Тақырып 6. Балықтар және Қосмекенділер кластары.

Балықтар және қосмекенділер кластарына жалпы сипаттама. Балықтар мен қосмекенділердің классификациясы. Балықтар мен қосмекенділердің филогенеясы.

Балықтардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Ерекшеліктері қозғалмалы жақтарының болуы. Көкірінде, құрсағында қозғалыс органдары қос қанаттарының болув. Иіс сезімі, танау тесіктері жұп. Желбезек жапырақшасының эктодермадан пайда болуы. Балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы. Бүйір сызықтарының болуы. Балықтар қорегін активті түрде тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап, оған тез бейімделе алады.

Шеміршекті балықтар сүйегі шеміршектен тұрады, жүзу торсылдағы болмайды. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалғасады. Тыныс алу органдары - әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа , ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделермен юөлінген. Жүрегі екі камерадан: жүрекше және қарыншадан тұрады. Шеміршекті балықтарда тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Зәр шығару жүйесі мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек. Аналық жыныс бездері жұп болады. Ұрғашыларында зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Аталықтарында вольфов каналы зәр және жыныс жолы қызметін атқарады. Сүйекті балықтарда қаңқасы сүйекті болады. Желбезек аралық перделері болмайды. Желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады. Жүзу торсылдағы болады. Ұрықтануы сырттай жүреді.

Амфибилер суда және құрлықта да тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан қос мекенділер деп аталады. Ерекшеліктері: желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып тұрады. Қан айналу системасы өзгеріске ұшыраған. ҮШ камералы жүрегі бар. Терісі қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Бес саусақты аяқ пайда болған. Аяқтар әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Ұрықтануы ұылдырық шашау арқылы жүреді. 3000 жуық түрлері белгілі терісі жалаңаш болады. Сүйекті, мүйізді қабыршақтары жоқ. Эпидермісінде бездер өте көп, терісін құрғап кетуден сақтайды. Терісінде улы бездер көп. Омыртқа жотасы: мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөліктерінен тұрады. Мойны бір ғана омыртқадан ғана тұрады. Құйрық блімі уростил деп аталытын бір ғана сүйекшеден тұрады.

Ас қорыту жүйесі: ауызы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ тарылып өңешке айналады. Тілдерінің формасы түрліше болады. Тілінің үстіңгі бетінен желім шығып тұрады. Осы шырыштың жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстайды. Есту органы балықтарға қарағанда күрделі. Амфибилерде ішкі құлақпен қатар ортаңғы құлақ болады. Бүйір сызығы

Амфибилердің личинкаларына тән. Зәр шығвру түтікшелері клоакаға ашылады. Аталықтарында зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана вольфов каналы атқарады. Аналықтарында зәр шығару қызметін вольфов каналы атқарады да, жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Даму жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін 8-10 күннен соң итшабақ деп аталатын личинка шығады. Итшабақ құйрығының көмегімен қозғалады. Кейін артқы аяқтар шыға бастайды. Құйрықсыз түрлерінде құйрық қысқара бастайды.

 

Құстар омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше тобы. Құстардың денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің іші қуыс, тісі болмайды, тіс қызметін мүйізді тұмсықтар атқарады. Құстардың терісі жұқа, ешбір бездері болмайды,тек құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған. Ол қауырсынға су жұқпауын қамтамысыз етеді. Құстардың денесі біртегіс қауырсынмен қапталмайды Қауырсыны бар жерін птерилия, жоқ жерін аптерия деп атайды. Құстардың бұлшықеттері тіршілік әрекетіне қарай күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіңндік береді. Төс сүйегінің қырына бекінген төс еті құстың жалпы салмағының 20% жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да қанаттарын жоғары көтеруге мүмкіндік береді.

Омыртқа жотасы мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ – құйрық бөлімдерінен тұрады. Иық белдеуі жауырыннан каракойдтан және бұғанадан тұрады. Каракоид жақсы дамыған бір ұшы төспен, бір ұшы тоқпан жілікпен жалғасады. Оң және сол жақ бұғаналары бірігіп кеткен. Ол иық белдеуіне серпінділік береді. Артқы аяқтар сүйектері жақсы жетілген жүргенде құстың барлық салмағы артқы екі аяғына түседі. Құстарда тіс болмайды. Тіс қызметін тұмсығы атқарады. Қоректену тәсіліне, азық түріне қарай тұмсығының формасы әр түрлі. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқып жеуге икемделген біз тұмсықты. Қаздардың тілі етті болып келеді. Кейбір құстардың өңешінде азықты уақытша сақтайтын жемсау болады. Өңеш безді қарынға жалғасады. Безді қарыннан қорек етті қарынға түседі. Жүрегі 4 камералы 2 жүрекше 2 қарынша. Артерия және вена қаны өз алдына жіктелген. Құстардың сезім органдары көруі жақсы дамыған. Түн құстарының және қыранның көз алмалары үлкен. Естуі өте жақсы дамыған.қауіп қатерді алдымен құлақтары арқылы сезеді. Кейбір түрлерінде ғана иіс сезу дамыған. Құстардың зәр шығаруы ұрықтарында –мезонепрос-дене бүйрегі болса, ересектерінде метонепрос мықын бүйрек деп аталатын бүйрек болады. Тыныс алуы ұшуға байланыста ерекшеленген. Құстарда өкпесі және ауа қапшықтары болады. Ұшқанда кеудусі керіліп тұрадыда, көкірек бөлімі үлкейіп, кішіреймейді. Сол кезде ауа қапшықтары арқылы тыныс алады.

Жыныс органдары: Аталық жыныс бездері бұршақ пішінді екі бүйрегінің үстінде ілініп тұрады. Жыл маусымына қарай олардың көлемі өзгереді. Көбею кезінде үлкейеді. Әр қайсысынан тұқым түтігі шығады. Ол несепағармен қатарласа отырып клоакаға барып енеді. Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Шағылысқандар аталығының спермасы, ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады. Ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безімен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ жыныс безі нашар дамыған себебі құстардың қатты қабықты жұмыртқа тууына байланысты.

 

Сүтқоркетілер – Мammalia

Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең күрделісі. Сүтқоректілердің 4000 ға жуық түрлері белгілі. Географиялық жер бетінің бөліктеріне түгелдей тараған.

Ерекшеліктері:

Бұлардың орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтпен қоректендіреді. Дене температурасы тұрақты. Денесін түктер қаптап жатады. Түктер біріншіден денесін салқыннан қорғаса. Екіншіден денесіндегі тері астындағы май қабаты жылу реттелуіне себепші болады. Терісінде бездері көп.

Тіршілік ету ортасына байланысты дене пішіндері әр түрлі.

Сүтқоректілердің тері жамылғысы сыртқы эпидермистен оның астыңғы қабаты нағыз теріден тұрады. Түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз, түрлі бездер осы эпидермс қабатынан пайда болған. Нағыз тері немесе кутис қабаты жақсы жетілген. Кутистің астыңғы қабаты жұмсақ талшықты ткандерден тұрады, оған май жиналады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Мамық немесе түбіт түк, қылшық, сезгіш, түк, немесе вибристар. Сүтқоректілердің түктері жаңарып белгілі бір маусымда түлеп отырады. Сезгіш түктер жануарлардың бас мойын төс бөліңмдерінде орналасқан. Тері бездері құрлысына және атқаратын қызметіне қарай тер, май, иіс, сүт бездері болып бөлінеді.

Ет жүйесі өте жақсы жетілген, көптеген бұлшықеттерге жіктелген. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагма – көкет болады.

Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан тұрады. Мойын омыртқаларының саны тұрақты жетеу. Арқа омыртқалары 12 – 15 бір ұші арқа омыртқасыны екінші ұшы төс сүйегіне бекінген қабырғаларды нағыз қабырғалар, ал екінші ұшы төс сүйегімен жалғаспаған қабырғаларды жалған қабырғалар деп атайды.

Миы үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен. Ас қорыту жүйесі күрделі. Еріннен басталады. Киттерде, кловакалы жануарларды ерін болмайды. Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы дейді, Қоректік заттар осында сілекей бездің және тістің әсерімен өзгерістерге түседі. Сілекей шығаратын 4 жұп бездері болады. Сілекей құрамынжа крахмалды ыдырататын фермент болады.

Сүтқоректілердің тістерінің саны әр түрлі. Сүтқоректілерді топқа бөлуде тұрақты систематикалық белгі болып табылады.

Ауыз қуысы арт жағында жұтқыншақ орналасады. Оған өңеш жалғасады. Қарын көптеген сөл шығаратын бездері болады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі. Төрт бөлімнен тұрады.

1. Үлкен қарын – ішкі бетінде қатты бүрі болады.

2. Жұмыршақ – ішкі беті торы ұяшықтарға бөлінген.

3. Жалбыршақ – ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады.

4. Ұлтабар.

Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетімен ашиды. Одан жұмыршақ қарынға, күйіс қайцырғанда ауызға келіп түседі. Ауызда үсақталып әбден сілекеймен араласады.

Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға одан ұлтабарға барады.