III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
А. Алдыңғы жарты сақина (3 сурет):
1. Қасаға және шонданай сүйегінің бір жақты сынуы
2. Қасаға және шонданай сүйегінің екі жақты сынуы (“көбелек” типі)
3. Симфиз айырылуы
Б. Артқы жарты сақина (4сурет):
1. Мықын сүйектің вертикалды сынуы
2. Сегізкөз – мықын қосылысының жыртылуы
3. Сегізкөздің вретикалды сынуы
В. Алдыңғы және артқы бөлімінің (5сурет):
1. Мальгени сынуы – алдыңғы және артқы жарты сақинаның бұзылуына әкелетін сынуы
2. Аты жоқ сүйектің шығуы – қасаға симфизі және сегізкөз – мықын қосылысының бір уақытта айырылуы
IV. Ұршықтық ойыстың сынуы (6сурет):
1. Сан сүйегінің шығуы немесе шығуынсыз ұршықтық ойыстың шетінің сынуы
2. Жарықшақтардың ығысуынсыз ұршықтық ойыс түбінің сынуы
3. Сан сүйегінің орталық шығуымен ұршықтық ойыс түбінің сынуы
1 сурет. Жамбас сақинасын құруға қатыспайтын бөлігінің шеттік сынығы
2 сурет. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылмай сынуы
3 сурет. Алдыңғы жарты сақина сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы
4 сурет. Артқы жарты сақина сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы
5 сурет. Алдыңғы және артқы бөлімінің сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы
6 сурет. Ұршықтық ойыстың сынуы:
А) Сан сүйегінің шығуы немесе шығуынсыз ұршықтық ойыстың шетінің сынуы
Б) Жарықшақтардың ығысуынсыз ұршықтық ойыс түбінің сынуы
В) Сан сүйегінің орталық шығуымен ұршықтық ойыс түбінің сынуы
Сынудың ең ауыры — сан сүйегінің орталық шығуымен ұршықтық ойыс түбінің сынуы. Бұл сыну механизмі – жамбас сүйегін үлкен ұршық аймағынан бүйірлік басу, остік жүктеме сан сүйегіне немесе үлкен ұршыққа түседі. Ұршықтық ойыстың шетінің сынуы механизмі – сан сүйегі осіне түсетін жүктеме.
Сонымен, ұршықтық ойыстың сынуы жарақаттың тікелей емес механизмінде кездеседі.
Диагностикасы.Жарақаттың жедел кезеңінде зардап шеккен адамның жалпы жағдай өте ауыр және реанимациялық және шокқа қарсы шараларды жүргізуді қажет ететіндіктен, толық клиникалық және аспаптық зерттеу жүргізу мүмкін емес. Бұл жағдайда жамбастың зақымдалуын клиникалық ақпаратқа (негізінен – қарау және пальпация) сүйеніп шешеді. Жамбас сақиналарының сүйектік шығыңқылырының ассиметриялылығына, жұмсақ тіндердегі қан құйылуларға (әсіресе жамбас санның алдыңғы жарты сақинасының сынуы кезіндегі шат аралықтағы гематома тән), мықын сүегінің қанатын алшақтатқанда немесе оларды басуға тырысқан кезде ауырсынулардың байқалуына және қасаға симфизіне басқан кезде, ауырсынудың пайда болуына мән береді.
§ мықын сүйектің қанатын басу (қосу жүктемесі симптомы )
§ мықын сүйек қанаттарын екі жаққа ажырату(ажыратушы жуктеме симптомы)
§ қасаға симфизіне басу
Жамбас сүйегі сынығы кезіндегі бүйрек аймағындағы клетчаткаларға дейін көтерілген жайылмалы ішастар арты гематомасы іш бұлшық етінің қатаюы және ішастардың тітіркену симптомдарын суреттейді(псевдоабдоминальды синдром). Бұндай жағдайларда іштің кейбір жалпақ жерлерінде перкуторлы тұйықталған дыбыс естіледі, ол дене қалпын өзгерткен кезде басқа орынға ауыспайды (Джейс симптомы). Кейбір жағдайларда, ішастарішілік апаттарда көрінетіні соншалық, диагностикалық лапароцентез немесе лапароскопия, кейбір жағдайларда диагностикалық лапаратомия қолданылады.
Жамбас жарақаттары кезінде клиникалық суреті локализацияға байланысты. Жалпы клиникалық суреті және диагнозы белгілердің жиынтығы негізінде анықталады:
1. шеткерлік зақымданулар
2. жамбастың алдыңғы жарты сақинасының зақымдалуы
3. жамбастың артқы жарты сақинасының зақымдалуы
4. жамбастың артқы және алдыңғыжарты сақинасының қосарланған зақымдалуы
Алдыңғы жоғарғы өстің бөлінуі.Зақымдалған аймақтағы ауырсыну, жергілікті ісіну байқалады. Жамбастың жалпақ фасциясын тартып тұратын тігінші бұлшық ет әсерінен сынық төмен және сыртқа жылжып, аяқтың қысқаруы сяқты сезімдер туындайды. (өлшем алдығы жоғарғы ость арқыл жүргізіледі). Кейбір жағдайларда Лозинскийдің «артқа жүру» симптомы айқын көрінеді: алдыға қадам басқанда, жарақаттанған аймақта қатты ауырсыну пайда болады, ол бұлшық ет өсіне бекіген күштемеге байланысты. Сонымен қатар дәл сол кезде артқа қадам басқанда ауырсыну шамалы ғана болады, сондықтан науқасқа артымен жүру ыңғайлы.
Алдыңғы төменгі өстің бөлінуі.Шап аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Санның тік бұлшық еті көмегімен санды белсенді бүккен кезде, ауырсыну пайда болады (мысалы: жүру кезінде).
Шондаанй сүйектің төмпешігінің сынуы.Ол ауырсынумен сипатталады, ауырсыну отырғанда, шонданай төмпегін тері арқылы ректальды пальпациялағанда күшееді. Сегізкөз – төмпешік байламының аймағын ректальды пальпациялау кезінде ауырсыну күшееді. Тізенің жазылған қалпында санды бүгу ауырсынуды шақырады, ал әдетте бүгілген тізе қалпында қозғалу ауырсынуды тудырмайды.
Ұршықтық ойысқа ауысумен жүретін мықын сүйегінің сынуыкезінде мықын сүйегінің қанатының аймағының ауырсынуын шақырады, ауырсыну іштің қиғаш бұлшық етін қатайтқан кезде күшейеді зақымдалған жақта жамбас – сан буынының қозғалысы шектеледі. Мықын сүйегінің қанатына жүктеме түскен кезде ауырсыну шамалы күшейеді. Кейде сүйектің қозғалыстары мен сықырлаулар анықталады. Бұлшық еттердің тартылуына байланысты мықын сүйегінің қанаты жоғары ығысады, ол өз кезегінде семсер тәрізді өсінді мен алдыңғы жоғарғы ость арасының қысқаруымен және Шумахер сызығының бұзылысымен көрінеді.