Тақырып. Шлицтік қосылыстар.
Шлицтік қосылыстар деп ступицаның ішкі бетіндегі ойықтарға, дәл сол пішіндес етіп жасалған біліктің тістерінің отырғызылуы арқылы жасалған қосылысты айтамыз. Шлицті қосылыстарды көп шпонкалардан тұратын шпондық қосылыс ретінде де қарастыруға болады.
Шлицтік қосылыстар машинажасаудың барлық салаларында қолданылады, олардың өлшемдері стандарттарлған. Жұмыс облысы ретінде тістердің бүйір жақтары болады.
Шлицтік қосылыстардың шпондық қосылыстарға қарағанда артықшылықтары:
1. Шлицтік қосылыс шпондық қосылыстарға қарағанда берік болады, сондықтан ол ауыр жүк түсетін қосылыстарда қолданылады.
2. Қосылатын бөлшектердің жақсы негізделеді және осьтік жылжуда дәл бағытталады.
3. Біліктерге отырғызылған бөлшектер ось бойымен еркін қозғала алады.
4. Қосылатын бөлшектердің саны азаяды (шлицтік қосылыста екі бөлшек болады, ал шпондықта үш, төрт).
5. Тістерге бірқалыпты жүктеме әсер етуден динамикалық жүктемеге төзімді болады.
6. Бірдей габариттер болғанда үлкен айналдырушы моменттер байланысудың үлкен аудандарының әсерінен болады.
7. Тістер әсерінен вал аз босайды және ступицаның ұзындығы қысқарады.
Шпондық қосылыстарға қарағанда шлицтік қосылыстардың кемшіліктері:
1. Жасау технологиясы күрделірек болады, сондықтан құны да қымбаттырақ.
2. Ось бойымен бағытталған күштерді қабылдай алмайды.
3. Тістердің бірдей дәлдікте жасалмауынан әсер етуші күштер шлицтердің барлығына бірдей таралмайды.
Шлицтік қосылыстар қосылу сипатына қарай білікте бөлшекті бекіту үшін қозғалмайтын және вал бойымен бөлшектің қозғалуы үшін қозғалатын деп бөлінеді (мысалы беріліс қорабындағы тісті дөңгелектер және т.б.), тістер формасына қарай төртбұрышты, үшбұрышты және эвольвенттік деп; валға қатысты ступицаны центрлеуге қарай сыртқы диаметрге центрленген, ішкі диаметрге центрленген және тістердің бүйір қырларына центрленген деп бөлінеді.
Тістер профилі төртбұрышты болатын қосылыстар қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады, тістердің тұрақты қалыңдығына ие, центрлеудің әр түрлі әдістермен жасалады. Центрлену дәлдігі аз болғанда, шамасы үлкен, таңбасы өзгермелі және соққы жүктемелер әсер еткенде қолданылады (карданды білікте және т.б.).
Тістер формасы эвльвенттік болатын қосылыстар қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады. Тіс қисығы эвольвента бойынша сызылған, іліну бұрышы Үлкен айналдырушы моменттерді беру үшін арналған. СТ СЭВ 269-76 старндарты бойынша тістердің бүйір қырларына центрленіп, кейде сыртқы диаметрге центрленіп жасалады. Төртбұрышты шлицтік қосылыстарға қарағанда берік болады, себебі тістерінің саны көп және тіс табанына қарай қалыңдайды.
Тістер профилі үшбұрышты болатын қосылыстар. Қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады, ұсақ тістерден тұрады, тістердің бүйір қырлары бойынша центрлеунуді орындайды. Жұқа қабырғалы ступицалар, босденелі валдар және үлкен емес айналдырушы моменттерді беру үшін арналған.
30.1-сурет. Төртбұрышты шлицтік қосылыстар. 30.2-сурет. Эвольвентті және үшбұрышты шлицтік қосылыстар.