Негізгі əдебиет: 1 [35-37, 51-54]; 4 [33-35]; 6 [42-46].

Бақылау сұрақтары:

1. Өрт, жарылысқа қауіпті өндідіріс классификациясы

2. Өртке қарсы жарылыс

3. Ғимараттардың өртке тұрақтылық деңгейі

4. Өртке қауіпті материалдар, процестер мен өндіріс категориясы

5. Өртке қарсы қоршаулар

6. Технологиялық процестегі өртті алдын алу шаралары.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР

Жазбаша жұмыстардың қатарына реферат, курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары жатады. Жазбаша жұмыстардың тақырыптары, оны орындау әдістемесі, білімгерлердің курс бойынша алған білімін өз бетінше тексеруге арналған тест сұрақтары берілді. Тест материалдарымен қоса дұрыс жауаптар кілті, білімді бағалау критерийлері, аралық аттестация тапсыруға арналған емтихан сұрақтары берілді. Емтихан сұрақтарының мазмұны пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек.

Лекция курсы бойынша мини-тест, карточкамен жұмыс, терминологиялық диктант, сонымен қатар екі рубеждік бақылау жүргізіледі.

Курсты оқу барысында сабақтың келесі түрлері қолданылды:

-ұжымдық тренинг

Тренинг- білімгердің практикаға қажетті біліктер мен дағыдылард қолдана білуіне ықпал ететін әдістер мен тапсырмаларды қамтитын сабақ түрі.

-карточкамен жұмыс

Бұл жұмысты білімгер жеке немесе «кіші топтар» орындайды және эвристикалық мәселелерді шешудегі немесе қандай да бір ситуацияны немесе концепцияны талдаудағы білімгердің мүмкіндігін анықтайды.

- Бақылау жұмыс

Курстың бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша жүргізіледі. Тақырыптың санына қарай оқытушы бақылау жұмысының уақытын белгілейді. Бақылау жұмысы, оның тақырыбы мен өткізетін уақыты туралы білімгерге алдын-ала ескертеледі.

-жеке тапсырма.

Бұл тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол құжаттың, гипотезалар мен концепциялардың салыстырмалы талдау түрінде берілуі мүмкін. Білімгер тапсырманы оқытушы бекіткен мерзімде орындауы тиіс және ол орындалған тапсырманы оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс сабағында тапсырады.

-тапсырманы қорғау

Практикалық сабақта немесе ОЖБӨЖ(СРПС) тапсырманы ауызша немесе жазбаша түрде(ауызша түсініктеме береді) тапсырады. Тпасырманы ауызша қорғаған кезде басқа білімгерлердің талдауы қарастырылды.

-ауызша сұрау

Жеке немесе топта әлеуметтану бойынша қандай да бір проблеманы талдау түрінде жүргізіледі.

-коллоквиум

Жұмыстың бұл түрі практикалық сабақтарға немесе ОЖБӨЖ(СРПС) дайындау барысында орындалады. Бұл жұмысты білімгер берілген материал бойынша қысқаша жазбаша түрде дайындайды.

-глоссарий жүргізу

Глоссарий дегеніміз- терминдер мен түсініктердің сөздігі. Глоссарий жүргізу- білмгердің міндетті жұмысы болып табылады. Бұл жұмыс білімгердің тестке, бақылау жұмыстарына, коллоквиумге дайындалуына жеңілдік жасайды.

-ғылыми баяндама дайындау

Ғылыми баяндама дайындау үшін білімгерге тарихи ғылымының кішігірім проблемалары беріледі. Баяндау дегеніміз-практикалық сабақта проблемаларды қысқаша айту(5-7 минут), соңында бұл мәселені топпен бірге талқылау.

-рефераттық жұмыс

Көлемі 3-5 бет болатын рефератты білімгер белгілі бір тақырып бойынша орындайды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, кесте, сызба, суреттер түріндегі қосымшадан(қажет болған жағдайда) тұрады.

Білімгер рефератты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруы керек. Рефератты оқытушы тексееріп болғаннан кейін білімгер оны практикалық сабақта немесе ОЖБӨЖ(СРПС).

-мини-тестер

Жұмыстың бұл түріні оқытушы білімгердің білімін тексеру мақсатында ескертусіз практикалық сабақтарда, лекция кезінде жүргізе алады.

Мини-тестер 5-8 сұрақтан тұрады, оны өткізуге 8-10 минут беріледі.

-Терминологиялық диктант

Диктант практикалық сабақ барысында курстың бір немесе бірінше тақырыптарының терминдері бойынша жүргізіледі. Білімгерге тақырыптар туралы алды-ала ескертіледі. Диктант жазбаша түрде өткізіледі.