Тақырып. Машина бөлшектерінің қосылыстары. Бұралмалы қосылыстар.

 

Машинаны жасау процесі кезінде оның кейбір бөлшектерін өзара байланыстырады және олар ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар болып бөлінеді.

Бұзусыз немесе зақым келтірмеусіз бөлшекті бөліп алуға мүмкін болмайтын қосылыстарды ажыратылмайтын қосылыстар деп айтады. Оларға заклепкалы, пісірілген және желімделген қосылыстарды жатқызуға болады.

Бөлшектерге зақым келтірмей құрап және қайтадан бөліктеуге болатын қосылыстарды ажыратылатын қосылыстар деп атайды. Оларға бұрандалы, шпондық, шлицтік және т.б. қосылыстар жатады.

Бұрандалы қосылыстар. Олар ең көп таралған ажыратылатын қосылыстардың түрі. Оны болттар, винттар, шпилькалар, гайкалар мен бұрандысы бар басқа да бөлшектер құрайды. Бұрандалы қосылыстың негізгі элементі ретінде бұранда болады, ол бөлшектің бетінде винттік сызық бойынша орларды ою немесе орау арқылы алынады.

Егер, цилиндрдің бүйір бетіне тікбұрышты иілгіш үшбұрышты цилиндрдің табаны мен үшбұрыштың катеті беттесетіндей етіп орасақ, онда иілгіш үшбұрыштың гипотинузасы бұранда сызығын сызады (26.1а-сурет). Мұндағы, πd – катет, α – бұранда сызығының көтерілу бұрышы, Ph – бұранда сызығының қадамы.

Егер жазық фигураны (үшбұрыш, трапеция және т.б.) винттік сызық бойымен сырыққа орасақ, онда бұл сәйкес профильді бұрама болып табылады (26.2с-сурет). Бұрама профильдің формасына байланысты бес түрге бөлінеді: үшбұрышты (26.1b-сурет), кескіш (26.1с-сурет), трапециялық (26.1d-сурет), тіктөртбұрышты (26.1е-сурет) және дөңгелектік (26.1f-сурет).

26.1-сурет. Бұранда сызығы және профильдары.

Винттік сызықтың бағытына байланысты бұрама оң және сол болады. Оң бұрамада винттік сызық сол жақтан жоғары оң жаққа көтеріледі. Сол жақ бұрама керісінше және ол шектелген қолданысқа ие.

Бұраманың кіріс санына байланысты біркірісті және көп кірісті деп бөлінеді (26.2a,b-сурет). Көпкірісті бұрамалар винттік сызық бойымен қатарынан орналасқан бірнеше профильдерді орау арқылы алынады. Бұраманың кірісі оның шетінен қарағандағы орама санына байланысты.

Бұрама қолданысына байланысты мынадай топтарға бөлінеді: бекітуші, бекіту тығыздаушы және қозғалысты беруші.

Бекітуші бұрамалар бұрама босамау үшін үлкен үйкеліспен; жоғары беріктілікпен; технологиялығымен сипатталады, олар үшбұрышты профильге ие болады. Негізінен барлық бекітуші бұрамалар біркірісті болады.

Бекіту-тығыздаушы бұрамалар герметикалық болуды қажет ететін қосылыстарда қолданылады, оларды да үшбұрышты профильдерден жасайды, бірақ радиалды саңылаулар жасалмайды.

Қозғалысты беретін бұрамалар винттік механизмдерде қолданылады және трапециялық профильге ие болады.

26.2-сурет.

Бұрамалардың профильдарына байланысты түрлері:

1. Метрикалық немесе үбұрыш профильді бұрама (26.3-сурет). Бұл бекітуші бұрамалардың ішіндегі көп таралған түрі. Профилі теңбүйірлі үшбұрыш, сәйкесінше .

26.3-сурет. Метрикалық бұрама

Орамдар мен ойықтардың бастары түзу немесе доға түрінде жұмырланады, нәтижесінде кернеу концентрациясы азаяды, бұраманы бүлінуден қорғайды және техникалық қауіпсіздікке сәйкес келеді. Метрикалық бұрамалар (ГОСТ 8724-81) ірі және ұсақ қадамды болып бөлінеді (26.4-сурет).

26.4-сурет. Метрикалық бұраманың орташа диаметрінің ұсақтау коэффицентіне байланысты қадамының өзгеруі.

Негізінде бекітуші бұрама ретінде үлкен қадамды бұрамаларда қолданады, себебі ол жасау қателіктері мен қажалуға сезімтал емес. Ұсақ қадамды бұрамалар бір-бірінен ұсақтау коэффиценті бойынша ажыратылады, яғни үлкен қадамның сәйкес ұсақ қадамға қатынасы арқылы(26.4-сурет). Ұсақ қадамды бұрама бөлшекті аз босатады және өзітежелуі жоғары болады, себебі бұраманың көтерілу бұрышы аз. Ұсақ қадамды бұрамаларды өзгермелі және таңбасы ауыспалы жүктемелер әсер еткен жағдайларда қолданады.

2.Кескіш бұрама. МЕСТ 10177-62 стандарты бойынша дайындалады. Бұрышы болатын теңбүйірлі емес трапеция түріндегі профильді. Жұмыс жасайтын қабырғасының бұрышы . Орамның дөңгеленуі винттің тозуға төзімділігін жоғарлатады, винт-гайка берілістерінде үлкен бір жақты жүктемелердің әсері кезінде қолданылады.

3. Трапециалық бұрама. Винт-гайка берілісіндегі негізгі бұрама, оның профилі бұрышы болатын тікбүйірлі трапеция. ПӘК үшбұрышты профильге қарағанда жоғары. Өзгермелі жүктемелер әсері кезінде қолданылады.

4. Тіктөртбұрышты. Профилі квадрат. Беріктігі төмен. Стандартталмаған. Аз жүктелген винт-гайка берілістерінде қолданылады.

5. Дөңгелек бұрама. Бұрама профильдері қысқа сызықтармен жалғасқан доға түрінде болады. Профильдің бұрышы Жоғары динамикалық беріктікпен сипатталады.