Тәжірибелік сабақ № 6

Тапсырма

1. Берілген деформация тензорын Тε пайдаланып басты деформацияны есептеу қажет.

2. Материалды бөлшектің бастапқы координатасы t = t1 уақытысында ағымдағы координаттармен E1 = a1L1; E2 = a2L2; E3 = a3L3 формулалармен (біркелкі деформация) байланысты болған. Логранждық және Эйлерлік түпкі деформация тензорларының сыңарларын және логарифмдік деформация тензорының сыңарларын анықтау қажет.

3. Деформация тензорын Тε шарлық То және девиаторға D бөлу қажет, деформация тензорының инвариантарын есептеу қажет.

4. Өлшемдері Но, Во, Lо болатын параллелепипед биіктігі бойынша ΔН мөлшеріне деформацияланды. Шөктіргеннен кейін ені В1 дейін үлкейді. Шөктіру жылдамдығы υ.

5.Деформацияны біркелкі деп қабылдап; дененің деформациядан кейінгі өлшемдерін, салыстырмалы деформацияларды, деформациялардың коэффициентерін, дәл деформацияны, деформациялардың жылдамдығын (шөктірудің бастапқы және соңғы кездерінде) анықтау қажет.

6.Болаттан жасалған дайындаманың серпімді күйіндегі кейбір нүктесінде серпімділік модулі Е, Пуассон коэффициенті μ, кернеу тензоры Тσ (МПа) берілген. Осы нүктедегі салыстырмалы көлемдік деформацияны және деформация тензорын есептеу қажет.

Дістемелік ұсыныс

ТҮПКІ ЖӘНЕ КІШІ ДЕФОРМАЦИЯ ТЕНЗОРЫ

Түпкі және кіші деформация тензорын есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.

Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.

Бақылау сұрақтары

1. Басты деформацияны қалай есептейді?

2. Логарифмдік тензордың сыңарларын қалай есептейді?

3. Деформация девиаторы қандай формуламен анықталады?

4. Салыстырмалы деформацияларды қандай формуламен есептейді?

5. Деформациялардың коэффициентерін қандай формуламен есептейді?

6. Дәл деформацияны қандай формуламен есептейді?

Тәжірибелік сабақ № 7

Тапсырма

1. Басты жазықтық ХУ жылжудың өрісі белгілі бір теңдеулермен берілген. Координатасы белгілі болатын нүктеде кіші деформация қарқындылығын анықтау қажет.

2. Деформацияланған дененің материалды нүктелерінің жылжу жылдамдықтары өрістері белгілі бір теңдеулермен анықталған. Материалды нүктенің координатасы белгілі. Осы жылдамдықтар өрісі материалдың сығылмаушылық шартын қанағаттандыратынын табу қажет.

3. Симметриялық осі бар деформацияланатын дайындаманың мериадианды қимасында, тәжірибемен анықталған нүктелердің жылжу жылдамдықтар өрістері белгілі бір теңдеулермен бейнеленген. Координатасы белгілі болатын нүктедегі деформация жылдамдығы тензорының сыңарларын және ығысу деформациясы жылдамдығының қарқындылығын табу қажет.

Дістемелік ұсыныс

КІШІ ДЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ КІШІ ДЕФОРМАЦИЯ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ТЕНЗОРЫ

Кіші деформация және кіші деформация жылдамдығы тензорын есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.

Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.

Бақылау сұрақтары

1. Деформация қарқындылығы қандай формуламен анықталады?

2. Сығылмаушылық шартын қалай анықтайды?

3. Ығысу деформациясы жылдамдығының қарқындылығын қалай анықтайды?

Тәжірибелік сабақ № 8

Тапсырма

1. Дененің нүктесінде нормальды кернеулер σ1, σ2, σ3 және осы материалдың аққыштық шегі σs берілген. Дене серпімділік немесе илемді күйде болатындығын табу қажет.

2. Қарапайым созу тәжірибесімен алынатын аққыштық шек σs таза илемділік қасиеті бар деформацияланған дененің кейбір нүктесінде белгілі. Осы материалды деформациялағанда пайда болатын бас нормальды кернеудің екуі (σ1 және σ2) берілген. Үшінші бас кернеуді σ3 анықтау қажет.

3. Күші Р (МН) болатын баспақта цилиндрлік дайындама деформацияланады. Деформация сызықтық болсын. Осы дайындаманың аққыштық шегі σs белгілі. Деформациялауға қажетті дайындаманың барынша мүмкін болтын диаметрін анықтау қажет.

Дістемелік ұсыныс

ИЛЕМДІЛІК ШАРТЫ

Илемділік шартын есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.

Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.

Бақылау сұрақтары

1. Көлемді кернеу-деформация күйі үшін илемділік шарты қандай формуламен табылады?

2. Жазықты кернеу-деформация күйі үшін илемділік шарты қандай формуламен табылады?

3. Сызықты кернеу-деформация күйі үшін илемділік шарты қандай формуламен табылады?