-У біліктілік топтары беріледі. Мысалы, арнайы электротехникалық дайындығы жоқ, бірақ ауыспалы электраспаптарымен жұмыста қауіпсіздік шаралары мен электр тоғының қауіптілігі туралы қарапайым білім бар түлғалар I біліктілік тобын алуы керек. Электрқондырғыларымен жұмыс істейтін тұлғалар, 1000 В жоғары кернеулі құрылғыларда ІУ төмен емес біліктілік топта болуы керек жəне 1000 В дейінгі кернеулі құрылғыларды – III төмен емес. Жер бетінде жарық беру үшін 220 В кернеу қолданылуы тиіс, жер асты жағдайларында – 127 В жоғары емес, ал тасымалы қол шамдары үшін – 42 В жоғары емес. Егер жұмыс, электр тоғын жақсы өткізетін беттермен жанасу қаупі бар ылғалды жерлерде жүргізілсе, онда 12 В жоғары емес кернеу қолданылуы керек. Тасымалы электраспабының кернеуі жоғары қауіптілігі жоқ бөлмелерде 220 В аспауы керек, жер асты жұмыстары үшін 127 В, жоғары қауіптілікті бөлмелерде жəне бөлмелерден тыс – 42 В. Егер жер бетінде 42 В аспаппен жұмысты қамтамасыз ету мүмкін болмаса, онда 220 В кернеулі аспапты қолдану рұқсат етіледі, тек міндеті түрде қорғаныс құралдарын қолданумен жəне электраспабының негізін сенімді жерге қосумен.
Электр тогымен зақымданудан қорғану. Электр тоғының адамдарға қауіпті жоне зиянды əсерінің алдын алудың жалпы талаптары ГОСТ 12.1.019-79 мемлекеттік стандартымен белгіленеді. Стандартта қорғанудың техникалық тəсілдері мен құралдары, сонымен қатар, электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық жəне техникалық шаралар көрсетілген.
Тоқжетекші бөліктерге жанасу немесе оларға қауіпті қашықтықта жақындаудың алдын алу үшін оқшауланбаған тоқжетекті , бөліктерді қабықтармен, қоршаулармен, блоктармен жəне басқа қүрылғылармен қорғау немесе тоқжеткізуші бөліктерді қол жетпейтін биіктікте орналастыру керек.
Оқшаулаудың зақымдануы нəтижесінде кернеуде қалған электржабдықтарының металлды тоқжеткізуші емес бөліктеріне жанасу нəтижесінде болатын электржарақатының алдын алу үшін, қорғанысты жерге қосу жəне қорғанысты өшіру қолданылады. Бұл ұғымдардың анықтамасы мен электрқауіпсіздігін қорғанысты жерлендіру мен нөлдеу көмегі арқылы қамтамасыз ету талаптары ГОСТ 12.1.009-76 жоне ГОСТ 12.1.030-81 мемлекеттік стандарттарымен анықталады.
Қорғанысты жерге қосу – жермен электрлік қосу немесе оның эквивалентімен кернеуде болуы мүмкін металды тоқжеткізуші емес бөліктерді қосу. Мұндай қосулар жерге қосқыштармен жəне жерге қосатын жетектермен жүргізіледі. Қорғанысты жерге қосулы электрқондырғысының корпусында оқшаулау бұзылған жағдайда жəне оған адам жанасқанда тоқ жерге адам арқылы да, жерге қосу арқылы да өтеді. Адамның қарсыласуы жерге қосудың қарсыласуынан жоғары болғандықтан, адам арқылы өткен тоқ қауіпті емес.
Электрқондырғының əрбір жерге қосатын элементі жерге қосқышпен жеке жерге қосқыш жетектермен жалғануы тиіс. Бірнеше жерге қосу бөліктерін ілеспелі түрде қосуға болмайды, себебі бір жерге қосу жетегінің зақымдануы қосылған жабдықтық жерге қосу жүйесін істен шығаруы мүмкін. Жерге қосу жетектері ретінде кесу көлемі 50 мм2 сымды қолдану ұсынылады. Жергеқосқыштар ретінде жермен сенімді қосылған құбырлар, металл конструкциялар, құбырлар, кабельдердің болат қабықтары қолданылады. Сонымен қатар белгілі бір тереңдікте (0,5-1,5м) қағылған болат құбырлар, болат бұрыштар, көлденең салынған болат жолақтар, дөңгелек болат жəне т.б.қолданылады. Қорғаныш нольдену – алдын-ала электрлік жалғаулар нольдік қорғаныш өткізгішпен тоқ өткізбейтін темір бөлшектер, бұл бөлшектердің бойында кернеу болуы мүмкін. Бұл дегеніміз – электр құрылғының темір бөлшектері генератор мен трансформаторға қосылады. Сол себепті корпуста бір ақау болса, электросетте замыкание болады, сонда электрқүрылғы сөніп қалады.
Сақтандырушы сөну – электр тоғынан зақымдану қауіпті төнген жағдайдағы электр қондырғысының автоматты түреу сəнуін қалтанасыз ететін тез əрекет ететін қорғаныс.
Электр көрнеудің қондырғысының метан тоқ өткізбейтін бөлшектеріне өту жағдайында, электр қондырғысын авт түреу өшіретін арнайы аспап жұмысқа кіріседі. Осыған байланысты адамның электр тоғынан жарақаттану қаупі жоққа шығады.
Өшу ауқыты 0,1-0,2 с, ал жылдам əрекет ететін автоматтарда – 0,06-0,07 с. Тұйықталу кезінде корпусқа электр қондырғыларынан арқылы тоқ барады мен өтіп, ол потенциалдардың анықталған айырылдарының зонасын құрып, жер астында радиалды бағыттарда тарайды. Бұл зонада орналасқан адамның аяқтары потенциалдар айырылына тап болады, сонымен, қадамдық кернеу пайда болады да, адамның денесі арқылы зақымдаушы тоқ өтеді аймақтаған сайын қадамдық кернеу азаяды да, одан 20 м қашықтықта нөлге тең болады. Қадамдық кернеуден қорғану үшін электр қасында сақтандыратын қондырғылар орнату қажет, резеңкеден жасалған аяқ киім, ботылар қолдану керек.
Жоғару электр кернеу линиясының сынының үзіліп, жерге құлау кезінде қадандық кернеудің үлкен қауіпті төнеді. Жерде үзілген сынуы байқағанда.
Олар ұзындығы 2-3 м қиылысу ауданы 50 мм2 кем емес прожильдегі болаттан жасалады. Сонымен қатар диаметрі 50 мм дейінгі болат құбырлар (труба) қолданылуға болады.
Ғимараттар мен құрлыстар найзағай түсуден қирауы қауіптілік дəрежесі бойынша жəне олардың күн күркіреуден қорғау шараларының талабына қарай 3-ке бөлінеді найзағай тоқ 200000 А, ал температура шамамен 100000 жетеді.
Сондықтанда адамға тура түскен найзағай соққысы көп жағдайда өлімге алыпкеледі. Зақымдану найзағайдың бұтақталған болігінен болған жағдайда, адамкүйеді, жарақаттанады. Найзағаймен зақымдалған дене арқылы тоқтың ағу моментінде қадамдалған кернеу жəне зақымдану қауіпті болады.
Электр тоғының адамға əсері. Əсер ету жағдайы бойынша элктропотологияда сыртқы жəне ішкі электрожарақаттар болып бөлімінді. Сыртқы жарақаттар – күйіктер, тірінің жəне электрлік белгілер.
Электр қауіпсіздігі.
12.1.009-76 МЕСТ анықтамалары бойынша электр қауіпсіздігі – электр тоғының, электр доғасының, электр магнитті алаңның жəне тұрақты электрліктің қауіпті жəне зиянды əсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық жəне ұйымдық шаралар жүйесі.
Электр, барлық халық шаруашылығында, тұрмыста, өнірісте қолданылады. Сондықтан электр қауіпсіздігі мəселесіне, үлкен мəн беру керек. Электр қауіпсіздігі – ұйымдық жəне техникалық шаралар мен жүйесі, зиянды жəне электр тоғының қауіпті əсерінен, электр доғасынан, электор магнитті алаңнан жəне тұрақты электр тоғынан қорғауды қаматамасыз ету құралы.
Электр қондырғылардың өрт қауіпсіздігі көрсеткіштері, электр қондырғыларды пайдалану мен жөндеу бойынша бұйрық түрінде, нормативті құжаттарға енгізіледі (мемлекеттік стандарттар, ведомаствалық нормалар мен ережелер, техникалық құжаттар).
Электр қондырғыларын пайдалану кезінде, өрттің пайда болу қауіптілігі электрлік тораптарда, машинада жəне аппаратта, жанатын тұйықтың, ауа оттегісінің жəне тұтану көзінің (электр тоғы) (немесе басқа тотықтырғыштың) бар болуы. Көбіне оқшаулау материалдары жанады, мақта- қағазды жəне жібек мата, резеңке, лакомата, қағаз, картон, полистирол, полиэтилен, поливинилхлорид, трасфарматор майы.
Өрттің пайда болу себебі электрлік өнімдердің авариялық жұмыс режимінде болуы мүмкін: қысқа тұйықталу, өткізгіштердің машинаның, аппараттың қызып кетуі; ұшқын мен электр доғасы; үлкен ауыспалы кедергі, ЭҚК индуктирлейтін магниттік ағындардың өзгеру нəтижесінде, массивті металл бөлшектерінде пайда болған құйынды тоғы (бұл индуктирленген тоқтар бөлшек сияқты қалыңдықтарда қысқа тұйықталады).
Электр қондырғыларды орнату ережесі ( ЭҚОЕ) жаңадан салынатын жəнеқайта салынатын электр қондырғыларда 500 кВ –қа дейін таралады. ЭҚЕО –ныңжеке талаптарын, жұмыс істеп тұрған қондырғылар үшін қабылдауға болады, егер бұл электр қондырғыны жеңілдетеді. ЭЕО қайта жасалатын электр қондырғыларының бөлігіне таралады. ЭЕО жоспарлы – ескерту жəне профилактикалық сынақты, электр қондырғылары, сонымен бірге сиситематикалық білім беру мен қызмет ететін қызметкерлерді тексеруді
пайдалану шартын міндетті түрде жүргізу есебінде жасалған.
Электр қондырғылары (ЭҚ) электр қауіпсіздігі шарты бойынша ЭҚ 1 кВ-қа дейінгі жəне ЭҚ 1 кВ жоғары деп бөлінеді (кернеудің мəні бойынша). Ашық жəне сыртқы ЭҚ деп, атмосфералық əсерден қорғалған ғимараттағы электр қондырғыларын айтады. Шатырлы қорғалған торлы қоршаулармен қорғалған ЭҚ сыртқы сияқты қарайды.
Жабық жəне ішкі ЭҚ деп ғимараттарды немесе қоршалғандарды айтады, мысалы ЭҚ орналасқан ғимараттың торлы бөлігі, оған тек мамандандырылған қызметкерлер ғана кіре алады.
Сонымен қатар климаттық ортасына байланысты ғимараттар келесілерге бөлінеді: құрғақ (қалыпты) (ылғалдылығы 60%-ке дейін), ылғалды (ылғалдылығы 60-75%), дымқыл (ылғалдылығы 75%-тен көп), өте дымқыл (ылғалдылығы 100%-ке жуық), ыстық (температурасы +35°С-дан көп),химиялық активті органикалық ортамен шаң ғимарат.
Қабылдаған ЭҚ электр жабдықтары мен материалдары, бекітілген, орнатылған тəртіпте ТУ немесе МЕСТ талаптарына сəйкес болу керек.
Конструкция, орындаулар, орнату əдісі мен қабылданған машиналар, аппараттар жəне басқа электр жабдықтары, сонымен бірге кабельдер жəне жетектерді оқшаулау класы, ЭЕО басқаруына сəйкес талаптар мен қоршаған орта шарттары, электр қондырғылар немесе тораптар көрсеткіштеріне сəйкес болу керек.
Қабылданған ЭҚ электр жабдықтары, кабельдер, жетектер, өзінің нормалған, кепілдендірілген жəне есептік сипаттамасымен, ЭҚ берілген жұмыс шартына сəйкес болуы керек.
Электр жабдықтары мен солармен байланысты конструкциялар əсерлерден немесе қоршаған орта əсерінің қатнасында тұрақты болу керек.
Құрылыстық жəне санитарлық- техникалық ЭҚ бөлігі (ғимарат конструкциясы жəне оның элементі, жылу беру, желдету, сумен жабдықтау) құрылыстық норма мен ережелерге (СНмЕ) сəйкес орындалуы керек.
ЭҚ –да жинау мен қалдықтары алып бастау қарастырылуы керек: химиялық заттар, май, қалдық техникалық жəне тағы да басқа. Қоршаған ортаны қорғау бойынша қазіргі талаптарға сəйкес, көрсетілген қалдықтарының, су қоймаларына, жауын- шашын суын айдау жүйесіне, арықтар, сонымен бірге осы қалдықтарға арналған территорияларға түсу
мүмкіндігін жою керек.
ЭҚ –да олардың жеке элементтеріне жататын бөліктерді жылдам тану мүмкіндігін қамтамасыз еті керек (қарапайымдылық жəне схеманың көркемділігі, электр жабдықты орналастыруға жататын, қол таңбалар, белгілеулер, түстері).
Тұрғын, жалпы жəне басқа ғимараттарда тоқ жүргізетін бөліктерде жабу мен шектеу үшін қызмет ететін қондырғылар бірыңғай болуы керек; өндірістік ғимараттар мен электр ғимараттарында, осы қондырғылар бірыңғай торлы немесе тесікті болып жіберіледі. Қоршағыш жəне жабдықты қондырғылар кілтімен аспаптың көмегімен ғана алуға немесе алуға болатындай етіліпорындалуы керек.
Өткізгіштер мен кабельдерді механикалық зақымдаудан қорғау үшінарналған қондырғылар, мүмкіндігі бойынша машиналары, аппараттары жəне аспаптары енгізілуі керек.
Май толтырғыш аппараттар мен кабельдердегі бар ЭҚ өрт жəне жарылыс қауіпсіздігі, сонымен бірге титуммен, лакпен, сіңдірілген жəне жабық маймен. Электр қондырғылар, ЭЕҚ басқаруына сəйкес келтірілген талаптардың орындалуымен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген ЭҚ пайдалануға берілгенкезінде қазіргі жағдайларына сəйкес инвентармен жəне өртке қарсы құралдармен жабдықтауы керек.
Электр тоғының тірі денеге əсерінің əр жақты немесе өзіндік сипаты бар. Адам организімінен өткен электр тоғының термиялық, электромагниттік,механикалық жəне биологиялық əсері болады.
Тоқтың термиялық əсері, тоқтың жолында орналасқан, дененің жеке учаскесінде күйіктер туғызады, органды жоғары температураға дейін қыздырады жəне олардың мəнді функционалды бұзылуын тудырады. Тоқтың электормагниттік əсері органикалық сұйықтардың ыдырауымен, сонымен бірге қанның жəне оның физика- химиялық құрамының бұзылуымен сипатталынады. Тоқтың механикалық əсері, қабатталуға, электор динамикалық тиімділік нəтижесінде организм клеткасының айрылуына əкеліп соғады, сонымен бірге əп-сəтте жарылыс тəрізді будың, клеткалы сұйықтар мен қанда пайда болуы.
Тоқтың биологиялық əсері организмнің тірі клеткаларының қозуына жəне тітіркенуіне, сонымен бірге ішкі биологиялық үдірістердің бұзылуына алып келеді.
Электро жарақаттардыжалпы жəне жергілікті деп шартты бөледі.
Жалпыға жататындары тоқтың соғуы, ол кезде əртүрлі бұлшық еттіңтоптарының қозу үдірісінде тырысады, дем алуы тоқтайды жəне жүрек тоқтайды. Жүректің тоқтауы, жүрек бұлшық еттерінің жеке талшықтарының бірден қысқаруымен – фибирляциямен байланысты жергілікті жарақаттарға ,күю, терінің күюі, механикалық зақымдалу, металлмен күю, электор офтальмия. Терінің металлдануы электр доғасының əсерімен металлды балқыту кезінде, металлдың кішкентай бөлігінің теріге енуімен байланысты.
Электр тоғымен зақымдалудың нəтижесі көп факторларға байланысты: ток күші жəне организм арқылы оның өту уақыты, тоқтың сипаты (ауыспалы немесе тұрақты), адам денесіндегі ток жолы, ауыспалы ток кезінде – тербеліс жиілігінде. Адам организмі арқылы өткен тоқ, зардап шегуші жақындаған кедергіге жəне адам денесіне кіретін қосынды элекрт кедергісіне байланысты.
Соңғысының шамасы құрғақ теріде жəне жүз мың Ом зақымдалуы жоқ қарастырушы тері қабатының, негізгі кедергісмен анықталады. Егер осышарттар терінің қалпына келтірмесе, онда оның кедергісі 1 к Ом - ға дейінтүседі. Жоғары кернеуде жəне тері арқылы бірнеше уақыт тоқ өткенде, терінің кедергісі одан ары түседі, ол ауыр тоқпен зақымдалуға соқтырады. Адам денесінің ішкі кедергісі бірнеше Омнан аспайды жəне маңызды роль
атқармайды. Электр тогының əсеріне, адам кедергісіне денсаулығы мен адамның психологиясының жағдайы əсер етеді. Электр тоғының адамға əсері Тоқтың əсері термиялық, электролиттік жəне биологиялық болады.Зақымдау түрі бойынша əсерлер келесілерге бөлінеді:
- электро жарақаттар- ұлпаларды жергілікті зақымдау (күйік, электр
белгісі, терінің металлдануы);
- электр соққылары- адамның салмағына тоқтың əсер етуі;Əсер ету дəрежесі бойынша келесілерге бөлінеді:
I дəрежесі- есінен танбайды, бірақ бұлшық еттері жиырылып қалады;
II дəрежесі – есінен танады, бұлшық еттері жиырылып қалады;
III дəрежесі – есінен танады, жүрек немесе тыныс алу əрекеттері бұзылады;
IV дəрежесі – клиниклық өлім, тыныс алмайды жəне қан айналымы
тоқтайды.
Электр тоғынан зақымданудың алғашқы себептерін анықтайтын
факторлар:
1) I тоқ мəні (негізгі зақымдаушы фактор). Адам үшін өте қауіпті, өлімгеалып келетін өндірістік тоқтың жиілігі 50Гц I = 100 мА. Тоқтағы алғашқы өлімге алып келу мүмкіндігі 5% адам. Адам арқылы өтетін (U=220B, t = 50Γц) өндірісітік тоқтың жиілігінің сипатты мəні 3-ке бөлінеді:
- алғашқы сезімдері пайда болған, алғашқы сезілу 0,6-1,5 мА.
- кернеудегі (бұлшық еттердің тырысып қалуының салдарынан) тоқ өтетін
бөлігінен ажырай алмайтын адамдардың, жіберілмейтін 10-15 мА, алғашқы
сезілуі;
- жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының (фибрилл) қысқауынəтижесінде адамды өлімге алып келеді, кіре берістік фибирлляциялы 100 мА.Тұрақты тоқта кіре берістік сезілетін тоқ 5-7 мА, кіре берістік жібермейтін50-70 мА, ал кіре берістік фибирлляциялы -300 мА құрайды.
2) 12.1.009-76 МЕСТ сəйкес, жанасу кернеуі Un, бірдей уақытта адам жанасатын, тоқ тізбектерінің екі нүктесі арасындағы кернеу. Жанасу кернеуі, адам денесінің электрлік кедергісі, Ом заңына сəйкес, зақымдалуға əсер етеді:Авариялық режимде, шекті рұқсат етілген кернеуде 20 В (əсердің
ұзақтылығы 1 с).
3) Адам денесі кедергісі Rh, негізінен тері кедергісімен анықталады.
Сердің ұзақтығы t.
Ауыр қортындының мүмкіндігі, t = 0,2с кезінде өседі, мұнда бұлкардиоциклдің ерекшелігімен байланысты. Сондықтан жылдам əрекет ететінқорғаныстың жұмыс істеу уақытымен, осы уақыт аралығында болжанады.5) Адам денесі арқылы тоқтың өту жолы (тоқ арқандары). Өте қауіпті тоқжолы, қол-қол жолы бойынша, өмірге қажетті мүшелер арқылы, аяқ арқылыөтеді.6) Тоқтың түрі (пайда болуы). Тұрақты тоқ, ауыспалы тоққа қарағанда қауіптілігі аз, мұнда бұлар кіре беріс тоқтардың мəні бойынша көрініп тұр, бірақ бұл 250-300 В –тан аз кернеу үшін əділ болады. 7) Тоқ жиілігі f.Өте қауіпті тоқ 20-100 Гц жиілікте болады. 20-дан аз немесе 100 Гц –тен көп жиілікте , зақымдау қауіптілігі бірнеше азаяды. 500 Гц –тен көп жиіліктегі тоқ, электр соққысына қарағанда қауіпсіз болады. Мұнда жиілікке байланысты, электр тоғының қауіптілігі, f кері пропорционалды азаяды.
Өте қауіпті тоқ екі фазалы жанасу, мұнда адамның екі түрлі фазалы жетектер (үш фазалы торапта) жəне зақымдау шығыны (380 В кернеуде өлім жиі болады), торап бейтарабының режиміне байланысты.
Қауіптілігі аз оқшауланған бейтараппен торапқа бір фазалы жанасу. Кейде тоқ өткізетін негізде адам, жағымсыз жағдайдан теория жүзінде қалады.
Электр тоғымен зақымдаудың себептері:
- кездейсоқ жанасу;
- электр қондырғы қорабында кернеудің пайда болады;
- өшіп тұрған тоқ өтетін бөліктегі кернеудің пайда болуы;
- адым кернеуі.