Тақырып 10.Жануарлар әлемінің биоресурстары .

Сұрақтар: Жануарлардың түрлері, сирек кездесетін. Қызыл кітапқа енген

жануарлар.

Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеудегі әр түрлілілігі оған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан- жануарлар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұндағы құстардың 200- ден аса, ал сүтқоректілердің 40- тай түрлері тіршілік етеді. Қорықтың шырша орманында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде кәдімгі мысық торғай, қарашымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа да алуан құстар тірілік етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшырасады. Қорықтың Іле өзені бойындағы шөлді бөлімшесінде қорғауға алынған тұқымдас құстардың ең ірі және сұлуы. Алматы төңірегіндегі қоры 3000- нан асып құстың бірі- қырғауыл. Жетісу қырғауылы біздің еліміздегі тауық отыр. Шөлді өңірде, сонымен қатар жылқышы, бұлдырық құстары тіршілік етеді. Жылқышы- түн құсы. Қауіпті сезсе, жерге бұға қалады. Түсі мекенлеген ортасына сәйкес келеді. Тоқылдақтар көп мөлерде ағаш қоңыздарын құртады. Тіпті бір қарлығаштың өзі бір жазда 500 мыңнан 1 млн- ға дейін насикомды жойып, үлкен пайдасын тигізеді. Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, тиін сияқты аңдар бар. Әсіресе, орманды- дала белдеуінде елік көбірек кездеседі. Кейбір жылдары 1000 га жерді елуге жуық елік мекендейді. 1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560- тай елік бар екендігін анықтайды, ал 1974 жылы оның саны 450- дей еді. Бұл тұяқты жануар жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс айларында тау етектерінде тебіндеп жайылады. Тауда қар қалың түсіп, қыс аса суық болған жылдары елікті қорық қызметкерлері әр жерге шөп тастап, үстеме қоректендіреді. Сөйтіп, олар бұл жануарлардың қыстан аман шығуына қамқорлық жасайды. Елікпен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі- таутеке. Ол қорықта альпі және субальпі белдеулерін қоныс еткен. Жазда Алатау қойнауында мәңгі мұзға жақын жүреді де, қысқа қарай шырша орманына жақындап жайылады. Әсіресе қаңтар - ақпанда таутекені таудың күнгей беткейінен көбірек кездестіруге болады. Қорықшылардың 1974 жылы вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің саны 560 - тан асып отыр.

Құстар мен аңдардан басқа Іле Алатауының етегінде кездейсоқ қалқантұмсық жылан, тау жоталарының күнгей беткейін ала отырып, 2000- 2200 м дейін биіктікке өрмелеп шығады. Көбінесе тастар арасында ұшырасып қалады. Қорықта «Алай кесірткесі» деп аталатын кішкентай кесіртке тіпті альпі белдеуіне дейін таралған. Көктемде көбею кезінде оның еркегінің бауыры күміс түсті дақтар араласқан қызыл қоңыр болады.

 

Талғар өзенінің арнасындағы тастар үстінде кішкене торғай шырылдап ұшып кейде қалықтап барып, ағыны қатты суға барып сүңгиді. Мөп-мөлдір су түбінде оның кішкентай тастарды түрткілеп, безек қағып жүргені анық көрінеді. Бұл – сушыл қоңыр торғай еді. Тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Негізгі қорегі су насекомдары, олардың личинкалары болып табылады. Күні бойы дамыл таппай ұшуы да осыдан. Көктемде барлығы жұптасып, өз территорияларын жақсы қорғайды. Ерте көбейеді. Наурызда бұлар ұя сала бастайды. Осы кезде қоразы көп сайрап «күй салтанатын» өткізеді. Сушыл қара ұясын судаға тастар ұясына салады. Ұясын шар тәрізді етіп «есік» шығарып, сондай ғажап жасайды. 3 – 6 жұмыртқа салып, балапан басады . Барыс - ерекше сымбатты, күшті және епті аң. Таутекелерді еліктерді, жүгіріп жүріп жейді. Жемтігіне 15 мертдей биіктен атылып, олжа қылады.

Сілеусін – 1970 жылы Талған өзені бойында қорғауға алынған жыртқыш аң. Алатау өңірінде сілесіннің саны өсіп келе жатқындығы байқалды.

Шырша орманыныда, әсіресе тау жотасының теріскей беткейінде, тау сусары да молайып келе жатыр. Зоология институтының ғылыми қызметкерлері А. К. Федосенко мен Ю. С. Лобачевтің зерттеулеріне қарағанда, Талғар өзенінде 7 тау сусарының түрі мекендеген. Ал 1963 жылы олардың саны 12 – ге өсті.

Ақкіс пен аққалақ та Алатау етегінде көбірек кездесетін жыртқыш аңдар. Мекендері – орман, ал қысқа қарай қорек іздеп, тау етектеріне қарай түседі.

Қорық жерінде жыртықыш аңдарының ірісі - қоңыр аю да баршылық. Қыста тау үңгірлерінде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Күзде жабайы алма мен өрік өскен бақтарды жейді. Кейбір жерде қасқыр да кездесіп қалады.