Негізгі түсініктер мен олардың анықтамалары.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде, ең алдымен бұйрықтар мен нұсқауларға сəйкес объектінің өртке қарсы қорғанысының нақты жасалынған жоспары бойынша, техникалық, ұйымдық шаралар жатады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілік пен адам денсаулығының жекешелігін, рационалды байлық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік іс - əрекеттердің ажырамайтын бөлігі болады.

Өрт қорғанысы- өртті сөндіру мен ескертуге негізделген күштер мен құралдардың басқару органдарының жүйесі. Өрт қорғанысы келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік өртке қарсы қызмет; ведомствалық өрт қорғанысы; ерікті өрт қорғанысы; біріккен өрт қорғанысы

(ассоциациялар, союздар, қорлар).

Өрт профилактикасы – адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті қайтаруға, оның таралуын шектеуге, сонымен бірге өртті нəтижелі сөндіруге жағдай туғызуға бағытталған техникалық жəне ұйымдық шаралар кешені. Өрттік профилактикалық шаралары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Өрттің алдын – алу жүйесі - өрттің пайда болу шартын жоюға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені. Өртке қарсы қорғаныс жүйесі - өрттен келетін материалдық шығынды шектеуге жəне өрттің қауіпті факторларының адамдарға əсерін жоюға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені.

Ұйымдық шаралар мекемелерде (бұйрықтарды, жағдайларды), өрт қауіпсіздігі шараларын (ереже, нұсқау) жасауды өз мойнына алады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін жалпы жағдайда былай түсіндіруге болады: Өрт қауіпсіздігі ережесі- құрылыс жəне объектіні пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормасымен талаптарды сақтау тəртібін бекітетін арнайы кешен.

Профилактикалық шараларды жасау кезінде қосымша объектінің өртке қарсы жағдайы зерттелінеді.

Объектінің өртке қарсы жағдайы- өрт санымен, олардан келген шығынмен, күю санымен, сонымен бірге жарақаттан, уланудан жəне қаза болған адамдардан, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды иелену деңгейімен, өрт бөлімдерінің дайындау деңгейімен жəне ерікті құрамалардан, сонымен бірге өртке қарсы үгіт жүргізу мен насихатпен сипатталатын объектінің жағдайы ұйымдық шаралар мекемелерінде өртке қарсы тəртіпті бекітеді.

Өртке қарсы тəртіп- адамдардың жүріс - тұрысына, жұмысты орындау мен объектіні пайдалану ережесі, оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып бекітілген нормалар кешені. Мекемелерде бақылау функцияларында, басқарушының бұйрығымен белгіленген адамдар бар, сонымен бірге ерікті өрт сөндіргіштер. Ерікті өрт сөндіргіштер- өрт сөндіру мен ескерту бойынша іс- əрекеттерде ерікті негізде, тікелей қатысатын азаматтар. Материалдың зиянды шектеуге, сондай-ақ жарылыс пен өрттің қауіпті фактілерін адамдарға əсерін алдын алуға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдастырылған іс-шаралар комплексі болып табылады. Өндірістік объектілерді өрттен қорғау: объектіні отқа тұрақтылық дəрежесін дұрыс таңдаумен; өрт ошағының пайда болған жағдайдағы оттың таралуын шектеу; жарылысты активті басуға бағытталған жүйені қолдану; түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолдану; адамдарды қауіпсіз көшіру; өрт сөндіру мен өрт дабылдағыш құралдарын қолдану; өрттен қорғануға ұйымдастырумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістің өрт жарылыс қауіптілігі бойынша дəрежесі. Өндірістің жарылыс жəне өрт қауіптілігі белгілі өрт қауіптілігі құрамында қоспасы бар технологиямен анықталады

Өндірістің өртке жəне жарылысқа қауіптілігі дəрежесі 5-ке бөлінеді: А,Б,В,ГжəнеД.

А – дəрежесіне өртке қауіпті өндіріс жатады. Онда жататын газдар мен оңай тұтанатын газдар. 28 С0 температурада жарылысқа қауіпті булы газ ауаны, қоспаны құрайды.

Б – дəрежесіне жарылысқа қауіпті өндіріс жатады, шаңды булы газ ауаны құрайды.

В – дəрежесіне қиын жанатын сұйықтар мен материалдар (сондай-ақ шаңдар) жатады.

Г – дəрежесіне балқыған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар жатады.

Д – дəрежесіне мұздай күйдегі заттар мен материалдар қолданылатын өндіріс жатады.

Өртке тұрақтылық ғимараты мен құрылыс. Құрылыс пен ғимаратқаөрттің таралу шарты өртке тұрақтылық деңгейімен анықталады. Өртке олардың тұрақтылық деңгейі деп өрт болған жағдайда ғимараттың қирауына қарсы тұра алатын құрылыс мүмкіндігі болып табылады. Өрке тұрақтылық деңгеіне қарай құрылыс пен ғимаратты 8-ге бөліп қарастырылады (I, II, III,Ша, Шб, IV,1Уа, V). Құрылыс конструкциясы жану деңгейіне қарай жанбайтын, қиын жанатын жəне жанатын болып бөлінеді. Жанбайтын материалдардан жасалынған құрылыс конструкциясы жанбайтын болып табылады. Оттан қорғалған ауыр жанатын материалдар орындалған конструкциясы болып есептеледі.

Өнеркəсіп кəсіпорын құрылысының жобалаудағы өрт қауіпсіздігінің өлшемі аумақты жоспарлау, өнеркəсіп-кəсіпорынның бас жоспары: Су жолдары мен магистралды темір жолдарын тұрғын пунктері мен кəсіпорын шекарасына көрші кəсіпорынның қажетті ара қашықтығын қамтамасыз ету қажет.

Көп жағдайда өнеркəсіп кəсіпорнымен тұрған пунктері аралығындағы ара қашықтық санитарлық қорғаныс аймақты құру қажеттілігімен анықталынады. Өртке қарсы жарылыстарды анықтау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын жəне өндірістік шарттарды үнемі ескеру керек. Көп жағдайларда сенімді техникалық құралдарын қамтамасыз ететін, яғни өрттің алғашқы сатысында алдын алуға болатын минималды-шекті құралдарды қолданамыз.Өртке қарсы құралдар өрт кезінде объектілерде қарқынды сəулемен қамтамасыз етуі керек. Белгіленген бір уақыт аралығында жану көзі болғанда

өрт сөндіру құралдары əрекетін ендіру керек. Өртке қарсы қоршаулар – бұл бір жерден екінші жерге оттың таралуында шекті отқа тұрақтылықпен нормаланған конструкциялар.

Жалпы өртке қарсы қоршауларға - өртке қарсы қабырғалар, өткелдер жабындар, сонымен қатар өртке қарсы аймақтармен сулы жабындар жатады. Өртке қарсы қоршаулар жанбайтын материалдардан жасалу керек жəне отқа тұрақты шекке ие болуы керек.

Түтін люктері мен шахтылар. Өрт кезіндегі басты қауіптілікке жанғыш өнімдер, жарылысқа қауіпті заттар жатады. Оларды жою үшін ғимараттардағы түтінді болдырмауға бағытталған өрт ошағының зақымдануын болдырмайтын түтін люктері қолданылады.

Тез өшірілетін конструкциялар. Өндіріс орындардағы жарылыс кезінде алғашқы міндеттерге өте тез жанатын құрылыс конструкциялардың қауіпсіздігі үшін қысымды төмендету жатады. Бұл үшін ғимараттар мен үймелеттерде А, Б жəне Е өндірістік дəрежедегі тез өшірілетін жабындар мен өткелдер қолданылады. Қоршау конструкциялары жарылыс кезінде ғимарат ішін қысым төмен жағдайда қолданылады жəне негізгі жанбайтын конструкциялары бұзылмайды.

Өрттен қорғануды ұйымдастыру. Өнеркəсіп орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі құрылымдық бөлім басшыларына, өндіріс басшыларына тағайындалады. Өнеркəсіп əкімшілігі немесе жалдаушылар міндетті:

- белгілі объектілердегі құрылыс жəне жобалаудағы құрылыс нормаларының толық жəне уақытылы өрт қауіпсіздігімен өртке қарсы талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет;

- өнеркəсіп орындарда өрт қорғанысымен техникалық өрт комиссиясын ұйымдастыру;

- қажетті өрт сөндіру құралдармен қамтамасыз ету;

- құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны тағайындау.

Кəсіпорындарда жаңадан қабылданған жұмысшыларға өртке қарсы инструктаждар өткізілуі қажет.

Республикада өрт қауіпсіздігі облысында басшылық ішкі істер Министірлігімен жүзеге асырылады.

Бұл органдардың барлық ұйымдастыру бақылау жəне əкімшілік қызметтері негізінен төмендегідей сəйкестендіріледі:

- түрлі бағыттағы салынып жатқан жəне реконструктивті объектілердің техникалық жағдайымен, өрт қауіпсіздігі ережелері, нормаларын келісумен өндіру;

- өртке қарсы нормалардың жобалық ұйымдастыру сақталуына бақылау жүргізу;

- өрттің пайда болу себебін талдау мен есепке алу;

- өрке қарсы алдын алуға үгіттеу;

- əкімшілік жұмыс.

Мемлекеттік өрт қадағалау органдары өрке қарсы ережелерді бұзған үшін штраф тағайындай алады, сондай-ақ қауіпті өрт жағдайларында тұрған объектілерді толығымен тоқтатуға құқылы.