Тақырып. Үйкеліс күші туралы түсінік. Сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі.

Теориялық механика есептерін шешу кезінде денелер абсалют қатты дене және олардың беттері жылтыр бет деп қарастырылатыны бізге белгілі. Бұл жағдайда бір дененің онымен жанасатын екінші денеге қысымы жанасу беттеріне жүргізілген нормал(перпендикуляр) бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Осындай болжамдар есеп шығаруды жеңілдететіні айқын.

Сырғанау үйкелісі. Салмағы Р-ға тең А денесі үстел бетінде тыныштықта тұрсын дейік. СD жібінің D ұшына бекітілген таразы табағына салмағы аз жүгін салайық. Жіп керілген кезде денеге мынандай күштер әсер етеді(9.1,а-сурет):

9.1-сурет. Үйкеліс күштері.

1. Төмен қарай вертикал бағытталған дененің салмақ күші .

2. Осы қысымның нәтижесінде пайда болатын жазықтықтың денеге кері әсер ету күші .

3. Шамасы таразыға салынған жүктін салмағына тең жіптің керу куші.

4. Жіптің керілу күшіне кері бағытталған үйкеліс күші.

Дене күшінің әсерінен қозғала бастаған кезде дене бетіндегі кедір бұдырлардың әсерінен пайда болатын дене қозғалысына қарама-қарсы бағытталған күшті үйкеліс күші деп атаймыз.

Үйкеліс күшінің максимум шамасы статикалық үйкеліс коэффиценті мен нормалдық реакцияның көбейтіндісіне тең болады: .

Мұнда -тыныштықтағы сырғанау коэффиценті; бұл коэффиценттің шамасын тәжерибелер жасап қана анықтауға болады және оның мәні үйкелісетін денелердің материалына және жанасушы беттердің өңделуіне, физикалық күйіне (температура, ылғалдық және т.б.) тәуелді болады.

Домалау үйкелісі.Салмағы ға тең радиусы цилиндрлік каток жылтыр емес гаризонтал жазықтықта орналасып, А нүктесінде жанассын делік. Онда күші катоктың бет үстімен сырғуын шектейді. Егер катоктың нормалдық реакциясы А нүктесіне түсетін болса, онда ол күшімен теңеседі де қос күшінің әсерінен каток қозғалуы керек еді (9.1,б-сурет) бірақ нақты жағдайда бұлай болмайды. Себебі, және күштерінің әсерінен денеге әсер ететін қысым күштері бетті AB жанасу ауданына деформациялайды да, қысым күштерінің қарқындылығы жанасу ауданының А шетінен B шетіне жақындаған сайын өсе береді. Соның нәтижесінде нормалдық реакциясының түсу нүктесі А нүктесінен B нүктесіне ығысады (9.1,с-сурет).

Бір дене екінші дене бетімен домалаған кезде пайда болатын кедергіні домалау үйкелісі деп атаймыз.

Катокты моменті домалатуға тырысса моменті оның домалауына кедергі жасайды. Осы моменттердің өзара теңдігінен теңдігі шығады. Егер каток домалай бастайды.

Мұнда δ-домалау үйкеліс коэффиценті. Ол метрмен өлшенеді.

 

Сұрақтар

 

1. Сырғанау үйкелісі дегеніміз не?

2. Сырғанау үйкелісі кезінде денеге қандай күштер әсер етеді?

3. Статикалық үйкеліс коэффицентін қалай анықтайды?

4. Үйкеліс күшінің шамасын қалай анықтаймыз?

5. Статикалық үйкеліс коэффиценті қандай факторлардан тәуелді болады?

6. Домалау үйкелісі қалай пайда болады?

7. Домалау үйкелісі қандай моменттермен байланысты болады?

8. күшінің қандай мәнінде дене домалай бастайды?